9 сынып емтихан тарсырмасы Т2
9 сынып Т2 емтиханға арналған тапсырмалар
Қазақстандағы туризм
Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен құралған топ Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.
(316 сөз)
1-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Аймағындағы-__________________________________________________[1]
Бұрыннан – _____________________________________________________[1]
Алғашқы –___________________________________________________[1]
Жетілдіру – _______________________________________________[1]
Айрықша – ___________________________________________________[1]
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:
Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды.
20 ғасырдың 20 – 30-жылдары________________________________________
Жауабы:
20 ғасырдың 20 – 30-жылдары Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар пайда болды.
Алматы қаласында________________________________________________[1]
- 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады.
Алматы өлкетану мұражайы жанында______________________________[1]
- Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды.
В.Г. Горбунов ___________________________________________________[1]
- Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен құралған топ Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды.
Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін ___________________________________________________[1]
- 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды.
Алматыдан Зиминнің бастауымен _________________________________[1]
- Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары _______________________________________________________[1]
- Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті.
Эстафетаны __________________________________________________[1]
- Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.
Туристік-экскурсиялық сапарлардағы _____________________________[1]
- Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады.
Туристік-экскурсия жұмыстарында _________________________________[1]
- Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.
Қазірге дейін жеткен ________________________________________________________________[1]
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
- Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар қашан пайда болды?
________________________________________________________________[1]
- Табиғи-рекреациялық нысандарға қандай нысандар жатады? Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан аймақтарынан кем дегенде бір-бір нысанды жазыңыз?
1_________________________________________________________________2_______________________________________________________________[2]
- Алматы облысының туризмді дамытудағы маңызы қандай? Себебін көрсет?
__________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма | Сұрақ | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | 1 | аумағындағы | 1 | Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды |
2 | ежелден | 1 | ||
3 | тұңғыш | 1 | ||
4 | дамыту | 1 | ||
5 | ерекше | 1 | ||
2 | 1 | 1. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырылды.
Алматы қаласында тұңғыш/алғашқы туристік жорық 1929 жылы ұйымдастырылды |
1 | Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Құрастырушының болжам жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуі қабылданады |
2 | Алматы өлкетану мұражайы жанында/маңында 1930 жылы Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады.
|
1 | ||
3 | В.Г. Горбунов оның алғашқы/тұңғыш төрағасы болып сайланды. | 1 | ||
4 | Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен құралған топ осы жылы/биыл барды . | 1 | ||
5 | Алматыдан Зиминнің бастауымен/басқаруымен 1931 жылы қаңтарда алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды.
|
1 | ||
6 | Ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да қалыптасқан | 1 | ||
7 |
Эстафетаны Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы Қырғызстан командасына табыс етті. |
1 | ||
8 | Туристік-экскурсиялық сапарлардағы тарихи-археологиялық ескерткіштердің орны ерекше | 1 | ||
9 |
Туристік-экскурсия жұмыстарында Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары маңызды орын алады. |
1 | ||
10 | Қазірге дейін жеткен археологиялық-тарихи ескерткіштердің нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы/ерекшелігі зор | 1 | ||
Тіл сапасы үшін бес балл беріледі | 5 | |||
3 | 1 | Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. | 1 | Білім алушының өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар мәтінде айтылған ақпараттар негізінде берілуі керек |
2 | 1. Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау
2. Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы |
1
1 |
||
3 | Алматы облысындағы ұлттық
саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. |
1
1 |
||
Тіл сапасы үшін бес балл беріледі | 5 | |||
Барлығы | 30 |