Үйдегі қауіпсіздік ережелері
Пәні: Дүниетану
Ортақ тақырып: Дені саудың-жаны сау Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам Күні: Сынып: 1 «А» |
Мектеп: №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі
Мұғалімнің аты-жөні: А.Жүсіпбекова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Үйдегі қауіпсіздік ережелері 84-85 бет | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты |
1.1.4.3.үйдегі қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
1.1.4.6.шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау. |
|||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: үйдегі қауіпсіздік ережесін түсіне отырып, шұғыл көмек қызметкерлерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтайды.
Көптеген оқушылар: шұғыл көмек қызметкерлерімен хабарласу жағдайларын анықтай келе, қауіптің алдын алуды біледі. Кейбір оқушылар: Жер үй мен көп қабатты үйлердегі қауіпті заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын зерттеп, дәлелдеп айтады. |
|||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | · Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды
· Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: үйдегі қауіпті заттарды ажыратып, қауіпсіздік ережесін құрастырады. Түрлі қауіп жағдаяттардың жолын тауып, шұғыл көмек қызметкерлеріне қоңырау шала алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: қауіп-қатер; жазатайым жағдай, шырпы. Қауіп-қатер дегеніміз – табиғаттан және қауіпті заттардан туындайтын адамға зиянын келтіретін жағдай. Жазатайым жағдай дегеніміз – адамның денсаулығына немесе өміріне залал келтіретин оқиға. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: –Үйде қандай қауіпті заттарды білесің? – Неге оларды қауіпті заттар деп атаймыз? -Оларды қалай қолданамыз? – Қандай шұғыл көмек қызметтерін білесің? |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар қауіпсіздік ережелерін құрастырып, қандай да бір қауіптің алдын алу жолдарын біледі. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу, сауат ашу.
|
|||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | «Балапан» телеарнасындағы «Оп-оңай» бағдарламасынан үзінді | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Үйдегі кейбір қауіпті заттарды біледі. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы
1 мин
2 мин
2 мин |
І. Ұйымдастыру Балалармен амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау.
Оқушыларды топқа бөлу. Топқа түстер арқылы бірігеді. Ол түстер топ аттарымен тығыз байланысты. Қызыл түс – «Өрт сөндірушілер» тобы, ақ түс – «Жедел жәрдем» тобы, көк түс – «Құтқарушылар» тобы.
Балалардың зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында жұппен ширату жаттығуларын орындайды.
Тапсырма №1 «Миға шабуыл» « Бұл не?» ойыны (Ж) Шарты: балаларға сіріңке көрсетіледі. Балалар бұл не екенін айтады. Осы сіріңкенің зияны мен пайдасын жұптасып жазады.
ҚБ: Бас бармақ
«Есіңде болсын!» «Балапан» телеарнасындағы «Оп-оңай» бағдарламасынан үзінді.
Оқулықпен жұмыс. 84-бет, суретпен жұмыс.
|
Қызыл,ақ, көк түсті стикерлер
бейне- материал |
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 мин
10 мин
1 мин
8 мин
2 мин
2 мин
4 мин
2 мин |
№1 тапсырма. «Қауіпті және қауіпсіз» ойыны (Ұ) Шарты: Оқушылар ортаға шеңбер болып тұрады. Қорапшадан кез-келген оқушы қағазды алып оқиды. Оқушылар сөйлеммен келіссе ортаға шығады, келіспесе орнында қалады. ü Үтікпен аспандағы бұлтты үтіктеймін. ü Пышақпен өзен, теңіздерді кесемін. ü Газ плитаны шырпымен жағамын. ü Пышақпен қауынды, нанды кесемін. ü Шырпыны жағып ойнаймын. ü Үтікпен киімімді үтіктеймін.
ҚБ: «Бас бармақ»
№2 тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны (Ж) Қолдауды қажет ететін оқушылар, «Қызыл нүкте» әдісі Тапсырма: үйдегі қауіпті заттардың ішінен өрт тудыратын заттарды тауып, дөңгелекті қызыл түспен боя
Көпшілік оқушылар , «Адасқан суреттер» әдісі Тапсырма: қауіпті заттар бейнеленген суреттердің нөмірін жұмбақтың сипаттау белгісіне қарай жаз.
Кейбір оқушылар, «Венн диаграммасы» әдісі Тапсырма: жер үй мен көп қабатты үйлердің ішіндегі қауіпті заттарды ата. Ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, дәлелде.
Дескриптор – өрт тудыратын заттарды қызыл түспен бояйды – суретті жұмбаққа байланысты сәйкестендіріп жазады. – жер үй мен көп қабатты үйдің айырмашылығын дәлелдейді. ҚБ : «Жұлдызшалар беру»
Сергіту сәті. Бір, екі үш, төрт пәтерде болып жатыр өрт, Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу үтікті. Қызыл жалын лаулады, демек шырпымен біреу ойнады. Тек тұрғаның жарамас, тез 101-ге сен хабарлас Өртке оранды шатыр, Өрт сөндірушіні шақыр
№3 тапсырма «Жол таба біл» «Қағып ал» ойыны (Ұ) Шарты: 3 топқа шұғыл көмек қызметкерлерінің телефон номері жазылған конверттер таратылады. Конверт ішінде берілген сұрақты топ болып ақылдасады. Мұғалім доп лақтырады, қай оқушы қағып алса, жауап беруге топтан сол оқушы шығады. Оқушы жағдаятты шешу жолын айтып, телефон номерімен жағдаяттың қандай байланысы бар екенін айтады. 101 -Сен үйде жалғызсың. Кенет пештен шоқ түсіп, үй өртене бастады. Сен не істейсің? (егер сенде телефон жоқ болса не істейсің?) 102 Сен үйде бауырың екеуің отырсыңдар. Бір кезде есікті біреу қағып, есіктің сыртынан өзін құбыр жөндеушімін деп таныстырды.Сен не істейсің?
103 Сен бауырыңмен үйде отырғанда 2 жасар кішкентай бауырың байқаусызда дәрі ішіп қойды. Сенің іс әрекетің қалай болады
Дескриптор -Жағдаяттан шығу жолын табады. -Жағдаят пен телефон нөмірінің байланысын анықтайды. ҚБ: Топты бағалау
«Абайла қауіпті». Ө. Дәптермен жұмыс 59-жұмыс парағы, 61 бет
Қб: Смайликтер
Дидактикалық ойын. «Бағдаршам» Шарты: Айтылған ойға «ойланам»-сары түсті, «жоқ»-қызыл түсті, «иә»-жасыл түсті сәйкесінше көтереді. -есіктен шығуға ерінсем, терезеден шыға саламын; -үйге қонақ келеді десе, бөлмемді өзім жинастырамын; -көршінің баласын үйге кіргізбеймін; -бос шәйнекті тоққа қоса саламын; -кішкене ініме ойнауға шанышқы бермеймін; -ауырсам, емделуге кез келген дәріні іше саламын; -үйде электр жарығын күн ұзағына жағып қоямын. Қб: Өзіндік бағалау.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы «Суреттер сөйлейді» әдісі (Ө)Шарты: тақтадағы ілінген суреттерге қарап үйдегі қауіпсіздік ережесін құрады.
– Электор құралдарын розеткаға жақындатуға, қосып кетуге болмайды -Сіріңкемен ойнауға болмайды. -Газды қолданған соң үнемі жауып отыру керек. -Суды өшіріп жүр. -Үшкір, өткір заттармен ойнама. – Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріге тиіспе. – Үлкендерсіз терезені ашпа, терезеге шықпа.
Дескриптор
ҚБ: Мадақтау
«Қауіпсіздік ережелері». Ө. Дәптермен жұмыс 60-жұмыс парағы, 62 бет
Қб: Жұлдызшалар беру |
Қорапша, сөйлемдер жазылған қағаздар
1
2
3
4
5
6
суреттер
|
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
3 мин |
Рефлексия «Алма ағашы». Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлері және түсінгендері бойынша үш түсті алманы алма ағашына жабыстыру. Қызыл түсті алма-түсіндім, құрттаған алма-түсінбедім, жасыл алма-түсіне алмадым. | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
Қолдауды қажет ететін оқушыларға «Қызыл нүкте» әдісі арқылы үйдегі қауіпті заттарды тауып, дөңлекті қызыл түспен бояйды. Суреттердің ішінде күнделікті үй жағдайында қолданып жүрген заттар бейнеленген.
Көпшілік оқушылар «Адасқан суреттер» әдісі арқылы қауіпті заттар бейнеленген суреттердің нөмірін жұмбақтың сипаттау белгісіне қарай жазады. Кейбір оқушылар «Венн диаграмамасы» арқылы жер үй мен көп қабатты үйлердегі қауіпті заттарды атайды. Ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, дәлелдейді. Жер үй мен көп қабатты үйлерде қандай қауіп болатындығын айтады.
|
Оқушылардың бүгінгі сабақты меңгергендігін «Қауіпті және қауіпсіз», «Кім жылдам?» «Жол таба біл», «Бағдаршам», «Суреттер сөйлейді» тапсырмаларын орындау барысында білемін. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындағанда оқушылар үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды. Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды.
Сабақтың өн бойында тапсырмаларды орындауын «Смайлик», «Басбармақ», «Жұлдызшалар», мадактау, марапаттау арқылы бағалап отырамын. Бағалаудың бұл түрлері оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, қатені дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. |
Сергіту сәтін орындау барысында, топтық жұмыс кезінде қарастырылады. |
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718