Тәрбие – отбасынан басталады

Адамзат қоғамның ең басты бейнесі – отбасы.Баланың тәрбие алатын орны да – отбасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
Еліміздің ертеңгі ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің мақсатымыз деп ойлаймын. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді бала болашағын қалыптастыру әрбір ата – ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, баланың тәрбиесіне тікелей ата – ана байланысты және де, мектепте жалғасады. Халық даналығында былай делінген «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң- онда бала тәрбиеле» .Сондықтан да бала тәрбиесіне сәби кезінен бастап көңіл бөлсек, ұрпақ тәрбиесі ұлағатты, тәрбиелі, парасатты, білімді, ақылды, мәдинетті болып өседі. Осындый саналы ұрпақ тәрбиелесек еліміздің болашағы зор әрі баянды болмақ.

№58 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Құлжұмырова Мерует

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *