Әріпті өрнектегі әріптің мәні
Математика | Сабақ тақырыбы: Әріпті өрнектегі әріптің мәні | |||
Күні : 13.02.2020 | Сынып:1 «б» | Мұғалімнің есімі: Умирзакова Н.Т. | ||
Оқу мақсаты: | 1.2.1.2 әріптің мәні берілген бір амалды әріпті өрнектің мәнін табуәріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады;
“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады. |
|||
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||
Ресурстар: | Әр оқушыға арналған:1 ламинатталған қағаз парағы;1 маркер. | |||
Тірек сөздер | Әріпті өрнектер | |||
Сабақтың мақсаты: | Әріпті өрнектегі әріптің мәнін таңдап алу дағ дысын қалыптастыру, әріпті өрнектегі әріптің орнына сан мәнін қою жолымен алынған теңдіктерді шешу дағдысын жетілдіру. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|||
Сабақтың басы
8минут
Сабақтың ортасы 8 минут
9 минут
6 минут
|
Әр үйде қанша қонақ бар?
Топтық жұмыс. Егер әріптің мәні белгілі болса, онда әріпті өрнектің сан мәнін табуды ұсыну. Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйым дастыру. Тапсырманы бірінші болып орындаған топ өз жауабын айтады, ал қалған топ өз жауаптарын тексереді. Тапсырма ламинатталған қағаздарда орындалады. Тексеру кезінде алынған санды өрнектерді үйлердің шатырының түстерімен ажыратуға болады. Мысалы, “Сары шатырлы үйде … қонақ бар”. Жауабы:сары шатырлы үйде 3 қонақ; жасыл шатырлы үйде 9 қонақ; ал қызыл шатырлы үйде 4 қонақ; қоңыр шатырлы үйде 6 қонақ; көк шатырлы үйде 10 қонақ; қызыл шатырлы үйде 8 қонақ; күлгін шатырлы үйде 5 қонақ;ашық қоңыр түсті шатырлы үйде 7 қонақ бар. Шығарып көр. Жұптық жұмыс. Шелек қозғалғанда алынатын әріпті өрнектердегі әріптің мәнін табуды ұсыну. Шелек құдыққа түсіп, одан кейін қайта көтерілген кезде шелектегі х саны құдықтың қабырғасында жазылған теңдіктердегі бос торкөзге қойылады. Мысалы, 4 + = 7 теңдігіндегі “бос торкөзді” шелекпен ауыстырғанда 4 + х = 7 теңдігіне ауысады да, оқушылар теңдіктегі х-тің мәндерін таңдап ала алады. Олар тапсырманы ламинатталған қағаз парақтарында орындайды. Жауабы:а) х = 3; ә) х = 5. Орындап көр. Тапсырманы жалпы сыныппен орындату. — а – 0 өрнегіндегі а-ның орнына қандай санды қоюға болады? — Қане, тексеріп көрейік, барлық сандар сәйкес келе ме? Бірнеше оқушыдан кез келген санды атап және есептеп беруді өтіну. Сонымен қатар а – 0 өрнегіне кез келген санды қойып көру. Оқушылар екінші тоқсанда оқыған 0 санының қасиеті туралы білімдерін естеріне түсіреді. — Қандай тұжырым жасауға болады? Ойлан. -Әріпті өрнектегі х-тің орнына қандай сандарды қоюға болады? 9+х;9-х; |
|||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
|
Қосымша тапсырмалар
|
|||
Әріпті өрнектердің сандық мәндерін тап.
Оқушылар кестені толтыра отырып, әріпті өрнектегі әріп мәнінің қосындысы мен айырмасын табады. Жауабы:айырмаға — 7, 1, 3. қосындыға — 7, 19, 9. 10минут |
Қосу амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Азайту амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Оқушылар “математикалық мәшинені” қолданып өз бетінше ойнауына болады.
“Мәшинеге” түскеннің бәрі а-ға артады немесе а-ға кемиді. Оқушылар “мәшинеде” жетіспей тұрған сандарды жазып, арифметикалық амалдардың нәтижесін есептеуі тиіс. Жауабы:6, 9, 7, 7; 4, 0. |
|||
Бағалау
5минут |
Оқушылар сабақ соңында:
әріптің мәні арқылы әріпті өрнектің мәнін таба біледі;
0 санын қосу мен азайту ережесін өрнектейтін (а + 0 = а; а – 0 = а) әріпті өрнекпен берілген теңдіктің мағынасын түсінеді;әріпті өрнектің сан мәнін табуды меңгереді.Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:
— Әріпті өрнектегі әріптің мәні қалай аталады?
— а + 0 = а өрнегіндегі әріп қандай мәнге ие болады? Ал а – 0 = а өрнегінде ше? Неліктен?
— 7 + b өрнегінде b әрпі қандай мағына береді?
— 7 – b өрнегінде ше?
— 7 – b әріпті өрнегінің сан мәнін қалай табуға болады?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өзін бағалау. |
|||
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. оқушылардың бірін-бірі бағалауы 2. Топпен жұмыс барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері дұрыс орын алды Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) |