“Анамызға мың алғыс”
Музыка әуенімен балалар залға кіреді
Жүргізуші:
Ана – дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана – деген бәйтерегі өмірдің
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
– Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар! Көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.
Тақпақтар: Баян, Дидар, Б.Айзере, Марсель, Ханзада.
(Бопи шығып кетеді)
Ән: “Анамызға мың алғыс”
(Балалар орындарына отырады)
(Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек: Мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатыр едім мына жаңбырдың жауып кеткені – ай. Ой мен мұнда қайдан тап болдым?
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар бізге қонаққа Қызыл телпек келіп қалыпты. Қош келдің, Қызыл телпек. Сен мұнда қайдан жүрсің?
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен әжемнің үйіне бара жатыр едім, жаңбыр жауып кетті.
Жүргізуші: Қызыл телпек, сен уайымдама, Жаңбыр басылғанша балалардың аналарына арналған тақпағын тыңда.
Тақпақтар: Ерсұлтан, Камила, Бейбіт, Қ.Айзере, Ернар.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар. Сендер тақпақты жақсы айтады екенсіңдер. Жаңбыр басылып, күн шықты. Енді менің де кететін уақытым болды. Әжем де күтіп қалған болар. Бырақ мен мына шалшықтардан қалай өтемін?
Жүргізуші: Қане балалар, Қызыл телпектің шалшықтан өтуіне көмектесейік. Қызыл телпек сен біздің балалармен ойын ойнап, шалшықтан қалай өтіп кеткеніңді де байқамай қаласың. Қанекей балалар Қызыл телпекпен ойын ойнайық.
Ойын : “Шалшықтан секіру”
(Дидар, Марсель, Ханзада, Сағынай, Қ.Айзере, Бейбіт)
Қызыл телпек: Рахмет сендерге балалар. Мен сендердің көмектеріңмен шалшықтан да өтіп кеттім. Енді әжеме барайын. Ал балалар сендер мерекені орманда өткізгілерің келе ме? Кездескенше.
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Ендеше балалар, біз орманға жол тартайық. Қанекей барлығымыз көзімізді жұмайық. (көздерін жұмады).
(Орманға келеді, көздерін ашады).
– Ой балалар, айналамызға көз тастайық. Қандай керемет, айнала жап-жасыл, түрлі-түсті гүлдерге көмкеріліп қалыпты ғой. Құстардың дауысына құлақ салайықшы.
(Көктем келеді)
Көктем:
Мен көңілді Көктеммін
Былтыр келіп кеткенім,
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер мұнда қайдан жүрсіңдер?
Жүргізуші: Армысың Көктем ханшайымы. Біз сені асыға күттік. Балалар, бізді орманда Көктем ханшайымының өзі қарсы алды.
Көктем: Балалар, сендер мені сағынған боларсыңдар. Мен сендерге өзімнің жылы шуағымды, нұрлы жаңбырымды, әдемі гүлдерімді, сайраған құстарымды алып келдім. Мен сендерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймын. Аналарымыз аман болсын.
Жүргізуші: Көктем ханшайымы, біздің балаларымыз аналар мерекесіне өздерінің тақпақтарын, билерін дайындады. Саған да әдемі әніміз бар. Қанекей балалар, әнімізді шырқап берейік.
Ән: “Көктем”
Көктем: Жарайсыңдар балалар, әндерің маған ұнады. Тағы қандай өнерлерің бар.
Тақпақтар: Інжу, Аслан, Сағыныш, Диас, Алинұр.
Көктем: Ой, мұндада керемет гүлдер өсіп тұрғой. Осы гүлдермен би билеп мен өзімнің өнемірді сыйлаймын.
Би: “Гүлдер”
Жүргізуші: Қандай керемет би.
Көктем: Балалар мен сендермен 3 ай болатыныма қуаныштымын. Мен сендердің өнерлеріңе ризамын. Көктем мезгілінің келгенін сезіндіру үшін менің баратын жерлерім көп. Аналарыңды мерекесімен тағы да құттықтаймын. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Балалар мынау ненің даусы? (Ызыңдаған аралардың даусы шығады)
(Ара мен көбелек ұшып келеді)
– Ой, біздің жұпары аңқыған гүлдерімізге көбелектер мен араларда кеп қалыпты.
Ара: Сәлеметсіңдер ме балалар, мына исі аңқыған гүлдерді алыстан сезіп келдік.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, біздің гүлдер әдемі, исі де сондай керемет. Бізді Қызыл телпек әжесінің үйіне қонаққа шақырған. Сендер алдымен гүлдерге қонбас бұрын біздің балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын тыңдаңдар.
Тақпақтар: Іңкәр, Сейіткәрім, Айару, Шапағат, Махаббат.
Көбелек: Қандай керемет тақпақтар. Жарайсыңдар. Мұнда біздің достарымызда бар екен. Біз екеуміз солармен би билесек.
Би: “Аралар мен көбелектер”
Ара: Біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Сендер өнерлі екенсіңдер, біз енді ары қарай ұшайық, әлі ұзақ ұшуымыз керек. Сау болыңдар.
(Бопи шығып кетеді)
(Қызыл телпек әжесімен келеді)
Жүргізуші: Балалар, міне Қызыл телпектің әжесінің үйіне де келіп жеттік.
Әже: Амансыңдар ма балаларым. Менің немеремнің сөзін жерге тастамай қонаққа келгендеріңе ризамын. Қош келдіңдер.
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар демекші келесі құттықтауды әжелерге арнаймыз. Әже, балалардың сізге арнаған әні бар, қабыл алыңыз.
Ән: “Әже”
Әже: Ой қандай тамаша ән, көп рахмет сендерге.
Жүргізуші: Әжетай, біздің балаларымыздың осымен біткен жоқ, сіз біздің биші ұлдарымыздың да өнерін тамашалап көріңіз.
Би: “Қуырмаш”
Қызыл телпектің әжесі балаларға ризашылығын білдіріп, сыйлығын таратады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, аяулы аналар Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Дендерңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Сау саламатта жүздесейік.