Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.
Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ІІ. Сәндік-қолданбалы өнер
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Дюзелбаева Гулжихан Утаралиевана
Сынып: 6 «А» Қатысқандар:15 Қатыспағандар:0
Сабақ тақырыбы Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме) 6.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.
Сабақ мақсаттары
Қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі қолөнер туындыларының тоқу тәсілдері мен техникаларын таныстыру.
Бағалау критерийлері Көпшілігі біліді: қазақ халқының ұлттық қолөнері мен дизайн туындыларының шығу тарихын біледі.
Барлығы біліді: қарапайым шалуларды біледі.
Кейбірі біліді: ілмек біздің түрлері мен тоқу техникаларын ажырата алады.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:
Тоқу – Плетенеие – Weaving
Макраме – Macrameс
Шалау түрлері – Виды петель – Types of knots
Ілмекпен тоқу – Плетение с крючком – crochet
Құндылықтарды дарыту 1. – Еңбек және шығармашылық;
– Патриоттық және ұлттық сезімді оята отырып ұмыт болған тоқу өнерін жаңғырту;
Пәнаралық байланыстар Тарих,бейнелеу,математика.
АКТ қолдану дағдылары Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.
Бастапқы білім Визуалды өнер туралы мағлұматтар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Психологиялық дайындық әрі топқа бөлу қатар жүреді, топ басшыларын сайлап алады, олар өз топтарын бағалап отырады.
Шаршы: Шыдамды, ерекше тиянақты, көздеген мақсатына жетпей қоймайды, мұндай адамдардан керемет маман иесі шығады.
Үшбұрыш: Мақтағанды сүйетін, өзінің пікірін жөн деп санайды, бірақ бәсекеге қабілетті қарсылас.
Шеңбер: Мейірімді, ашық мінезді, өзгенің қуанышына қуана алады, дау – дамайды ұнатпайды.
Геометриялық фигуралар
Сабақтың ортасы
25 инут 1-Тапсырма.СҚӨ бұйымдарының иллюстрацияларын қарап және бейне таспаны көріп тақырыпты ашады,сұрақ-жауап арқылы.
2 – Тапсырма. Тоқу өнері туралы түсінік беру;
Тоқу өнері – қазақ халқына тән, ежелден келе жатқан, ең алғашқы киімі мен үй жабдықтары: алаша, шұлық, қолғап , т.б сынды бұйымдарды иірім жіптермен тоқыған. Осы тоқу үстіндегі түрлі – түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеру адамның талғамын, шеберлігін, ой – өрісін жетілдіріп, көркемділікті сезіну қабілетін үнемі дамытып отырған. Тоқу өнеріне таспамен, сумоншақпен,жіппен , макрамемен, газетпен, сабанмен,шимен тоқуды жатқызуға болады.Тоқудың мынадай түрлері: таспамен,жіппен,шимен тоқу қазақ қолөнеріне тән
• 1-топқа мәтін СҚӨ түрлері.
• 2-топқа мәтін Жіптердің түрлері.
• 3-топқа Ілмектің түрлері.
(ҚБ)ДЖИГСО стратегиясы бойынша постер қорғату
3-Тапсырма Нақ нұсқа арқылы балалардан ілмекпен тоқу құралдарын ажырата алатынын сұрау.
4-Тапсырма.Тоқу тәсілдері мен техникаларымен таныстыру және көрсету.
Ілмек бізбен іліп тоқудың негізгі элементтері:
1.Бос шалу
2.Шалмасыз бағанша
3.Шалмалы бағанша
Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.
Шалманың пайда болуы.
1-бос шалу, 2- бос шалу тізбек.
Бос шалу тізбегі бұйымың төмендегі шетін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға өткенде, өрнек тоқығанда қолданылады.
Шалмасыз бағанша— беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмек бізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмек бізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады. (сурет)
Шалмалы бағанша – Ілмек бізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады. Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.
Қаусіпсіздік ережесін еске түсіру мақсатында оқушылардан сұрау, білмегенін толықтыру.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.
3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4. Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.
5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.
6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.
7. Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.
1. Венн диаграммасы арқылы тоқу өнері мен тігу өнерінің ұқсастықтары, айырмашылықтары және ортақ қасиеттерін салыстыру қажет.
2. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестерді қолдана отырып ойды аяқтау :
• Мен тоқудың мына тәсілін таңдаған себебім, …(саусақ икемдерін дамытады,зейінді шоғырландырады, математикалық ойлау дағдыларын арттырады)
• Тоқудың мынадай түрлері:… қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.(Таспамен,жіппен,шимен тоқу)
• Мұғалім оқушыларды қолдау әрі қалыптастырушы бағалау арқылы ауызша бағалап кетеді.
• Тоқу өнеріне …. тоқуды жатқызуға болады. (Таспа,сумоншақ,жіппен ,макраме, газет, сабанмен, шимен.)
СҚӨ бұйымдарының иллюстрациялар
https://www.youtube.com/watch?v=-3NFFqH1xOY
file:///C:/Users/%D0%94%D0%B0%D0%BD%D0%B0/Desktop/10405.pdf
Сабақтың соңы
7 минут 1.БББ кестесі бойынша.
Білемін Білдім Білгім келеді
(ҚБ)
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Әлемдік мәдениет пен қазақ халқының ұлттық мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнердің түрлері мен тәсілдерін ажыратыңыз.
– Сәндік-қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіз?
– Сәндік-қолданбалы өнердің қандай техникаларын білесіз?
– Тоқу өнерінің қандай түрлерін білесіз?
– Тоқу өнеріне қандай материалдар мен құрал-жабдықтар қажет?
Дескриптор
Білім алушы
– ұлттық өнердің түрлері мен тәсілдерін ажыратады;
– тоқу өнерінің материалдары мен құрал-жабдықтары мен тоқу техникаларын, атайды.
Рефлексия: Екі жұлдыз,бір тілек.
Саралау ( оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?) Бағалау(оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? ) Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, оқушылардан күтілетін нәтижелер, оқушыларға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Сұрақ-жауап алу, теориялық тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы,топтық және өзін-өзі бағалау. Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал жабдықтар мен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға
Тақырып Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу
Оқу мақсаты 6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өнер, қолөнер, дизайн туындыларының əлемдік жəне ұлттық ерекшеліктерін анықтайды