Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану

Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Р.Н. Ерманова педогогикалық ғылымдарының МАГИСТРІ
Ақтау есептік -технологиялық колледжінің физика пәні оқытушысы
ermanova_r@mail.ru
Аннотация. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады.
Кілт сөздер : Деңгейлеп оқыту, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» атты бесінші тарауда білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.
Нәтижеге бағытталған оқыту- бұл аяқтаушы нәтижелер (біліктіліктер). Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі өмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер аламыз:
-қарым –қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері (оқу, жазу, сөйлей алу, тыңдай алу- және санай алу дағдылары);
-әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;
-талдау жасай алу қабілеттері;
-проблемаларды шеше алу;
-құндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;
-шығармашылық шеберліктерді игеру және өзгелердің шығармашылығын қабылдай білу дағдылары;
-азаматтық жауапкершілік;
-қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;
-рухани, заттық құңдылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;
-ілімнің құралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;
-өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделі тұлғаның әлеуметтену үрдісіне қоғамды, түрлі қауымдастықтарды тартуды қарастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықтар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым –қатынастар орнатып, білім бірудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.
Қазіргі білім берудегі басты мақсат — жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан — жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой — өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс — әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей — мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін .
— жеке тұлға ерекшеліктеріне;
— психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Педагогикалық – технологияның ерекшелігі:
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.
Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.
Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аркалығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.
Оқушы жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.
Педагогикалық технология әдісі бойынша мұғалімнің бүкіл шығармашылық қызметін үш үлкен кезеңге топтастыруға болады:
Бірінші—пән мазмұнын анықтау
Екінщі —- мазмұн бойынша оқу процесін жобалау
Үшінші— осы жобаны аудиторияда жүзеге асыру
Сондықтан ол оқушының ойлауын, еске сақтауын, белсенділігін, ынтасын, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың негізіне мемлекеттік стандарт алынады.
Тапсырмалар:
1. Оқушылық
2. Алгоритмдік
3. Эвристикалық
4. Шығармашылық деңгейде беріледі
Мемлекеттік бағытпен басталған бірінші деңгейдегі тапсырмалар бірте – бірте күрделенеді. Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының мазмұнын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін үйренушілік деңгейден теориялық деңгейге бағытталып құрылады. Деңгейлеп оқыту технологиясына сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады мұндай жағдайда оқушылар арсында өзара жарысу мен қатар әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алуы қамтамасыз етіледі. Өзіне деген сенімі артып, шығармашылық қабілеті шындалады. Қиналған сәттерінде өзара ақылдасып тапсырманы орындауға тырысады. Оқытуды деңгейлік саралауға негіздеп құру әр деңгейдің мақсатын дәл анықтап, соған сәйкес дидактикалық процесті ұйымдастырып нәтижені бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ жүргізудің ең басты және аса күрделі мәселелерінің бірі- сабақ үстінде оқушылардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларды әр деңгейлі дифференциалды оқытуға баулу. Сабаққа оқушылар ынта – ықыласпен араласып сабақ жоғары іскерлікпен өтуі үшін, оқушыларға берілген тапсырмалар әр деңгейлі дифференциалды болуы керек. Әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30- 40 пайызын құрайды, олар тапсырманы жүйе – жүйесімен белгіленген уақыт ішінде орындап шығады.
Сондықтан оқушылармен сабақ және оның барлық кезеңдерінде:
 Жаңа материалдарды түсіндіру
 Сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік дағдыны тексеру барысында деңгейлік саралау жұмысын жүргізіп отырамын.
Әрине , теория мен ғылым негіздерін білген дұрыс, бірақ оның іске асуын, нәтиже беруін тәжірибеде сынап көргенге не жетсін!
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Механика тарауындағы Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.
1. неге жер күнге құлап түспейді?
2. жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға С белгісіндегі есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.
11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым.
І деңгей бойынша есептер кодоскоп арқылы түсіндіріледі.
ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі
ІІІ-деңгей бойынша өмірден техникадан мысалдар келтіру.
ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді
Қорытынды.
Мен, деңгейлік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыны оңайдан қиынға, сатылып білім дәрежесін көтеруге ықпал еттім. Сабақ барысында оқушының деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы өзіндік даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсетеді.
Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді
Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдана отырып, баланың білім біліктілік, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін не бір әдіс тәсілдерді қолданамын. Ол үшін мына қағидаларды үнемі назарымда ұстағанды жөн деп есептеймін:
1. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
3. Өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мен де осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әрбір жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін.
Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Сабақ кезінде түрлі әдістер қолдана отырып өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Ж.У.Кобдикова «Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп оқыту)». 2002 жыл

2. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Алматы 2002 жыл

3. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *