Т.Медетбек “Тәуелсізбін” өлеңі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық жанындағы  интернатпен №7 ЖББОМ КММ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні:  Қазақ әдебиеті                                               

Ұзақ мерзімді сабақтың                               

бөлімі:  ІV бөлім «Ұрпақ тәрбиесі»                                                                           

Күні:

Пән мұғалімі:  Жулаева Шатгуль Бахытовна

Сынып: 7                                                                               Қатысқандар:      Қатыспағаны:

 
Сабақтың тақырыбы Темірхан Медетбек  «Тәуелсізбін» өлеңі  
Осы сабақта қол жеткізілетін  оқу мақсаттары Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, жатқа айту.

А/И 3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

 

 
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Т.Медетбектің өмірі мен шығармашылығы туралы және «Тәуелсізбін» өлеңінің сюжетін түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем шығармадағы   ақпаратқа қосымша ой айтады, өлеңді талдай алады. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін жан-жақты ашып,үзінділерді нақышына келтіріп жатқа айта біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Өлең сюжетін өмірмен байланыстырып, ел ертеңі туралы болжам жасай алады. Өз толғанысын білдіретін бір шумақ өлең жаза біледі.

 
Бағалау критерийі

 

Тақырып пен идеяны анықтайды;

Өлең мазмұнын тарихи деректермен байланыстырып, талдай алады;

Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін білдіретін үзінділерді жаттап, мәнерлеп айта біледі.

Алған әсерін білдіре отырып, хат жаза алады.

 
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: мәтін ішінен ақпаратты анықтай алады, өз пікірлерін білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:  шемен, шұлғау, жуынды, жазира, бойлық.

Сөз маржан:

Шемен-қайғы-қасірет, уайым,шер;

Шұлғау – қонышты аяқкиім ішінен аяққа орайтын қалың мата;               Жуынды –тамақ қалдығы;

Жазира – араб тілінен енген. Кең дала, құрлық жер;

Бойлық – географиялық экватордан меридианға дейінгі градуспен белгіленетін аралық, арақашықтық

 
Ойлау деңгейлерінің дағдылары Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау

 

 

 
Құндылықтарға баулу Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

 
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, әдебиет теориясы, тарих, бейнелеу өнері.  
Сабақ  барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған  жаттығу  түрлері Ресурстар  
Сабақтың басы

2 минут

Сәлемдесу . Ортаға оқушыларды шақырып тренинг өткізу .

Әдісі: Ой қозғау стратегиясы
Мұғалім: Мен мына кішкентай ғана допқа қарап отырып біздің жерімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп отырмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек.
Егер барлық әлем сенің алақаныңда тұр деп есептесек, сенде үлкен күш пайда болса нені өзгертер едің?
(Оқушылардың қолына допты беріп, жағалай пікірлерін сұрау.)
Оқушы: Әлемде татулықтың болғанын қалар едім, Отанын құрмет тұтуын, адамдар бір – бірімен дос болғанын, түсінгенін. Тыныштық, бірлік, бейбітшілік болса, әрбір ел тәуелсіз, егеменді болса деймін.
(Оқушылардың пікірі арқылы тақырыпқа шығу.)
Мұғалім: Көрдіңіздер ме, жұмыр жерді мекендейтін әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен.
Бүгінгі біздің қозғайтын әңгімеміз ел тыныштығы, бірлігі, тәуелсіздігі туралы болмақ. Сабағымызда тәуелсіздік ұғымының мағынасын терең ашып, жер бетін мекендейтін тіршіліктің өмір сүруі үшін азаттық, бірлік, егемендіктің ролі мен оны сақтаудың маңыздылығын әңгімелейтін боламыз.
Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберсек, бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Ұлы даланың перзенті қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері, тағдыры алға тартқан талай тар жол тайғақ кешулері жатыр.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді.

3 топқа бөлінеді .

1-топ көкбайрақ

2- топ әнұран

3-топ елтаңба

 

Авторларын сұрау :

Ту –Шәкен Ниязбеков

Елтаңба –Шот Аман Уәлиханов

Жандарбек Мәлібек

Әнұран –Ж.Нәжмединов Н.Назарбаев ,Ш.Қалдаяқов

 
Сабақтың ортасы                                  Мағынаны тану

 

 
Уақыт   Мұғалімнің әрекеті Оқушы  әрекеті  
5 минут Білу

Дескриптор

Тәуелсіздік туралы ой жинақтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңге  сатылай кешенді талдау жасау. (авторы,тақырыбы,жанр түрі,негізгі идеясы, өлең құрлысы: шумақ, тармақ,буын,бунақ,ұйқас). Әдеби теориясын табу.

.

 

Қазақстан тақырыбында сұрақтар қойылады.

Тақырып ашылады

Тәуелсіздік туралы бейне материал көрсету

 

Атордың өміріне шолу мақсатында «Түйіндеме»  толтыру

1. Темірхан Медетбек 1945 жылы 6 наурызда ОҚО Түркістан ауданының Амангелді ауылында дүниеге келген. Ақын орта мектепті бітірген соң, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте оқыған. Ақын қазақ поэзиясын өршіл рухты жаңашыл туындыларымен байытты. «Көк түріктер сарыны» атты жинағында замана зары мен бүгінгі күн мәселелереі ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған. Оның «Махамбет рухының монологі» , «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандары – ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтикалық болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін аударды. Т.Медетбеке «Тағдырлы жылдар жырлары» жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

2. Т. Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңін оқып, талдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл? (27жыл)

2. Тәуелсіздік күні қашан атап өтіледі? (16желтоқсан.)

3.Елімізде тәуелсіздік ұғымымен байланысты қандай атаулар мен символдарды білесіздер?

4.Не себепті … деп ойлайсыз?

 

 

 

Атордың өлеңін тыңдату .

Оқушылармен бірге

Т. Медетбектің «Тәуелсізбін»  өлеңін оқиды.

Өз ойларын ортаға салады.

 

Сатылай  кешенді талдау

Авторы:Темірхан Медетбек

Тақырыбы: Тәуелсіздік

Жанры:Өлең

Идеясы: Төккен қан мен асқақ арманның жемісі.Азаттықтың бейнесі

Өлең құрылысы 🙁 шумақ ,тармақ, ұйқас)

Дескриптор

– өлең құрлысын ашады.

– теориясын анықтады

 

Сөздікпен жұмыс

Шемен-қайғы-қасірет, уайым,шер;

Шұлғау – қонышты аяқкиім ішінен аяққа орайтын қалың мата;              

Жуынды –тамақ қалдығы;

Жазира – араб тілінен енген. Кең дала, құрлық жер;

Бойлық – географиялық экватордан меридианға дейінгі градуспен белгіленетін аралық, арақашықтық

 

3тапсырма. Эпитет, метафора, эпифора деген ұғымдарды балаларға түсіндіру.  Тәуелсізбін өлеңінен көрнекі құралдарды табу. 3 топ бойынша 1 топ- эпитет, 2 топ-метафораны,3 топ-эпифораны табады.

 

«Бес бұрыш» әдісі

1-топ.Өлеңнен кейіпкер  бойынан асқақ рух пен өрлік бейнеленетін үзінділерді  тауып жаз.

2-топ. Өлеңнен автордың  тарих өткелдерін , қазақ халқының бейнесін сипаттайтын жолдарынан үзінді тауып жаз.

3-топ .Өлеңде қазақ ұлтына тән ұлттық құндылықтар көрінісін тауып жаз.

 

«Жылдам жаттау» әдісі

Тәуелсізбін! Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне, азаттығым, теңдігім,

Бостандықта бойлығым мен ендігім,

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім

Оқушылармен бірге өлеңді мәнерлеп оқу шарттарын еске түсіріп, сол бойынша  «Жылдам жаттаған» оқушыларды бағалайды

. «Қайта құрастыру» әдісі

Әр топқа мұғалім өлеңнің өзі қалаған екі шумағының тармақтарын жеке-жеке қиып береді. Олар тармақтарды мағынасына қарай орналастырып, өлең мәтініне сай құрап шығарады. Бір топқа берілген шумақтар келесі топта қайталанбайды.

Топтар құраған шумақтарының біреуін жатқа айтып береді. Жатқа айту әдісін өздері таңдайды. Бір оқушы айта ма әлде өздері іштей бөліп ала ма, оны топ мүшелерінің өздері шешеді.

Дескриптор

кейіпкер бейнесін ашады;

үзіндіні жатқа айтады.

 

Семантикалық карта толтыру

 

Топ Кімге? Тақырып
1-топ Ақынға Алған әсерімен бөліседі
2-топ Елбасына Сырласып, пікір айтады
3-топ Тарихи тұлғаға Ризашылық,білдіріп, құрметтеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖБ. Кітаптың көмегімен автордың өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс. Сөздікпен жұмыс

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЖ. Өлеңдерден үзінділерді таба отырып, көркемдегіш құралдарды табады,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдам жаттау» әдісі бойынша өлеңдегі лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін түсіндіретін шумақтарды жаттайды.

1-топ – 1-шумақ;

2-топ  – 8-шумақ;

3-топ  – 10-шумақ.

Өлең мазмұны бойынша:

Қазақстан елінің өткенін тарихи деректерге сүйене отырып, сипаттайды;

Үзіндідегі тіркестерді пайдалана отырып, Тәуелсіз елдің бүгінін сипаттайды;

«Мәңгілік ел»-Қазақстан көкжиегінің  болашағын болжайды.

«Қазақстан: КЕШЕ; БҮГІН; ЕРТЕҢ» тақырыбында «ВЕНН» диаграммасын толтырады.

Белгілі уақыттан соң жаттаған өлеңді «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы мәнерлеп оқиды.

«Жазылым» тапсырмасын орындайды.РАФТ әдісін қолданып, хат жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қайта құрастыру» әдісі

І топ:

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен бүгін.

Келді, міне, азаттағым, теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім.

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!

Қарсы қарап қатал мынау заманға,

Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.

Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,

орман, көлім, далам менен балам да!

ІІ топ:

Тәуелсізбін –

Өзіме-өзім құдаймын.

Тәуелсізбін –

Нұры – сынды, күн, айдың.

Құласам да емін-еркін құлаймын,

Жыласам да емін-еркін жылаймын.

Тәуелсізбін –

танып тұрмын өзімді.

Ұшырамын қанат байлап сөзімді.

Ешкім енді көкірегімнен итеріп,

Ешкім енді шұқымайды көзімді.

ІІІ топ:

Тәуелсіз ғой ойым менен ұғым да,

бақыт құсым қонды келіп тұғырға.

Тәуелсіздік алды бүгін, қараңдар,

Тойым түгіл

қайғым менен мұңым да.

Заман өтті –

қансыратып қанаған,

Заман өтті –

қалтыратып тонаған.

Тәуелсіздік келді, міне, ақыры!

Зорға жеттім,

Зорға жеттім мен оған…

 

 

 

 
Сабақтың соңы

5 минут

КЕРІ БАЙЛАНЫС

 «5-5-1»әдісі

Қадамдары :

1.      Бес сөйлем

2. Бес сөз

3. Түйін бір сөз

            

 

 

 

 

 

 

 

 
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?  

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 
 Барынша қолдау көрсету үшін тапсырмалар:Оқушылар төмендегі сұрақтарға «Дұрыс», «Бұрыс» деп жауап береді.

-«Тәуелсізбін» өлеңінің авторы Ж.Жабаев;

– «Жазира»  араб тілінен енген сөз;

-Қазақстан 1986 жылы тәуелсіздік алды;

Орташа қолдау көрсету үшін  

тапсырмалар:

-Тәуелсіздік туралы мақал- мәтелдер мен қанатты сөздер айтып, мағынасын ашады.

 Қолдау көрсету шектеулі:

 «Тәулсіздік-тұғырым!»деген тақырыпта бір шумақ өлең құрастырады немесе сурет салады. Қабілетті оқушылардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бұл тапсырмалар тиімді.

Әрбір жұмыстан соң  ауызша кері байланыс, смайликатер арқылы критериалды бағалауды қолданамын.

 

 

Сабақ барысында оқушылар жас ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, тапсырмалар дайындалды.

Ұлттық құндылықтарды құрметтеу, әдет-ғұрыптарды қадірлеу ескерілді.

 
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары  шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

 

 

 

 

 

 

 
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҚШАСЫ

 

Оқушының аты-жөні Автор туралы мәлімет беру Өз ойы Жылдам жаттау «Бес бұрыш» әдісі Кестемен жұмыс Шығармашылық жұмыс

(Хат жазу , өлең шығару)

Кері байланыс «551» Бағасы

(ұпайы)

1                  
2                  
3                  
4                  
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *