Отан от басынан басталады(сценарий)

1-жүргізуші:

Кеш жарық,ардақты азаматтар,қымбатты әріптестер!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті.Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыспен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы.Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен унін.

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пене сәлем бүгін.

2-жүргізуші

Ағалар біздің арқау асқарымыз

Жолын қуар солардың жастарымыз

Абзал жанды ақылгөй ағаларға

Ілтипатпен иілген бастарымыз

Еңбектерің жемісті қиырды шың боп,

Шапағатты шуақ нұр құйылсын көп,

Шын жүректен құттықтап біз тілейміз

Бар жақсылық,бар бақыт бұйырсын деп,

Отанға адал,елге қайырымды ,отбасына мейірімді болыңыздар.Жүректеріңіз оттай лаулап,жандарыңыз әрдайым жас болсын.Қайратты,мақсатты болыңыздар.Еңбекте табыс,тілейміз.

1-жүргізуші

Меңгеретін бейімдеп мамандыққа

Үйрететін жақсылық,адалдыққа

Балғын жасты баулитын болашаққа

Зор құрмет ұстаз ер азаматқа.

Бүгінгі мерекелік кешіміздің көңілді өтуіне барлығыңыз белсенді қатысуларыңызды сұраймын.

Осы мақсатта әр столдың арасында жүріп отырады.Сайыс нәтижесін кеш соңында жариялаймыз.Ендеше  сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.

1.Өз өнерін көрсету.

2.Ойындарға белсенді қатысу.

3.Өлеңді жалғастыру.

2-жүргізуші

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,

Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе,

Отанның,ел-жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде,-деп ағаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Мектеп-кеме,ес білімнің ескегін,

Әнге толсын,күйге толсын кештерің

Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,

Қол соғады барша әріптестерің -деп,сіздердің құрметтеріңізге тамаша бір ән орындалады.

 

1-жүргізуші

Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,

Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.

Өзіңнен өркен жайып,өнеге алған.

Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың,-дегендей құттықтау сөз беріледі.

Ән:Мұңайма

Сұрақ-жауап ойыны (әріппен)

Белгілі бір әріпті көрсетеді.Жауабыңыз сол әріптен басталатын болуы керек.

1.Есіміңіз кім?

2.Қандай салтты ұнатасыз?

3.Нешедесіз?

4.Осы кешке немен келдіңіз?

5.Қайда тұрасыз?

6.Отбасында неше жан тұрасыз?

2-жүргізуші

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық,мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

1-жүргізу

Мінезіңнің міні жоқ-майда қоңыр,

Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.

Ризамыз пейіліңе дархан аға,

Айырмасын шаттықтан қайран өмір-деп,…..  сынды ұстаздарымызды айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!

2-жүргізуші

Күндеріңіз толсын гүлге,желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен  сіздерді

Өмір думан,бақ әкелсін мереке-деп….қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші

Ел-халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлаудыа әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз.Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.Жігіттерімізге амандық,денсаулық тілейміз.Еңселеріміз биік,мерейлеріңіз үстем болсын.

Әр столдан өнер көрсету

Бұл меоеке әр кездеде батылдық пен ерліктің,қахармандық пен елдіктің нышаны,Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі,ал құрметті ардагерлеріміз,болашақ ұрпақтар үшін,егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері хақ.Ендеше аспанымыз ашық,еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!Мамырдың  мамыражай күндерімен,майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын.

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын,

Бітер дәулеттің көл-көсірлігін,

Келер ырыстың ысырап болмаун,

Жүрек гүлінің мәңгі   солмауын,

Шаңырағыңа шаттық орнауын,

  1. Тәңірдің шексіз қолдауын тілеймін.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *