Жарнама-кәсіпкер стратегиясының бір бөлігі
Бекітемін
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары ________Г.Г.Исмагулова
Сабақ жоспары
Топ № 391
Күні:10.12.19
Сабақтың аты: Нарықтық экономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Жарнама-кәсіпкер стратегиясының бір бөлігі
Сабақ мақсаты:
Біліктілік: Жарнаманың шығу тарихы мен түрлерімен танысу.
Тәрбиелік: Оқушылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген жауапкершілігін жақсарту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жаңа материалдарды меңгеру дәрежесін, жүйелі ойлауын және пәнге, мамандығына қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Теориялық
Көрнекілігі:оқытудың техникалық жабдықтары презентация Prezi.com, видеоматериал, плакаттар ( оқу материалдары)
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу
3. Сабаққа дайындықты тексеру
Үй тапсырмасы: алдын-ала топқа бөліну арқылы үй тапырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып, саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар. Адамдардың алғашқы томаға-тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет-ғұрып сияқты өзге де обьективті алғышарттармен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым-түсінігін қалыптастырды. Ал, ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың, аралас-құраластық пен сан қырлы байланыстың, яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы. Жарнама – коммуникация құралы, мәдени және өркениеттік тетіктер–техника мен технология арқылы ол қоғамдық байланыстардың дамуына өз әсерін тигізеді. Әлбетте, адамзат қоғамының тәй-тәй басқан шағында толыққанды жарнама әлі өмірге келмеген-тін, тек жарнама нышандары ғана бой көрсете бастаған-ды. Жарнама нышандарын алғашқы қауымға қауіп-қатер төнгенде дабыл атқарымын орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен айырмалаған әлеуметтік ақпарат ретінде қарастыруға болады. Тайпа мүшесінің сақал-шаш жіберуінен, киім киісінен, денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат «көзге ұрып тұратын». Бұл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан әлеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар, ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмалана алды. Сөйтіп, қоғам дамуының бастапқы сатыларындағы бұл нышандар жарнаманың пайда болуына жол ашқан әлеуметтік және мәдени тірліктің таптық және мүліктік жіктелу сипаты бар элементтері-тін. Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: Б.д.д. ІІІ мыңжылдық–б.д. V мыңжылдық – жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең); VІ-VІІ (орта) ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы); ХVІ-ХVІІ ғасырлар – Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы; ХІХ ғ.-XX ғ. басы – индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі.
ATL және BTL бұл мәні бойынша, «дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» деп анықтауға болатын жарнаманың түрлері.
ATL (Above the Line, сызықтың үстіңгі жағындағысы) деп классикалық көзқарас бойынша әдетте теледидар, БАҚ басылымдары; сыртқы жарнама, сату нүктелеріндегі жарнама, радио; кинотеатрлардағы реклама, кейде – автокөліктегі және ғаламтордағы жарнама деп түсінеді.
BTL (Below the Line – сызықтың астындағысы) – тұтынушылар арасында сатуды ынталандыру (consumer promotion), сауда делдалдары арасында сатуды ынталандыру (trade promotion), тікелей маркетинг (direct marketing), жарнама материалдар (POSm), ерекше іс-шаралар жатады (special events).
Жаңа сабақты бекіту
1. Шығын дегеніміз не?
2. Шығын қалай жіктеледі?
3. Тұрақты және өзгермелі шығындарға мысал келтіріңіз?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Лекцияны оқып келу.
Оқытушы: _______________ А.Е.Асанова