Ана- өмірдің шуағы
«Ана – өмірдің шуағы»
8-наурыз Халықаралық аналар (әйелдер) мерекесіне орай өзіміздің кішкентай бүлдіршіндермен бірге шағын сынып сағатын өткіздім.
Өткізгендегі мақсатым қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыта отырып, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Балалар әдемі киініп өздерінің аналарына арналған өлең жолдарын айтып, ойындар ойналды. Ер балалар қыз балаға және де өзінің ұстазына жылы лебіздерін білдіріп, қыз балаға сыйлықтарын табыстады. Балаларға қыз баласын ғана емес сонымен қатар нәзік жанды аналарымызды, апа- қарындастарымызды да құрметтеп, ол кісілерді сыйлап, үнемі көмек қолын созу керектігі жайлы тағыда бір мәрте айтылды.
Мичурин орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Смагулова Ақбота Айдарқызы