Адамның дене мүшелері
Мектеп: №257 | ||||||||||||||||||||
Мұғалім:Адбыкалыова Алуа | ||||||||||||||||||||
Сынып: 1
Пән:жаратылыстану Бөлім: Тірі табиғат Бөлімше:Адам |
||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Адамның дене мүшелері | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін анықтау | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
Адам денесінің негізгі 5 бөліктен тұратынын анықтайды. Адам денесі бөліктерін атайды. Көптеген оқушылар: Дене мүшелер қызметтерінің бірнеше функциясын көрсетеді. Кейбір оқушылар: Дене мүшесінің кемістігі бар адамдар бар екенін зерделейді,оларға көмек ережесін құрады |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
· Адамның дене мүшелерін атайды
· Дене мүшелерінің қызметін біледі |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Адам денесінің бөліктері мен атқаратын функцияларын атайды
Пәнге тән лексика және терминология: Қол,аяқ,кеуде,мойын,бас,саусақ,бармақ Диалогке/жазуға пайдалы сөз тіркестері -Біз кімбіз? -Біздің ұқсастығымыз неде? -Біздің айырмашылығымыз неде? -Барлық адамдардың дене мүшелері бірдей ме? |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарды
дарыту |
Сын тұрғысынан ойлау,зерттеу дағдысы,қарым-қатынас жасау қабілеті,денсаулық,достық,айнадағыларға қамқорлық көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру | |||||||||||||||||||
Пәнаралық
байланыстар |
Көркем еңбек,математика-1 саны және цифры,2 саны және цифры | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Дене мүшелерінің атын біледі,көрсетеді,қолдың,аяқтың қызметін біледі. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0-10 мин |
1мин
2мин
7мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Ынтымақтастық атмосферасын құру «Көңіл-күйім керемет» дегендер оң қолын көтерсін. «Сабаққа дайынмын» дегендер сол қолын көтерсін, «Сабақ сәтті болсын» дегендер үш рет шапалақтасын. «Шульманның үш көмекшісі»әдісі арқылы Бастың,қолдың,жүректің суретін көрсетемін. -Балалар,суреттен не байқадық? -Бұлар қандай қызмет атқарады? -Басымызбен ойлаймыз, қолымызбен жұмыс жасаймыз, жүрегімізбен жылы қабылдаймыз.Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? 2.Топқа біріктіру(Ұ) Үстел астына дене бөліктерін жапсырамын. Үстел астындағы суретті алып,топқа бірлеседі.Әр топтың ортасында дене бөліктерінің атауы «бас,мойын», «қол», «кеуде», «аяқ» сөздері тұрады және үстел үстінде бөліктерге бөлінген дене мүшелерінің суреті жатады. Таза параққа дене мүшелерін ретімен жапсырады.(көркем еңбек) |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
26 мин
|
7 мин
2мин
1мин
4мин
2мин
2мин
7мин
|
1.Топтық жұмыс (Т)
«Бірге талқылаймыз» әдісі бойынша 1-топ Суретке мұқият қараңыздар.Кімді көріп тұрсыздар?Дене мүшелерінің қимылына қарап,жауап айтыңыздар. Кім? Не істеп жүр? Қандай құралдың,қай мүшенің көмегімен? Осы әрекетті қайталаңыздар. 2-топ Суретке мұқият қараңыздар.Кімді көріп тұрсыздар?Дене мүшелерінің қимылына қарап,жауап айтыңыздар. Кім? Не істеп жүр? Қандай құралдың,қай мүшенің көмегімен? Осы әрекетті қайталаңыздар 3-топ «Кластер» әдісі бойынша Ойланып, суреттегі сөздерді тиісті мүшемен сызық арқылы қос.
4-топ «Зерттейік» әдісі бойынша Адамның қандай дене мүшелері бар? Оқушының бойы толығымен сиятын ұзындықтағы қағазға сұлба сыздыру.Ол үшін алдымен қағазды жайып қоятын орынды таңдап алып, оқушыға қағаз бетінде қозғалыссыз жатуы керектігін түсіндіру. Оқушылар басынан бастап оның дене кескінін кезекпен сызады. Қалған оқушылар үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын болған сұлбаға дене бөліктерін жазып, қабырғаға іліп, қолдың екеу,аяқтың екеу,кеуденің ,бастың,мойынның біреу екенін тұжырымдайды. Топ баяндамашылары топ жұмысымен таныстырады. Кері байланыс -Қай топтың жұмысы ұнады? -Топта жұмыс жасау ұнады ма? -Жаңадан қандай ақпарат алдыңыздар? Бағалау: Қ.Б жұмысы «Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі
2.Жұппен жұмыс. «Пилот, штурман» әдісі (Ж) Қол нешеу? Оқулыққа қарап қол бөліктерін жаз. Өз қолыңа қарап тағы қандай бөліктер бар екенін жаз.(тырнақ,алақан)
Аяқ нешеу? Оқулыққа қарап аяқ бөліктерін жазыңыз. Өз аяғыңа қарап тағы қандай бөліктер бар екенін жазыңыз.(өкше,тобық,тырнақ)
Не артық? Неліктен? Тағы не қосар едіңіз? (қас,кірпік,шаш) Кері байланыс: -Жұпта жұмыс жасау ұнады ма? -Қандай жетістіктеріңіз бар? Бағалау: Қ.Б жұмысы «Дайын жауап үлгісі»бойынша,жұптар смайликтер арқылы өзін-өзі бағалайды
3.Cергіту сәті «Жасырын сөздер» ойыны 1 адам ортаға шығады, сөз жазылған парақтағы қимылды ым-ишара арқылы жасайды,балалар қайталап жасап,қандай қимыл екенін айтады.
Жеке жұмыс 4.Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (Қ) Бағалау критерийі · Адам денесінің негізгі мүшелерін атайды және олардың қызметін сипаттайды. 1-тапсырма Адам денесінің негізгі мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызыңыз.
Дескриптор: Білім алушы – суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызады; 2-тапсырма Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді сурет астына жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы – суретке сүйеніп, қолмен орындалған әрекеттерді біледі,жазады.
Сараланған тапсырма «Өзің құра»әдісі Суретке қараңыз. Не түсіндіңіз? Мүгедек адамға қарапайым қамқорлық ережесін құрастырыңыз.
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
4 мин |
4мин | Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі
1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»– бірлесу. Кімге көмек бердім, кімді риза еттім? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5 «Кішк. бөбек»-көңіл-күй ахуалы.Сабақта өзімді қалай сезіндім? Әр бала параққа өз алақанының суретін салып,ойларын жазады. |
||||||||||||||||||
Мұғалім қорытындысы |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718