Ағаштар

№ 7 «Түймедақ» ересектер тобының ұйымдастырылған
оқу-қызметінің технологиялық картасы

Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ағаштар»
Мақсаты: Ағаштар туралы мағлұмат беру, өсімдіктерге күтім жасауға үйрету, олардың пайдасы және биік – аласа ұғымдарын ажырата білуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер,бейнетаспа т. б.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Сондықтан
ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын. Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру-іздестіру
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ағаштар» (биік – аласа). Балалар суреттен көріп отырғандарыңыз ағаштар және олардың түрлері.
Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі. Оларды өсімдіктерге жатқызамыз. Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне көп күтім қажет. Оларды суарамыз, суарудың да көптеген әдістері бар. Ағаштың діңін ағашқа құрт түспеуі үшін ақтаймыз.
Тыңайтқыштар береміз. Өйткені күтімді уақытылы жасаса жемісті мол береді.
Суреттерден «өсімдіктерді суаруды» көрсету
Ағаштардың биіктігіне қарай биік – аласа деп ажыратамыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кешкентай ағаштар
үлкен болып өседі.
«Не екенін тап?» дидактикалық ойыны.
Балалар алдымен атауын жеке-жеке атайды.
-өсімдіктер деп атайды.
-өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
-олар өседі, көбейеді, қоректенеді, тіршілігін тоқтатады.
-ағаштың діңі жуан, мықты. Діңінен бұталар тарайды.
Ағаштар: емен, терек, қарағаш, қайың, үйеңкі.
Бұталар: итмұрын, қарақат, долана, қожақат.
Шөптер: бақбақ, қызғалдақ, түймедағы, жолжелкен.

Балалар мұқият тыңдайды.

– Иә, келісеміз

Сергіту сәтін орындайды.

Дидактикалық ойынды ойнайды.

Қайталайды!

Рефлексивті-түзетушілік Қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ағаштар жайлы білетін болады.
Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже;

Нені білу керек: Ағаштар туралы біледі.
Нені игереді: Өсімдіктер пайдасы, күтім жасауды түсінді.
Нені біледі: Табиғатты қорғауды, қамқорлық жасауды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші; Калпакбаева Асемай

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *