Жануарлардың қандай түрлері болады?

Ұзақ мерзімді жоспар:

Жануарлар

Мектеп:  №257
Күні: Мұғалімнің  аты-жөні:   Абдыкалыкова Алуа
Сыныбы:  1 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қандай түрлері болады?
Оқу мақсаты 1.2.2.2   Жабайы және үй жануарларын ажырату
Сабақ  мақсаты

 

 

 

 

 

 

 

Барлық   оқушылар:
Жабайы жануарларды және  үй жануарларының  түрлерін атайды
Көптеген   оқушылар:

Жабайы жануарлардың үй жануарларынан   қандай   ерекшелігі бар екенін  біледі

Кейбір   оқушылар:

Жануаларды қалай күту керектігін  және бақылау  нәтижелерін жазуға дағдыланады.

Бағалау критерийі 1.      Жабайы жануарларды және  үй жануарларын  атйды

2.      Жабайы жануарларды және  үй жануарларын  топтайды

Тілдік   мақсаттар:

 

 

 

Оқушылар:

Жабайы жануарлармен  және  үй жануарларының ерекшелігі мен  айырмашылығын атай  алады.

Жануарлардың  негізгі сипаттарын   атайды.

Пәнге   тән  лексика  және терминология:  Жануар,  жабайы  және үй  жануары,  қорек
Сыныптағы  диалог:/ жазылым үшін пайдалы тілдік  бірліктер:

-Біздің сыныптың  оқушыларында қандай  үй жануарлары  бар?

-Қандай  жабайы  жануарларды  білесіңдер (көрдіңдер) ?

Құндылықтарды  баулу Оқушыларды  бір-біріне құрмет  көрсетуге, жауапкершілікке,  сыйластыққа,  қамқорлыққа   баулу
Пәнаралық  байланыс Дүниетану
Бастапқы   білім Жануарлар  туралы  жалпы  түсінік  қалыптасқан
Сабақ  барысы  
Сабақтың  басы Ұйымдастыру  кезеңі

1.      а)  сәлемдесу,  сабаққа дайындығын  тексеру

ә) ынтымақтастық атмосферасын  құру

-Оқушылар   бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?

Барлығымыз стол үстіндегі  смайликтен   осы   сәттегі  көңіл  күйімізді  көрсетеміз.

Жарайсыңдар,  бүгін   менің  де  көңіл  күйім де  жақсы,  сіздерге  бар   ынталарыңызбен  жұмыс  жасауларыңызды   тілеймін.

 

Ширату  жаттығулары:

Бейнефильм  «Ферманың  күнделікті  тіршілігі»

«Сиқырлы  сұрақтар» әдісі

1. Бейнефильм   не  туралы екен?

2.Жануарларды  қалай  күту  керек?

3.  Жануарлардың  мекен жайы туралы  не  айтар едің?

 

 

Топқа   біріктіру:

Оқушылар  үй  және жабайы  жануарлардың  суреттерін  таңдау  арқылы   2 топқа  бөлінеді.

1 топ  үй  жануарлары

  2 топ  жабайы жануарлары
Сабақтың  ортасы Топтық  жұмыс

1-      топ тапсырма  «Жануарларды  топта»

 

 

Жабайы және үй  жануарларының  суреттері   берілген, сол арқылы  жануарларды топтайды

Суреттерге  мұқият  қара

Олардың  қайсысы  өз бетінше  тіршәләк ете  алады?

Қайсысына  адамдар қамқорлық   жасайды?

2-топ  тапсырма «Сәйкестендір»

Жануарларға өз  қораларын табуға,  азығын  табуға  көмектес.

Кері  байланыс:

Бағалау: Басқармақ  әдісі  бойынша  бағалайды.

Өте   жақсы,   жақсы,   нашар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті:

Ормандағы  аюдың

құлпынайы  көп  екен,

теріп-теріп  алайық,

қалтамызға  салайық.

 

 

 

 

Жұптық   жұмыс:

1-тапсырма:    Қатарды  толықтыр  әдісі

Суретке    мұқият  қараңыз.

Әр  топтағы  жануарлар  тобын  атаңыз

Бос орынға сол топқа  жататын  жануарлардың  суретін   салыңыз

 

 

Жұптар  бірін-бәрә  смайликтермен  бағалайды

Кері  байланыс:

Жеке  жұмыс:

Тапсырма:

Адасқан   жануарлардың  суреттерін қиып  алып,  тиісті   бағанға  желімде. Қалыптастырушы   бағалау

Дискриптор:

1.Жабайы   жануарларды  анықтайды  және  тиісті бағанға орналастырады.

2.  Үй  жануарларын  анықтайды  және  сәйкес  бағанға орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау: Оқушылар  бірін- бірі   бағалайды, мұғалім бағалайды.

Сабақтың  соңы Сараланған  тапсырма:  «Ойлан,  тап»

1.Неліктен  итпен  қасқыр  бір-біріне  ұқсас

2.Қандай  жануарлар  күтімді  қажет  етеді.

 

Рефлексия

 

«Күн  шапағы»

 

Күн дөңгелегіне  сары  және көк  тармақтарын  жапсыру

 

Сары  түс-маған сабақ  ұнады, көптеген ақпарат алдым

 

Көк  түс-маған  сабақ  ұнамады, пайдалы  ақпараттар  ала  алмадым

Қосымша  ақпарат
Саралау-Сіз  қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз  қабілетті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылырдың   үйренгенін  тексеруді қалай  жоспарлайсыз? Денсаулық   және  қауіпсіздік  техникасын сақтау
Топтық ,   жеке   жұмыстар  арқылы оқушыларға өзара   қолдау,  көмек  көрсету  жүзеге  асырылады Оқушылар жеке, топтық,  жұптық  жұмыстарда   бағаланады

«смайликтермен»

«Басқармақ  әдісі»  арқылы   бағаланады

Оқушылардың  дұрыс  отыруларын,  оқу  құралдарын  ретімен  пайдалану  қадағаланады.
Рефлексия Төмендегі  бос ұяшыққа  сабақ  туралы  өз пікіріңізді   жазыңыз.

Сол   ұяшықтағы  Сіздің  сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға  жауап  беріңіз.

Қорытынды  бағамдау

Қандай  екі  нәрсе табысты  болды(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз) ?

1:

 

2:

Қандай  екі  нәрсе сабақты  жақсарта  алады(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз) ?

 

1:

 

2:

 

Сабақ  барысында  мен  сынып немесе  жекелеген оқушылар  туралы менің  келесі  сабағымды  жетілдіруге   не   көмектесетінін   білдім.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *