Үй жануарлары мен төлдері
Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері
Мақсаты:
Түзете-білімділігі: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру.
Түзете-дамытушылығы: Жұмбақтарды шешу арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Түзете-тәрбиелігі: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қаруға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету,ой қозғау әңгімелеу.
Көрнекілігі: үй жауарларының суреті, ойыншықтар.
Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Жұмбақ: Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. (көктем)
- Сонымен қзір жылдың көктем мезгілі екен. Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
- Көктем айларын саусақпен санап атайық.
- Наурыз , сәуір, мамыр.
- Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатын еді?
- Күн жылынып, жер қыздырады. Күн ұзарып, түн қысқарады. Ағаштар бүршік атады. Жануарлар мен жәндіктер қысқы ұйқыдан ояна бастйды. Жануарлар төлдейді.
- Балалар үйде сендерді әжелерің еркелете ме? Қалай еркелетеді?
- Құлыным, ботам, қошақаным, балапаным.
- Олай болса, балалар, бүгін біз үй жануарлары және олардың төлдері туралы әңгімелесеміз. Үй жануарларына не жатады?
- Түйе, сиыр, жылқы, қой.
- Ендеше, олардың әр қайсысына тоқталып өтейік.
- Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан. (түйе оның төлі – бота)
- Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт сылдырмағы бар,
Бір сыпырғышы бар. Ол не екен? (сиыр, төлі-бұзау)
- Өзі сұлу, өзі жүйрек,
Жарысады желменен. Ол не екен? (жылқы, төлі – құлын, құлыншқ)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой, төлі-қозы)
Сергіту сәті: Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрды.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Балалар үй жанурларының төлдерін туып, тақтадғы \суреттегі енелерінің жанына қытырады.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын құрстыру»
Балалар үстелге екі-екіден бөлініп, қима қағаздан қойды құртырады, жылқыны, түйені, сиырды құрастырады.
Қорытынды: Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Балалардың алдына үй жануарлры мен жабайы аңдар қойылады, балалар жабайы аңдарды алып тасту керек. Қалған жануарларды бір бірден ипаттйды, олрдың адамға пайдсы турлы айтады.