зат есім

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн Мектеп: Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Дюсебаева А.Н.
Сынып: 2 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Зат есім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру
2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Сабақ мақсаттары  Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;
 Мәтін мазмұнын анықтауға сұрақтар дайындау және жауап айту
 Мұғалімнің көмегімен жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді тауып түзету
 Сөйлем құратсыру, зат есімнің сұрақтарын қолдану, зат есімді анықтау
Ойлау дағдылары Білу, түсіну , қолдану
Бағалау критерийлері  Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжап айтады;
 Мәтін мазмұнын анықтауға сұрақтар құрастырады және жауап айтады
 Мұғалімнің көмегімен жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді тауып түзетіп жазады;
 мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлем құратсырады;
 Зат есімнің сұрақтарын қолданып, зат есімді анықтау
Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды топқа бөлу, топтық жұмыс кезінде ынтымақтастық, бірін-бірі сыйлау құндылықтары, құрмет сезімдері қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу пәнінен жеке жұмыс кезінде өлең оқиды
Математика пәнінен сергіту сәті кезінде сандарды санайды
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізу кезінде АКТ қолдану дағдысын қалыптастыру
Бастапқы білім
Сөз таптарын біледі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

Үй тапсырмасын тексеру Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
3. Оқушыларды «смарт бейджик» арқылы үш топқа бөлу. І топ ІІ топ ІІ топ
4. Психологиялық дайындық «Жылулық шеңбері»
Мақсаты: әрбір қатысушының топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды созайық,
Сәттілік тілеп сабаққа
Көңілді де болайық.
Жеке жұмыс:
4-жаттығу. «Жеті қазына» сөзін топтастыру
Ширату жаттығуы:
Топтық жұмыс: «Қар кесегі» әдісі бойынша тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар лақтырылады.
Тапсырма қадамдары:
– Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қандай бөлімді оқып жатырмыз?
2. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
3. Сөз таптары дегеніміз не?
4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Дескриптор:
– сұрақтарға жауап береді
– салт-дәстүрлерді атайды.
– Сөз таптарын атайды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы

Смарт бейджик

Бағдаршам түстері
Сабақтың ортасы
Оқу мақсаттарын айқындау.
«Болжау стратегиясы» суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу

Тыңдалым: Электронды оқулықтан ережені тыңдау
Мұғалімнің түсіндірмесі
1-критерий. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

1-тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
6-жаттығу. Мәтіннің тақырыбына қарап, мазмұнын болжа
Дескриптор:
– Мәтінді тақырыбы бойынша мазмұнын болжайды және оқиды.
– Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды
– Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
ҚБ: «Басбармақ»
Топ мүшелері жұптарын бағалайды.
Бас бармақ жоғары қарап тұрса- дұрыс
Бас бармақ жанына қарап тұрса- қателік бар
Бас бармақ төмен қарап тұрса- мүлдем қателесті
«Шапалақ жаңбыр»
Сол алақанға оң қолдың сұқ саусағымен соғамыз. Содан соң екінші саусақты қосамыз да, екі саусақпен соғамыз. Содан кейін үш саусақпен: төрт, бес, тұтас алақанмен шапалақтаймыз. Тек бес саусақпен, бір саусақты алып, төрт саусақ, үш саусақ, екі, бір.
Жазылым
2-критерий Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді
2-тапсырма
8-жаттығу. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қою
Топтық жұмыс: «Кім жылдам?» әдісі
(саралаудың «Қарқын» тәсілі )
Дескриптор:
– Мәтіннен зат есім сұрақтарын табады.
– Зат есім сұрақтарын байланыстырып, сөйлемдер құрайды
– Теңеу сөздер туралы өз ойларымен бөліседі
Кері байланыс: “Екі жұлдыз, бір тілек”

3-критерий. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтырады

3-тапсырма
9-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.
Жеке жұмыс: «Кім жылдам?» әдісі
(саралаудың «Қарқын» тәсілі)
Дескриптор:
– Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, өлеңді көшіріп жазады.
– Зат есімдердің астын сызады.
– Орфографиялық талапқа сай орындайды.
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалайды.

https://www.google.com/

Электронды оқулық

Бағдаршам түстері

Сабақтың соңы Қорытындылау:
4-критерий. Сөз таптарын, соның ішінде зат есімді ажыратады
«Элективті тест» әдісі арқылы интернет желісіндегі “PLICKERS” программасын қолданып тест аламын. Бұл әдіс арқылы есте сақтау қабілеті, өз бетінше шешім қабылдау дағдысы қалыптасады.
1. Зат есімнің сұрақтары? Кім? Не? кімдер? Нелер?
2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап. Бала
3. Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап қозы
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді желкенді қайық арқылы бағалау.
Жасыл түспен бояса-маған сабақ ұнады.
Сары түс- әліде түсінбеген жерлер бар.
Қызыл түс –маған мүлде ұнамады.

интернет желісіндегі “PLICKERS” программасы
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың «Қарқын» тәсілдері «Элективті тест» әдісі арқылы
Барлығы:
Өлеңді көшіріп жазады
Көпшілігі:
Зат есімдерді табады
Кейбірі:
Теңеу сөздер туралы өз ойларымен бөліседі Оқушының білімін тексеру үшін: «Бағдаршам», «Басбармақ», Кері байланыс: «Желкенді қайық», “Екі жұлдыз, бір тілек” Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
-Дәптермен жұмыс барысында дәптерді көлбеу қойып, денені тік ұстау
-Ширату жаттығуын орындату кезінде арақашықтықты сақтау
-АКТ-ны қолдану кезіндегі тех қауіпсіздігін ескерту.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалады деп ойлаймын.
Жоспарланған саралау жақсы іске асады деп ойлаймын себебі, тапсырма оқушы деңгейіне сәйкес алынған.
Уақытты ұтымды пайдаланамын
Әрбір тапсырманы әдіс-тәсілмен түрлендіріп өткізу. Себебі, оқушының белсенділігін арттыру қажет.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1. ««Элективті тест» әдісі »
2. « Жұптық жұмыс «Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Қабілетті және қолдау қажет ететін оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
2. Қалыптастырушы бағалау түрлерін түрлендіру
Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?
1. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру.
2. Қозғалыс ойындарын кіргізу.

Әрбір тапсырманы әдіс-тәсілмен түрлендіріп өткізу. Себебі, оқушының белсенділігін арттыру қажет.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *