Су мен ауаның қандай қасиеттерін білесің?.

     Сыныбы: 0 «Г»                              Пән: Жаратылыстану                     Пән мұғалімі: Муратова Г.Қ.

Тақырыбы: Су мен ауаның қандай қасиетін білесің?
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты 0.2.1.3. Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар: «Зертханалық жұмыс» ұғымына анықтама бере алады; қарапайым тәжірибелер жүргізеді.
Көпшілік балалар: зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасайды;зертханалық жұмыс үдерісінде жеке тәжірибені қолданады
Кейбір балалар: пиктограмма көмегімен зертханалық жұмыс қорытындысын белгілейді.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-5 мин. (Ұ) Педагог ҰОҚ жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.

Достар, бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

– Балалар бізге қонақтар келді барлығымыз амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здраствуйте!

-Good morning!

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Балалар келген қонақтармен амандасады.

Топқа бөлу:

1-      Топ:   Ауа

2-      Топ   Су

Өлең
II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог жұмбақ шешуді ұсынады.

Жұмбақ.

Көзге көрінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

·         – Дұрыс, бұл ауа. Бүгін біз ғалымдар сияқты әртүрлі зерттеулер жасаймыз.

·         Балалар, сендер ауаны көріп тұрсыңдар ма?

·         Яғни біз оны көрмейміз, сондықтан ауаның түсі қандай?

·         Біздің айналамызда ауа бар ма?

·         Оны білу үшін қолымызға қағазды алып бетімізге желпіп көрейік.

·         Нені сездіңдер? Яғни ауаны сезу үшін оны қозғау қажет екен.

·         Ауаны қалай қозғау қажет екен?

Мен ауаны көргенім жоқ, бірақ, ол әрқашан біздің айналамызда екенін білемін.

Жұмбақ шешу

 

 

Ауа

Сұрақтарға  жауап береді

Жоқ

 

Жоқ

Бар

Қағазды алып беттеріне желпиді

Бетімізге жел соғады.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

Тәжірбие 1.Полиэтилен пакетімен. Қолымызға полиэтилен пакетін алайық. Пакетте не бар? Оны бірнешеге қабаттап бүктеуге болады. Енді біз пакетке ауаны жинаймыз да аузын бекітеміз. Пакет іші толған ауа. Ол жастыққа ұқсап қалды ма? Енді аузын ашып ауаны шығарамыз. Пакет қайта өз қалпына келді. Неліктен?

Қортынды: ауа түссіз, оны көру үшін ұстап алу керек. Біз солай істей алдық па?

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Тәжірбие 2. Адам денесінде де ауа бар.

Біз оны қайдан білеміз. Партада жатқан шарды алып үрлеп көрейік.

·         Міне көрдіңдер ме!

Қортынды: яғни, адам денесінде де ауа бар. Шарға үрлемес бұрын терең дем аламыз содан кейін үрлейміз.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Ал ауа біздің денемізге қалай келеді? Әрине! Барлық адамдар мұрын арқылы дем алады.Балалар, кәне бәріміз мұрын арқылы дем алып дем шығарып көрейік.

·         Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар ауаның иісі бар ма? Қәне, искеп көрейік. Апамыздың немесе анамыздың бауырсақ пісіріп жатқанын біз қалай біліп қоямыз? Яғни ауа қозғалады сол арқылы біздің мұрынымызға жетеді де біз оны сеземіз. Бірақ, ауаның иісі жоқ.

Бүгін ауа туралы көп нәрсе білді!

– ауа әрқашан бізді қоршап тұрады;

-ауа өте жеңіл;

– ауа адам денесінде;

– ауасыз өмір сүруге болмайды;

– ауаның иісі және түсі жоқ:

– жел-бұл ауаның қозғалысы.

Сергіту сәті: «Таза ауа» туралы әні

Жұмбақ

Кессем кесілмейді,

Бөлсем бөлінбейді. Ол не?

Ол не?

Балалар, мынау глобус. Ғарыштан біздің жер шарымыз осылай көрінеді.

– Глобустағы көк түс нені білдіреді?

-Иә, бұл су. Жер шарының ¾ бөлігін су алып жатыр. Су жер шарының тіршілік көзі болып саналады. Су кімге және не үшін қажет?

Бір стақан су алып қарап шығу. Су туралы не айта аласыңдар. Су қандай? Су- бұл сұйықтық.

Тәжірбие 1. Судың дәмі қандай?

Үстел үстінде тұрған стақандағы судың дәмін тату. Яғни судың дәмі жоқ.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Тәжірбие 2. Судың пішіні қандай?

Үстел үстінде кубик пен шар жатыр. Мына заттардың пішін қандай? (балалар жауабы). Судың пішіні бар ма? Жіңішке құтыны алып су толтырамыз. Ол суды жалпақ ыдысқа құямыз. Суды қандай ыдысқа құйсақ су сол ыдыстың пішінін алады.

Қортынды:  Суды қандай ыдысқа құйсақ су сол ыдыстың пішінін алады. Су – сұйықтық. Судың пішіні жоқ.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Тәжірбие 3. Судың түсі қандай?

– Екі стақан алайық бірінде су екіншісінде сүт. Қайсы ыдыста қасық сендерге көрініп тұр. Нені байқадыңдар?

Қортынды: су құйылған стақан ішіндегі қасықты көруге болады, ал сүт құйылған стақан ішіндегі қасықты көре алмаймыз. Яғни су мөлдір сұйықтық.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Тәжірбие 4. Су – еріткіш.

Судың дәмі бар ма? Бір балаға тұзы екінші балаға қантты суға салып езіп көруді сұраймын. Енді судың дәмін көріңдер. Не өзгерді? Судың дәмі бар ма? Бір балаға тұзы екінші балаға қантты суға салып езіп көруді сұраймын. Енді судың дәмін көріңдер. Не өзгерді?

Қортынды: Судың өз дәмі жоқ. Суға салған нәрселерімізге не болды? (балалар жауабы).

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Ғажайып сәт: «Мұз ханшайымының сыйлығы»

Тәжірбие 5. Су – мұз.

Ғажайып сәт «Қар ханшайымы» сыйлығы (есікті қағып мұзды ұсынады)

Балалар мынау не нәрсе? Иә, бұл мұз. Мұз қайдан пайда болады? Мұз қандай?

Қортынды: Су табиғатты қатты күйінде де кездеседі.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

Тәжірбие 6. Су –бу.

Мынау не? (балалар жауабы) Шәугіммен не істейміз? Суды қатты қайната беретін болсақ не болады? Дұрыс айтасыңдар су буға айналады. Егерде ыстық судың бетін жабатын болсақ қақпақтың бетінде тамшылар пайда болады.

Балалар, суретке қараңдаршы, суды жердің бетін қатты қыздырғанда ондағы су буға айналып көтеріледі. Жоғарыда ол суып бұлтқа айналады да жел арқылы ауада қозғалады. Одан кейін ол жерге жазда-жауын ретінде ал қыста-қар ретінде түседі.

Бағалау: «Тамшы» арқылы бағалау.

 

 

Балалар тәжірбие жасайды

Әліппе-дәптер.

Тәжірбие 1.

Пакет

Қортынды жасайды

 

Тәжірбие 2.  Шар

Балалар қоларына бір-бір шардан арлып үрлейді.

Мұрын арқылы

Ауаның иісі жоқ.

Мұрынымыз арқылы иісін сеземіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су

 

 

Суды

Балалар жауабы

 

 

 

 

Тәжірбие 1. Су

Балалар алдыларындағы стақандағы судың дәмін көреді.

Тәжірбие 2. Су , кубик, шар

Кубик төртбұрышты

Доп дөңгелек

Балалар жауабы.

Балалар мұқият қарап отырады.

 

Тәжірбие 3.

Бірінші стақанда сүт екіншісінде су

Сүт ішіндегі қасық көрінбейді ал судағы қасық көрінеді.

 

Тәжірбие 4. Тұз, қант, су

Балалар алдыларындағы тұз немесе қантты салып араластырады.

Су қантты, тұзды ерітті.

Еріді.

Дәмін көреді.

Тәжірбие 5. Мұз

 

 

 

 

Тәжірбие 6. Шайнек

Шай қайнатамыз

Бу шығады.

 

Қортынды жасайды. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

Қорытындылау. Өзін–өзі бағалау.

Балалар бүгін біз неге тәжірбие жасадық?

Балалар өздерінің сабақты қалай түсінгендерін тамшылар көңіл күйі арқылы білдіреді. Балаларды мадақтап, сабақты аяқтаймын.

Сұрақтарға жауап береді, дәлелдейді.

Күтілетін нәтеже:

Нені біледі:

Ауа және судың қасиеттерін тәжірбие жасау арқылы біледі.

Қандай түсініктерді игерді:

Сусыз және ауасыз тіршіліктің жоқ екенін түсінеді.

Меңгерген дағдылармен іскерліктері:

Балалар өздіктерімен жұмыс жасау дағдысын меңгерді.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Жасыл зымыран – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Сары зымыран – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

Қызыл зымыран ештеңе түсінбедім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *