Аквариумдегі балықтар
Тұрғанәлі Сымбат Ерланқызы
Өткізілетін күні, айы, жылы: «___»_____20___ ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Аппликация
Тақырыбы: Аквариумдегі балықтар
Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылығын,сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге,оларға қамқор болуға баулу. Кіріктіру арқылы балықтың денесін мүсіндеу,аппликация әдістерін қолдана отырып жапсырту. Геометриялық пішіндерден балықтың дене мүшелерін құрастыртып,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,ой-қиялдарын дамыту,қайшымен дұрыс жұмыс жасауға қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауаптар, жұмбақ жасыру, бой сергіту, ойын ойнау.
Көрнекі құралдар: түрлі түсті қағаз, қатырмақағаз, қайшы, қолорамал, желім, қылқалам, аквариум суреті бар қағаздар.
Қостілділік компоненті: балық-рыба, аквариум-аквариум, суда- на вода
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Педагог сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырады:
Желбезекпен дем алып, Қармаққа, ауға ілінер. |
Ұйымдастыру –
іздестіру
|
Педагог балықтардың түрлерін сурет бойынша әңгімелейді. Және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтуларын сұрайды. Балалардан балықтардың қайда өмір сүретінін, немен тыныс алатынын сұрайды, жауаптарына толықтырулар жасайды.
Қостілділік компоненті: балық-рыба, аквариум-аквариум, суда- на вода -Қараңдаршы балалар алдымызда бос аквариумның суреті жатыр. -Аквариумның ішінде не бар? Ол жерге тағы не жетіспейді? -Оларда балықтар жүзетін болады. Дидактикалық ойын: Балық қайда өмір сүреді? Педагог мына сөздерді айтады: суда, үйде, қорада, теңізде, өзенде, орманда, далада, жерде, аквариумде. Дұрыс айтылғанда қол шапалақтап, қате болғанда топылдатады. Балықты жасамас бұрын педагог балаларға алдарында тұрған құрал жабдықтарды дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп кетеді. Балалардың алдына сопақша, үшбұрыш пішіндер сызылған қағаздар қойылады. -Ең алдымен балықтың денесін жасау үшін, сопақша пішінді қиып, ал құйрығын жасау үшін үшбұрыш пішінді қиып алу керектігін айтады. – Қиылған пішіндерді аквариумге орналастырып жабыстырады. Балықтың көздері дөңгелетіп , желбекзектері фломастерлермен боялады. Педагог сопақша пішіннен кейін үшбұрыш пішінді жабыстырып көрсетеді және желбезектерін денесіне кіші толқындар жасау арқылы фломастермен салып көрсетеді. Сергіту сәті: Қолды үстелге қоямыз Саусақтарды санаймыз 1,2,3,4,5-5,4,3,2,1 Екі қолды біріктір Жұмысты аяқтаймыз. |
Рефлексивті – түзетушілік
|
Балалар бүгін біз не істедік?
Балықтарды қайда орналастырдық? Балықтар қайда өмір сүреді, немен тыныс алады? -Жарайсыңдар балалар! Балықтарың жақсы, әдемі шығыпты. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718