Біз тұратын ауыл.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын көше»

Мақсаты: Сөз және сөз ұйқастарынан құрылған ойындарға қызығушылықтарын арттыру. Қаланың көрікті орындарын ретімен сипаттап, әңгіме құрастыра білуге үйрету. Өз мекеніне, қаласына  деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  түрлі – түсті қарындаштар, үлгі суреттер, бейнетаспа, таратпа құралдар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік, ойын технологиясы.

Үштілділік: қала-город-city, көше -улица-street.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы кезең  -Балалармен сәлемдесу.                                                           Шаттық шеңбері

Оқу қызметімізді бастамас бұрын  бейнероликке назарларыңды аударыңдар.

– Мына бейнероликте сендер нені көрдіңдер?

-Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар? 

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, біз Шиелі кентінде тұрамыз.

 

 -шаттық шеңберіне тұрады.           -назарларын бейнероликке аударады.                                      –Шиелі кенті жайлы бейнероликті көрдік.
 

Ұйымдастырушы-ізденуші кезең

Балалар, бүгін біз «Коммуникация» білім беру саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен сендерге туып өскен  жеріміз, қаламыз жайлы әңгімелесетін боламыз.

Балалар, сендер білесіңдерме, Қазақстан  Республикасының көптеген қалалары мен  ауылдары бар.  Сол қалада  сендер сияқты бақытты балалар  тұрады. Әр адам өзінің туып өскен жерін  мақтан етеді . Мен де өзім туып өскен жерімді мақтан етемін. Сол себептен біз тұратын қала жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.

     Суретпен жұмыс                                                    – Біз Шиелі кентінде тұрамыз.Кентімізде мектептер және бала-бақшалар, театрлар, кітапханалар демалыс орындары, ескерткіштер көп. Күні бойы қалада қыдырып, оның әсемдігіне тамсанып, тамашалауға болады. Біздің қаламызда атақты жерлестерге арналған ескерткіштер, қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп.

 Дидактикалық ойын: «Менің мекенжайым»                               -Біздер әртүрлі көшелерде тұрамыз. Мәселен, мен С.Асфандияров көшесінде тұрамын. 
Ал сендер қай көшеде тұрасыңдар?                                                                 -Біздің қалада қандай демалыс орындары бар? 

-Балалар, шаршаған боларсыңдар, қане, бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Көше бойы келеміз,

Онда не бар көреміз:

Автобекет, дүкендер,

Мұражай мен әуежай.

Барлық үйлер сәулетті

Біздің қала әдемі!

Үштілділік: қала-город-city, көше -улица-street

Тапсырма аялдамасы

Ø  Суреттердің ішінен Қызылорда қаласындағы ескерткіштерді тауып қалташаға салу.  

 

 Үлгі сурет бойынша қиынды бөліктерден суретті құрастыру.    

 

Өнер аялдамасы                                                 Шығармашылық сәт

«Менің қалам» тақырыбына сурет салу ұсынылады.

-мұқият тыңдап    отырады.

 

 

 

 

 

 

-суретке назар аударып, мұқият тыңдайды.

 

өздері тұратын көшенің атын атайды.

 

 

 

-Өлең жолдарын бірге айтып, мазмұнға сай қимылдап,

сергіту сәтін жасайды.

 

-қала-город-city

– көше -улица-street

 

-берілген бірнеше суреттер ішінен Қызылорда қаласын тауып, қалташаға орналастырады.

-үлгі суретке қарай отырып, суретті құрастырады.

-«Менің қалам» тақырыбында сурет салады.

 

Рефлексивтік кезең «Сұрақтар аялдамасы»                                                Сұрақтар қойып, оқу қызметін талдап қорытындылау.                                                              -Бүгінгі оқу қызметінде не жайлы әңгімелесті?                     -Біз тұратын қалада қандай ескерткіш, ғимараттар бар екен?                                                                          -Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балаларды мақтап, мадақтау.

-қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

-қаламыз жайлы

-мұражай, театр, саябақ, демалы с паркі.

-ия, ұнады

Күтілетін нәтижелер:

Түсінеді: өз мекен-жайы мен тұрғылықты қаласының атын, ондағы мәдени орындары туралы түсінеді;

Қолданады: жаңа сөздерді үш тілде қолданады,қаланың көрікті орындарын сипаттап, әңгіме құрастыруда ғимараттардың  атауын қолдана алады.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *