Моңғол шапқыншылықтарының салдары

 

Сабақтың тақырыбы:

Моңғол шапқыншылықтарының салдары

 

Мұғалімнің аты-жөні:Ақжігітқызы А

Күні:

 

 

Сынып :  6  «А»

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау.

Сабақтың мақсаттары 

 

 Мемлекет  және  мемлекеттілік басқару  ұғымын  түсіндіре алады, этноәлеуметтік құрылымын анықтайды.

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі XIII-XV ғасырлардағы моңғолдар мен қыпшақтардың әсерінен болған Қазақстан территориясындағы өзгерістерге дәлел келтіреді;

XIII-XV ғасырлардағы Қазақстан аумағында  құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді  талдайды;

 

Тілдік құзіреттілік Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);

Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);

Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары).

Пәнаралық байланыс Әдебиет, география, дүниежүзі тарихы.
Алдыңғы оқу Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал.

-Мен осы мектептің үздік оқушылардың қатарындамын деген оқушылар оң қолын көтерсін.

-Маған Қазақстан тарихы пәні ұнайды өте қызық деген оқушылар сол қолын көтрсін.

-Бүгінгі сабақтан өзіме құнды мәліметер алып балық  тапсырмаларды орындаймын десеңдер шапалақ соғамыз.

«Мадақтау»Мақсаты: тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

«Топқа бөлу»

Оқушылардың өздерінің қалауы бойынша үш топқа бөлінеді. (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы)

«Миға шабуыл» Оқушыларға сұрақтар қою.

–          Отырар қаншалықты жақсы қорғанған?

–          Отырардың моңғол әскерлерінен басып алуынан аман қалу мүмкін бе?

–          Моңғолдар неліктен жеңіске жетті?

Қызығушылығын ояту. «Рөлдік ойындар» Рөлдік ойындар әдісінің негізгі қатысушалардың басқа адам кейпіне (рөліне) еніп, соның ішінде әрекет етуінен тұрады. Басқа біреудің рөлін ойнағанда, оның көзқарасы, ойы мен сезімдерін түсіну жеңілге түседі. Сонымен қатар бұл әдіс сыни ойлауды күшейтіп, шешім қабылдауға және өз көзқарасыңды қорғауға мүмкіндік береді.

М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасынан үзінді.

 

Видеокөрсетілім «Монғол империясының құрылуы»

 1 тапсырма .«Жеке тапсырма»

 Бейне көрсетілім арқылы оқушылар Қазақстан жеріндегі өз ұлыстарының  аумақтарын Қазақстан  картасынан көрсетеді.

2 тапсырма. «Топтық жұмыс»

1 топ: Орта Азияға моңғолдардың әкелген өзгерісін анықтаңыз.

«Фиш-боум» әдісі арқылы

2 топ: Орта Азияға қыпшақтардың әкелген өзгерісін анықтаңыз.

«Постер» қорғау

3 топ: Орта Азияға моңғолдардың және қыпшақтардың әсерінен болған  этноәлуметтік өзгерістің ұқсастықтарын салыстырады.

«Венн диграмма» сызбасын толтыру.

 

 

 

 

 

Дескриптор:

1. Орта Азияға моңғолдардың өзгеріс әкелгеніне  дәлелдер келтіреді

2. Орта Азияға қыпшақтардың өзгеріс әкелгеніне дәлелдер келтіреді

3. Орта Азияға моңғолдардың және қыпшақтардың әсерінен болған  өзгерісті салыстырып маңыздылығын анықтап, талдайды.

Бағалау: 2 жұлдыз 1 тілек әдісі бойынша топтар қарсылас топтарды бағалайды.

 

 

 

3 тапсырма

«Ойлан Жұптас.Бөліс»

Берілген  тарихи оқиғалардың ақихат немесе жалған екендігін анықтап жалған тұжырым туралы оқушылар өз пікірін бөліседі.

Тарихи оқиғалар «Ақиқат» «Жалған»      Дәлелдер
1 Моңғол шапқыншылығы Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті

 

 

+    
2 Қазақ жерінде мемлекеттік тіл моңғол

тілі деп есептелді.

  +  
3 Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Отырар,Сығанақ,Ашынас қалалары толық қиратыды. +    
4 Моңғолдар Жетісу халқын қырғынға ұшыратып,күшпен жаулап алды   +  

Дескриптор:

·         Моңғол шапқыншылығы Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгергенін «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтайды

·         Қазақ жерінде мемлекеттік тіл моңғол тілі деп есептелгенін «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтайды

·         Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Отырар,Сығанақ,Ашынас қалалары толық қиратылғанын «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтайды

·         Моңғолдар Жетісу халқын қырғынға ұшыратып,күшпен жаулап алғандығын «ақиқат» немесе «жалған» екендігін анықтайды.

 

4 Тапсырма – «Кезбе тілші» әдісі

Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексереді.

–  Бүгінгі сабақтан қандай мәліметтер алдыңыз?

–  Моңғол шапқыншылығының  салдары қандай болды?

–  Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерін толық қай жылдары толық жаулап алды.

–  Дескриптор:

1.      Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін айтады.

2. Моңғол шапқыншылығының  салдарын түсіндіреді.

3. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерін толық қай жылдары толық жаулап алғандығына жауап береді.

Кері байланыс:

 

 

 

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010

Өзгеріс пен ұқсастықты анықтауға арналған суреттер

 

Сабақтың ортасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Оқушыларға қажетті ақпараттарды жинау үшін әр түрлі деректер ұсынылады.

Моңғолдардың басқару жүйесі туралы мәтін.

 

Моңғолдардың жаулап алу бағыттары көрсетілген карта

 

Қазақстан территориясындағы ұлыстардың құрылуы туралы карта.

ҚЫПШАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰДІРЕТІhttp://e-history.kz/kz/publications/view/2399

 

Кодекс Куманикус

Қыпшақтану үдерісі

 

 

 

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныптық талқылау барысында оқушылардың сұрақтарды түсіну деңгейі анықталады, сын      тұрғысынан ойлау, тарихи деректермен және белгілі бір фокусқа бағытталып жұмыс жасау дағдылары дами бастайды.    
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *