Бірлік бар жерде – тірлік бар

 

           

 

 

            Молдашева Анар Сатылгановна

Жамбыл облысы  Тараз қаласы

№36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшасының  жоғары санатты тәрбиешісі  

Тақырыбы:  «Бірлік бар жерде – тірлік бар»

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет

 Өткізу формасы: Кіріктірілген.

Мақсаты:

Біліктілік:  тәрбиеленушілерге  достық , татулық туралы түсінік беру , қаламызда әр түрлі ұлт өкілдері тұратынын айту,  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы түсінік беру, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін , арамызда көп жылдардан бері  татулық, достық орын алғандығын,  достық, ынтымақ сөздерінің маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: тақпақтар жаттату  арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру , ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: тәрбиеленушілерді  қоршаған ортамен таныстыра отырып , Қазақстанда тұратын    ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, отансүйгіштікке, құрмет сезімін білдіре алуға ,  сыйластыққа, эстетикалық сезімдерін және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Ассамблея, орыс, өзбек, татар.

Билингвальді компонент: ұлт-национальность, достық-дружба, ынтымақ-единство, татулық-дружба

Көрнекілік: интерактивті тақта, сурет дәптер, суреттер, бейнежазба.

Керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, Достық туралы суреттер, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-мысалды әдіс.

Оқу іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту кезеңі «Жүректен жүрекке»

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз.

Бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-іздену Балалар, Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Біздің елімізде көптеген ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қиын кезеңдердерде біздің ата-бабаларымыз  шеттен келген өзге ұлт өкілдерін құшағын жайып қарсы алған. Жүректері жомарт, алақандары ашық , мейірімді қазақтарә лі де  өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. Достық туын биік ұстаған  біздің бауырлар  өзбектің биіне дөңгелене билеп , ұйғырдың тамағын тамсана жеп , орыстың  «Частушкиін» әуелете айтады.

1-бала:

Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Еңбекті де сүйіңдер.

2-бала:

Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

 3-бала:

Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.

4-бала  

Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

Жүргізуші : Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, өзбек  биін тамашалауға шақырамыз.

Өзбек ұлтының биі «Андижанка»

5 -бала
:

 Мы дружной семьей живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов.

 

6 –бала

 Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

7-бала

Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

Орыс ұлтының әні «Частушки»

Дружба дружбою зовется,

Когда в дружбе той нет дуг.

Дружба дружбою зовется,

Когда ты – хороший друг!
Всех друзей мы собираем:

Дружба наша ведь крепка!Мы друг дружку выручаем, -Дружба наша на века!Наша дружба братскаяСнова всех собрала нас.Эх, по жизни выручала,Ведь она – не напоказ!

8- бала

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

«Мен қазақпын» әні

Сергіту сәті: 

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

 

Ойын «Тағамның аты қандай? »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Боямақпен жұмыс. Суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, сәйкес түспен бастырып, бояуды ұсынамын.

Тыңдайды

 

 

 

Зер салады

Бірге қайталайды

Тыңдайды

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірге жаттығу орындайды

Тыңдайды

 

 

Тағамның атын табады.

 

Рефлексифті-түзету Оқу қызметінен  алған әсерлерін сұраймын. Айтады

 

Күтілетін нәтиже:

Білім:   достық , татулық туралы түсінік алды

Білік: көпұлтты мемлекет , Ассамблея туралы көп мағлұмат  алды

Дағды: өлеңнен түсінгендерін айтуға дағдыланды

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *