«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып,
санатына қосудан үлкен мақсат жоқ».
Н.Ә. Назарбаев
«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
Мақсаты мен міндеттері:
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- Елбасының азаматтық, патриоттық портретін баяндай білу дағдысын қалыптастыру.
- Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған буклеттер, бейне таспа, Президенттің ғылыми еңбектері, сабақтың мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. Кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
Кіріспе сөз: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақжолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
Бүгінгі біздің сабағымыз үш топтың сайысы түрінде өтпек.
І кезең: (Үй тапсырмасы) Бұл кезеңде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын сипаттау бойынша сайысады:
1- топ: Қазақстан Республикасының Президентінің – өмірбаяны
2-топ: Қазақстан Республикасы Президентінің – Қазақстан халқына сіңірген еңбегі. БИЛІК РӘМІЗДЕРІ
3-топ: Қазақстан Республикасының Президентінің бірқатар кітаптары мен ғылыми еңбектері.
Әр топ 2 жұлдыз 1 ұсыныс әдісі бойынша бір – бірлерін бағалайды.
ІІ кезең: Бұл кезеңде, Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған өлеңдерді оқып сайысады.
Бұл кезеңде де әр топ бір – бірлерін бағалайды. Әр топқа күн, ай, бұлт таратылады. Сол арқылы бағалау (Күн – өте жақсы, ай – орташа, бұлт – нашар).
ІІІ кезең: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған викториналық сұрақтар және сөз жұмбақты шешіп сайысады.
Балалық шағы:
- Н.Назарбаевтың туған жері, жылы, күні. (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы.
6 шілде, 1940 ж)
- +20
- Елбасының ата-анасының аты кім? Әбіш пен Әлжан
- Елбасының атын кім қойған? (Әжесі Мырзабала)
- Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы қай жерде дүниеге келген? (Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында, Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданының Қасық ауылында молданың отбасында дүниеге келген)
Отбасы
- -10 балл
- Елбасының қанша немересі, шөбересі бар? (7 немересі, 2 шөбересі бар)
- Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы кім? (Сара Алпысқызы Назарбаева)
- Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президенті Қоғамдық қорының директоры…? (Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы)
- Назарбаевтың Білім қорының жетекшісі…? (Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы)
Билік рәміздері
- +10
- Қазақстан Президентінің төсбелгесінде қандай жазу бар? («Қазақстан Президенті» деп жазылған)
- Қазақстан Республикасының Президенті төсбелгіні қай кездерде тағады…? (Ұлықтау рәсімінде, мемлекеттік мерекелерде, әскери парад өткізу және шет мемлекеттердің ресми тұлғаларын қабылдау кезінде тағады)
- «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның оның айырым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы» жарлық қашан бекітілген? (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген)
- Президентіміздің лауазымдық мәртебесі?
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы,Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы,Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы.Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Еңбектері
- Н.Назарбаевтың студенттерге арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)
- Қазақстандағы президент атымен аталатын мұражай… (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы)
- ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ БІЛІМДІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОРЫ… (Назарбаевтың Білім қоры)
- Президентіміздің балалық шағына арналған кино қалай аталады, режиссері кім? («Балалық шақтың аспаны», режиссері – Рүстем Әбдірәшев)
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (ұлт көшбасшысы) атағы қашан берілді? (Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 – маусымда).
ІV кезең: Кері байланыс. . «Не білдік? Елбасы кім?» деген сұрақтарға жауап жазу. Елбасына құттықтау сөздері, ізгі тілектері (4 шумақ өлең) .Әр топ бүгінгі сабақ туралы ой түйеді.
Қорытынды сөз: Міне біздің білім сайысы да мәресіне жетті, дегенмен бүгінгі сабаққа қатысқан топтардың үшеуін де жеңімпаз деп жариялағым келіп тұр, себебі осындай атаулы күнде, үлкен мерекені атап өтуге атсалысқан оқушылардың барлығы да жеңіске жетті.
Қымбатты оқушылар! 1 желтоқсан – Президент күні өте бір маңызды күн. Өйткені жас мемлекетіміз мәдениеті, өнерімізбен, экономикасымен, білім және ғылымымызбен өркениетті елдердің қатарындамыз. Ендігі көздеген мақсатымыз бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарында мейлінше биік орын тебу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар шығады деп үміттенемін.