Пена арқылы сурет салу.
Сабақ тақырыбы: Пена арқылы қала суретін салу.
Мақсаты: Дәстүрден тыс пена әдіс арқылы сурет салу дағдыларын жетілдіру. Қала және қаладағы ғимараттар жайлы түсініктерін кеңейтіп, көлемді үйдің суретін салуға үйретуді жалғастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.Қол икемділіктерін шынықтыру, создік қорын молайтып, үлкеннің еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: қырынуға арналған пена, пласмас сызғыш, қылқалам, түрлі түсті бояулар, картон қағазы, А4 форматындағы қағаз. Ойынға арналған негізгі түстері бар дөнгелек картон қағазы.
Пәнаралық байланыс: айналамен насытыру, тіл дамыту.
Алдын ала жұмыс: Қала және ғимараттар түрлерін байқату.
Іс әрекет түрлері Пелагогтың әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық оятушы
«Түстер және қосылатын түстер» ойынын ұйымдастыру.
Мақсаты: түстерді ажырата білу және шыдамдылыққа үйрету.
Шарты тақтаға қосымша түстер ілінген.
Балалар қосымша түс қандай негізгі түстерден шыққанын тауып, дөнгелек картондарды берілген түстің астына бекітеді.
Ойынды қорытындылау.
Қолдарына берілген қосымша түстер негізіндегі түстерді тауып тақтаға іледі, дәлелдейді.
Ұйымдастыру ізденушілік
«Бұл кім, үйі қайда»
ойынын ұйымдастыру
Мақсаты: Үй, мекен туралы түсініктерін кеңейту.
Шарты :
Сөздік жұмыс
Жұмыс барысы Балалар біздің яғни адамдар тұратын үйлерін кімдер түрғызады?
Ең әсем ғимараттар қайда кездестіреміз? Үлкен ғимараттар мен қаладағы әсем үйлердің суреттерін көрсету. Алдын ала жұмысты естеріне түсіру.
Ғимараттардың күндізгі және түнгі көрінісін салыстыру.
Нұрсултандығы ханшатырдың күндізгі және түнгі көрінісі.
Балалар ендеше суретіміз әсем әрі әдемі көріністерін суреттейік, ол үшін пенаға сурет арқылы сурет саламыз.
Пена устіне шыдамдылықпен сурет салу ережесін естеріне түсіру.
Балаларды білім іскерлік деңгейіне қарай бөлу.
Балалар құрылыс жайлы сөздері білетіндерін ортаға салады.
Үйді кімдер тұрғызатыны туралы айтып, құрылысшы туралы сипаттама береді.
Сөздерді қайталап, дұрыс айтуға жаттығып, есте сақтайды.
Көрсетілген ғимараттардың суреттері бойынша өз ойларын ортаға салады.
Пенаның үстіне сурет салу ережесін естеріне түсіреді.
Үш негізгі түс арқылы үш үстелге бөлініп отырады.
Негізгі түс (Көк, қызыл, сары)
Әр үстел өз жұмыстарын жасап, тапсырмаларды орындайды.
Салынған жұмыстарын балалармен отырып бағалаймыз.