Есептер шығару (Жай бөлшектерді бөлу.Аралас сандарды бөлу).

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: математика Мектеп: Жаңқожа батыр атындағы №269 орта мектеп
Күні: 12.12.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Досаева Шакизат
Сыныбы: 5 «а» Қатысқан оқушы саны: Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару (Жай бөлшектерді бөлу.Аралас сандарды бөлу).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 5.1.2.23
жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Сабақтың мақсаты Жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды амалдарды орындау барысында қолдана алуға қалыптастыру.
Жетістік критерийлері Барлық оқушылар:
Жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды қолдана алады , өз түсініктерін жүйелі пайдалана біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Бөлшектерді көбейту ережесін біледі.
Кейбір оқушылар:
Бөлшектерді бөлу ережесін пайдаланып, есептер шығара алады.
Тілдік мақсат Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша Русский English
Дұрыс бөлшек правильная дробь correct fraction
Бұрыс бөлшек неправильная часть wrong part
Аралас сан смешанное число mixed number

Құндылықтарды дамыту Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға үйрету.
Пәнаралық байланыс Сызу, тарих
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақста, таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар.
Бастапқы білім Жай бөлшектерді көбейту
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақта орындалатын іс-әрекеттер Оқыту ресурстары
Басы
7 минут Ұйымдастыру кезеңі:
Атмосфералық жағдайды қалыптастыру.
«Шаттық шеңбер» арқылы оқушыларға көңілді күн тілеу,
1,2,3 санау арқылы топқа бөлу.
«Көршіңді тексер» әдісі
№613
1) Бір орам өрік 3/4 кг. 6 кг өрік неше орам?
1 орам —– 3/4 кг
6 кг ——– ? орам
Шешуі: 6 : 3/4 = 6 * 4/3 = 24/3 = 8 (орам)
Жауабы : 8 орам
2) Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 3/10 км/с . Дыбыс 3 км қашықтыққа неше секундта барады?
t = s/v , 3 км: 3/10 км/с= 10 секунд
ҚБ: «Бағдаршам»
«Миға шабуыл» әдісі 1. Бөлшектің түрлеріне енді келсек, Алымы мен бөліміне көңіл бөлсек, Алымы бөлімінен кіші болса, Кәнеки, кім айтады қандай бөлшек?(Дұрыс бөлшек) 2. Мына жұмбақ білгенге , Қиын емес тегінде. Бөлімі алымына тең болса, Алымы бөлімінен үлкен болса, Тез ойланып шеше гой,тұрма босқа! (Бұрыс бөлшек) 3. Мен бір жұмбақ айтайын, Кім айтады шешуін. Бүтінімен бөлшегі қосылғанда, Шығады сонда қандай сан? (Аралас сан)
Жұмбақты шеше отырып, топтың атын таныстыру.
ҚБ: «Алтын жұлдыз»

Негізгі бөлім
Есептер шығару

23 минут «Күн сәулесі» ойыны арқылы есептер орындату.
№616
1 топ 2 топ
3/8* 4/5 : 9/10= 1/3 2 2/11*1 3/8 :3/4 =4

6/7 :3/5 *1 2/5 =2 11/23*3 2/7 :5 1/2=2/7

3 топ

3/5 *(2 2/3:3 1/5)=1/2

1 1/8 * (9 1/3:1 3/4)=6

№627
1 топ
(3/8+1/12+1/6)/(1/12+1/3+5/6)=((9+2+4)/24)/((1+4+10)/12)=(15/24)/(15/12)=15/24×12/15=1/2

2 топ
(2/3-1/6-4/9)/(7/9-5/12-5/18)=((12-3-8)/18)/((28-15-10)/36)=(1/18)/(3/36)=1/18×36/3=2/3
3 топ
(2 1/4×1 1/3×8/9)/(1 1/5×4/9×2 1/2)=(8/3)/(4/3)=8/3×3/4=2

1 топ 2 топ

(6а^2)/7b÷3a/(12b^2 )=24ab/7 (8c^3)/5d÷(2c^2)/(15d^2 )=12cd

3 топ
(16x^2)/5y×(5^2 y)/(2^3 x)=10x
ҚБ: «Мадақтау»

Оқулық-пен жұмыс

Сергіту сәті
«Көңілді күн» әуен арқылы қимыл-қозғалыс.
Соңы
10 минут 5.2АБөлім: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану»

Оқу мақсаты 5.1.2.23 жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау

Бағалау критерийі Білім алушы
Бөлшек сандарды бөледі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1- тапсырма
Есептеңіз:
a) b)
c) d)

Дескриптор: Білім алушы
– жай бөлшектерді бөлу ережесін пайдаланады;
– жай бөлшектерді бөледі;
– аралас сандарды бөледі.

Кері байланыс: « Қалыптастырушы бағалау»

Оқушыларға стикерлер таратылады.
Мен үшін қиын
Мен үшін құнды
Мен үшін қызық

Үйге тапсырма: №629. Ереже жаттау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау Нұсқаулықпен жүргізіледі.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *