Біз еңбекқор баламыз

КМҚК «Жазира» балабақшасы.

«Гүлдер» ІІ-кіші тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:Кариева Гулжан Алихановна

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: Ертегі кейіпкері Бауырсақты салуды үйрету.Дөңгелек пішіндерді салу икемдерін жетілдіру.Суретті ұсақ бөлшектермен толықтырып,кейіпкердің көңіл-күйін бере білуге үйрету.

Билингвальді компонент: Ата-дедушка,Әже-бабушка,қоян-заяц,қасқыр-волк,аю-медведь,түлкі-лиса.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Ұйымдастырушы -қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шаттық шеңбер»

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой!

Ал, канекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге

«Сәлем сөздің анасы,

Сәлем берер әр

қазақтың баласы- »

демекші  алдымен қонақтармен сәлемдесіп аламыз .

Тәрбиеші:

«Жақсы сөз жарым ырыс» дейді дана халқымыз, ендеше бірі-бірімізге жақсы-жақсы тілектер айтайық.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.

 

Сәлеметсіздер ме?

1-бала:  Аспанымыз ашық болсын!

2-бала: Дос болайық !

3-бала: Қайырлы таң!

4-бала: Тату-тәтті болайық!

5-бала: Әрқашан күн сөнбесін!

6- бала: Анамыз қасымызда болсын!

7-бала: Ойыншықтарымыз көп болсын!

8-бала: Деніміз сау болсын!

9-бала:Апайларымыз аман болсын!

10-бала: Сабағымыз сәтті өтсін!

 

Ұйымдастырушылық ізденімпаздық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекстік-түзету

Тәрбиеші: Ендеше, балалар ертегілер еліне енеміз. Балалар сендер басқа қандай ертегі білесіңдер ? Бүгінгі сендермен еске түсіретін ертегіміз «Бауырсақ» ертегісі Теледидардан ертегіні көрсете отыра, балаларға түсіндіру.

Балалар, осы «Бауырсақ»

Ертегісінде қандай кейікерлер бар?

Ертегі не жайында екен?

-Бауырсақты кім пісіреді?

-Бауырсақ қандай әрекет жасады?

-Оның бұл іс дұрыс па?

-Ол жолда кімдерге кез болады?

-Түлкі бауырсақты қалай жеп қояды?

 

Олай болса балалар, атай мен әжейге жоғалтып алған  жол бойында домалап келе жатқан бауырсақтың сурет салып бере аламыз ба?

Балаларға суретті салу жолдарын көрсетіп, үйретемін.

Балалар олай болса қолымыз шаршап қалған шығар орнымыздан тұрып сергіп алайық. Бауырсақтың биін саламыз

Сергіту жаттығу

Атайдан да қаштым,

Әжейден де қаштым.

Енді сеннен құтылу оңай қоян

Дидактикалық ойын:

Ойын шарты:

Балалар үстел үстіндегі суреттер бойынша осы ертегідегі кейіпкерлерді құрастырады.

Қорытынды жасау:

-Балалар, бүгінгі сурет сабағымызда біз нені бейнеледік?

Бауырсақ қандай болады?

-Бауырсақты әжеміз неден жасады?

-Балалар, сендер бауырсақтың ісін қайталамау үшін қандай болуларың керек?

Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

 

Балалардың жауабы:

(Бауырсақ, ата-әже, қоян,аю,қасқыр,түлкі)

Бауырсақ жайында

Әжей пісірді

Ата- әжесінен қашып кетті

Дұрыс емес

Қоян,қасқыр,аю,түлкіге

Түлкі бауырсақты тұмсығына отырғызып жеп қояды.

 

 

 

Ия,балалар саламыз

 

Балала суретті салуға кіріседі.

 

 

 

 

Балалар орындарыннан тұрып бауырсақтың биін салып жаттығу жасайды.

 

 

Балалар ойынды қызығушылықтарымен ойнайды

 

 

 

 

Ертегі кейіпкері «Бауырсақ»

 

Ұннан жасады.

 

 

Ақылды болуымыз керек.

Білу:            Бауырсақ ертегісі туралы түсініктерін қалыптастыру

Игеру:         Дөңгелек пішінді бауырсақты бейнелеп, бояп үйренуі

Меңгеру:     Таза, ұқыпты суретті салулары.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *