Мен анамның гүлімін
«Мен анамның гүлімін !» мерекелік ертеңгілік
Мақсаты: адамзат баласын дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ананы сыйлауға, еңбегін бағалауға, аналарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: зал мерекеге сай безендірілген, түрлі- түсті шарлар, әдемі гүлдер, үнтаспа.
Жүру барысы:
Балалар екеуден қол ұстасып залға кіреді. Отыруға барады.
Жүргізуші:
Ертеңгіліктің барысы:
Тәрбиеші: – Құрметті аналар қадірменді қонақтар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған « Мен анамның гүлімін атты » ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!
Мерекемізді бастамас бұрын мектеп директоры . Алимжанов Айбек ағайға сөз береміз.
Жүргізуші :
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық. Еркетай тобының бүлдіршіндерінің кезекті әндеріне бериік.
Ән: Құттықтаймын мама
Жүргізуші: – «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, Балдәурен тобы балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
– Балалар, аналар мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?
Балалар: Көктем мезгілі деп жарыса жауап береді.
Жүргізуші: Дұрыс, жарайсыңдар балалар. Қазір жылдың көктем мезгілі.
– Көктем мезгілінде неше ай бар, қане атап жіберейікші.
Балалар: наурыз, сәуір,мамыр айлары бар. Жарайсыңдар балалар! Көтеріңкі көңіл күймен ортаға
Еркетай тобының биін тамашалайық
Жүргізуші: Балалар, аналарымыз үйде қандай шаруамен айналысады?
Балалар: тамақ пісіреді, кір жуады, қонақ күтеді, бізді бақшаға әкеледі.
Жүргізуіші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше аналарымызға қолдан келгенше көмектесіп жүрейік. Ойнағаннан кейін ойыншықтарды жинап, кішкене бауырларымызға қамқор болып, анамыз дүкенге кеткенде жыламай, қонақ келгенде қонақтың мазасын алмай ақылды да тәртіпті бала болайық.
Жүргізуші :
Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.
Ендеше кезекті әнге бериік.
Кәнекей қошеметтеп Қаналы Айаруды ортаға шақырамыз.
Ән: «Апатайым анашым. Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші
Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын жүзің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші,келші ақ мамам – біздің аналарға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.
Еркетай тобының балаларын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Балалар,сендер үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Нағыз көмекшілеріміздің өнерін тамашалайық. Анасының колқанаты бола білуге тәрбиелеу мақсатында Балдәурен тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Би Вальс
Көрініс
Жүргізуші: Балдәурен тобы балаларының кезекті әніне береміз.
Хор Әже туралы
Жүргізуші : Балдәурен мен Еркетай тобы балаларын өнерін тамашалаңыздар.
Флешмоп Топтық би
Жүргізуші.!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – бүгінгі Мен анамның гүлімін атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718