Пішіндер әлеміне саяхат

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат»
Мақсаты: Балалар геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыру.Балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық пішіндерге сәйкес келетін заттарды табуға ,пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін салыстыруға үйрету.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыстар: Геометриялық пішіндер туралы еске түсіріп әңгімелесу.
Әдіс- тәсілдері:сұрақ- жауап, әңгімелеу,түсіндіру, ойын, сергіту сәті
Қажетті көрнекі құрадар: геометриялық пішіндер, суреттер мен карточкалар
Көптілділік компонент: Шаршы-квадрат -square; ;үшбұрыш-треугольник- triangle; шеңбер-круг-a circle

Іс- әрекет бөлімі Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жұмбақ шешу:
1. Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Қане, оны атаңдар.
2. Атына сай балалар,
Үш бұрыш,үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

3. Төрт бұрышы,төрт қабырғасы бар.Бұл қай пішін
Дұрыс айтасындар балалар, бұлардың барлығын біздер бір сөзбен пішіндер деп атаймыз.
Жарайсындар балалар, енди пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлініп отыра қояйық.
-Балалар,ғажайып пішіндер еліне саяхатқа барғылырың келеме?
Ендеше біздің бүгінгі саяхатымыз ерекше болмақшы.Балалар алдарыңда алақанның бейнесі тұр.Бұл алақан жай алақан емес, арман тілектерді орындайтын сиқырлы алақан екен.Олай болса бәріміз алақанға қолымызды қойып, пішіндер еліне саяхатқа аттанайық.
Міне, балалар, біздер ғажайып пішіндер еліне де келіп қалдық.Пішіндер елінің біздерге арнаған бірнеше тапсырмасы бар екен. Тапсырмаларды орындауға дайынбызба? – Шеңбер
– Үшбұрыш
– Шаршы
– Пішіндер
– ия

– дайынбыз

Ұйымдастырушылық
Кезеңі 1 тапсырма. «Пішіндерді сәйкестендір»
Шарты:Геометриялық пішіндерді пішініне қарай ұқсас заттармен сәйкестендіру. Мысалы: үшбұрыш- шырша …
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп,
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық,
Түзу болып тұрайық.
Бір біріне қосқанда,
Үшбұрышты құрайық.
2 тапсырма. «Көңілді пішіндер»
Шарты: Түтікшелер арқылы бауларды өткізіп, қандай пішін шыққанын және түсін айту.
Көптілділік компонент: Шаршы-квадрад –square;үшбұрыш-треугольник- triangle; шеңбер-круг-a circle
3 тапсырма:Дидактикалық ойын: «Бұл неге ұқсайды?» немесе «Сиқырлы қалташа» деп аталады.
Мақсаты: Қалташадағы пішінді алақанмен жүргізіп, сипап сезу арқылы табу. Балаларды шапшаңдыққа,тәрбиелеп,есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру.
Балалар тәрбиеші берген мәліметтерді зер сала тыңдайды. Тапсырмаларды тиянақты орындайды.

Сергіту сәтін 2-3 рет қайталап,қимылмен көрсетеді.

Балалар ойынды шартына сай орындап ,белсенділік көрсетті.

Пішіндер атауларын үш тілде тәрбиешімен бірге қайталайды.
Шаршы-квадрат -square; ;үшбұрыш-треугольник- triangle; шеңбер-круг-a circle

Саусақ арқылы жүргізіп, пішіндерді атау.
Іс- әрекетті бағалау кезеңі «Біз не білдік?»Ұйымдастырылған оқу қызметінде өткендерін сұрақ- жауап арқылы сұрау.
Балалар жауаптарын толықтыру.
Белсенді балаларды мақтау Балалар білгендерін баяндайды

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *