Шаттық толы жүрегіміз! (тренинг ата-аналармен)
Мақсаты:балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту,ой-пікірлерін білу,көтеріңкі көңіл-күй сыйлау,сыйластық пен бір-біріне деген құрметті көтеру.
Құрал-жабдықтары:түрлі-түсті қатты қағаздар,желім,қайшы,ақ парақтар,түрлі-түсті қарындаштар т.б.
Көңілді әуенмен қошеметпен ата-аналар ортаға шақырылады.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар,бүгінгі “Шаттық толы жүрегіміз!” атты ата-аналарға арналған тренингке қош келдіңіздер!
Тренинг 5-кезеңнен тұрады.
1.”Көңілді көзілдірік” өз-өзін таныстыру
2.Топтық жұмыс:”Бағалау”
3. “Мимика” көңілді ойыны
4.”Егер де мен…”
5.”Махаббат шуағы”
1-кезеі “Көңілді көзілідрік” өз-өзін таныстыру
Құрметті ата-аналар,көңілді көтеріңкі көңіл-күймен “Таныстыру” кезеңімізді бастаймыз.
2-кезең: Топтық жұмыс “Бағалау”
Қатысушы ата-аналар екі топқа бөлініп,ортақ бір тақырыпты ойласа отырып таңдап,топтық жұмыс жасайды.
Берілге уақыт ішінде тапсырманы аяқтап,екі топ жасаған жұмыстарын алмастырып қарап,бір-бірлерінің жұмыстарына баға береді.
3-кезің “Мимика” көңілді ойыны
Екі топтан екі қатысушы шығып,құлақтарына құлаққап киіп,әркім өз тобының мимикамен көрсеткен сөздерін жылдам табады.
4-кезең “Егер де мен…”
Құрметті ата-аналар,егер де сіздер Қазақстан еліміздің балаларымен жұмыс жасау жолында қызмет етсеңіздер,еліміздегі балалар ұшін не жасар едіңіздер? Алдарыңызға қойылған ақ параққа өз ойларыңызды түсіріп,бізге оқып бересіздер.
Қатысуыш ата-аналар әркім өз ойларын қағаз бетіне түсіріп,оқып береді.
5-кезең “Махаббат шуағы”
Алдарыңыздағы күн шуақтарын өз балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттерін,тәтті қылықтарын жазып,оқып бересіздер.
Әрбір қатысушы өздерінің балалары жайында жазған жақсы қасиеттері жайында оқып береді.
Құрметті ата-аналар,міне біздің ұйымдастырған тренингіміз де өз мәресіне жетті.Белсене атсалысқандарыңыз үшін сіздерге рақмет!
Сау болыңыздар!