Кәсіпкерлікке кіріспе

Сабақтың тақырыбы: 1.1. Кәсіпкерлікке кіріспе (2 сағат)
І бөлім. Экономикалқ құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік Мектеп: №29 Жаңатұрмыс орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мадияр Ойдин Каримбайқызы
Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.1.1.1. «Жеке кәсіпкер», «бизнес», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінеді;
10.1.1.2. Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді.
Сабақтың мақсаты Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:
– «жеке кәсіпкер», «бизнесмен», «қажеттілік», «игілік» түсініктерін түсінуіне;
– кәсіпкерлік қызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалауына
Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) 1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы жеке кәсіпкер, бизнесмен, қажеттілік, игілік түсініктерн түсінеді (өнімсіз деңгей)
2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Кәсіпкерліктің пәнін, мақсатары мен міндеттерін түсінеді. Оқушылар алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді (конструктивті деңгей) 3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: кәсіпкерлік кызметтің призмасы арқылы өз мақсатына жету мүмкіндіктерін бағалай алады. Тақырып бойынша алған білімнің толықтылығы қамтамасыз етіледі (өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.
Тілдік мақсаттыр Лексика және терминология: жеке кәсіпкер – индивидуальный предприниматель – individual entrepreneur; бизнесмен – бизнесмен – businessman; қажеттілік – потребность – need; игілік – благо – boon
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел» идеясына жүгініп, оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады.
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Досыңа тілек», «Пікірлесу», «Шеңбер бойымен сұрақ қою», «Блоб ағашы»
Қолданылатын ресурстар Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, стикерлер, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт
Алдыңғы білім Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен лоикалық көпір құру, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не?
Сабақтың барысы, кезеңдері және оқушы мен мұғалімнің әрекеттері
Сабақ басы
(3 минут) 1. Оқушылармен амандасу. Мұғаліп сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрған оқушыға сәттілік тілейді.
2. Оқулық және дидактикалық материалдармен танысу: олардың мақсаты, мазмұны, ерекшеліктері.
3. Сыныпты топтарға бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ: «Бизнес»; 2-топ: «Экономика»
4. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, сіздер 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқисыздар. Сендер кәсіпкерлік, бизнес, экономика, менеджмент және маркетинг негіздерін меңгеретін боласыздар. Қазіргі нарық жағдайында қажет практикалық дағдыларды қалыптастыра аласыздар.
Біздің бірінші сабақ «Кәсіпкерлікке кіріспе» тақырыбынан басталады. Ол үшін Кәсіпкер деген кім? Бизнес деген не? Сұрақтарына жауап іздеп көрейік.
Жұптасқан оқушылар сұрақтарды талқылайды, пікір алмасады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді.
Сабақтың ортасы- тақырыпты өз бетімен меңгеру (15 минут) Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздероқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылыжаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлығыңызға сәттілік тілеймін!
1. «Сұрақтарға жауап берейік» дағдыс. Оқулықтан төменгі сұрақтардың жауабын табыңыздар, негізге идеяларды талқылаңыздар дәне дәптерлеріңе жазыңдар (жеке жұмыс).
1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?
2. Кәсіпкер ең кемі қандай дағдылар жиынтығына ие болуы керек?
3. Кәсіпкердің мақсаты қандай?
4. Жеке кәсіпкер қандай мәселелерді шешеді?
5. Бизнес дегеніміз не?
6. Жеке кәсіпкер қандай тәуекелдерге барады?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптерлеріне негізгі идеяларды жазады.
2. Карточкалармен жұмыс. Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден (карточкалардан) өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктері мен артықшылықтарын белгілеңіздер.
Кәсіпкерліктің артықшылықтары Кәсіпкерліктің кемшіліктері
• Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңды өзіңіз шешуіңе, бақылауға мүмкіндік береді.
• Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңыз мен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөлеалатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін боласыз.
• Егер сіз бизнесіңіз мүмкіндік берсе, сіз қала сыртына, теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс істей аласыз.
• Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкерлердің айтуынша, олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.
• Кәсіп иесі ретінде сіз жасампаз және жаңашыл адам бола аласыз.
• Кәсіпкерлік өз еңбегінің жемісіне қуанып, жұмысқа сіңірген еңбегіңіз бен іскерлік ебіңізге сәйкес пайда табуға мүмкіндік береді.
• Зерттеу нәтижелері бойынша кәсіпкерлер жалдамалы жұмысшыларға қарағанда өз жұмысына көңілі толады және олардың өмір сапасы жоғары • Жауапкершілік көп болған сайын күйзеліс көп. Табыстылық пен жеңіліс тек өзіңізге байланысты.
• Кәсіпкердің өмірі тұрақсыз болуы мүмкін. Тапсырыстар көлемі мен оларға кететін уақыт, соған сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығы мен табыс құбылып тұрады.
• Күніне 24 сағат кәсіпкер болу керек, яғни жұмыс пен бос уақыт арасындағы шекара жойылып кетеді.
• Алғашқы уақыттарда табыс көлемі жалдамалы жұмыспен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.
• Отбасы мен қызығушылықтарға уақыт аз қалуы мүмкін.
• Кәсіпкер –өзі салық, ақылы демалыс жалақыларын төлеп, басқа да пайда болатын күтпеген шығындарды есептеуі керек.

3. «Ойланайық, талқылайық» дағдысы. 1. Топтық жұмыс. Топтарға бөлініп сұрақтарға жауап беріңіздер.
«Бизнес» тобы: 1) Неліктен кәсіпкердің басқа жұмыс жасауынамүмкіндігі жоқ? 2) Неліктен кәсіпкерлерді көбіне өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп атайды?
«Экономика» тобы: 1) Кәсіпкердің бизнесменмен маңызды ерекшелігі неде? 2) Кітапта берілген танымал бизнес-тренер Роберт Кийосакидің пікіріне қосымша ретінде болашақ кәсіпкерге тағы қандай әрекеттер керек екендігін талқылаңдар.
4. «Талдап, салыстырайық» дағдысы: Топтық жұмыс. 2 топқа бөлініп, «Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды» тасырмасын орындаңыздар.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктерін талдаңыздар:
«Бизнес» тобы:
– Қауіп-қатер (тәуекел, қиындық);
– Өз қаражатының есебінен қызмет істеу;
– Тәуелсіздік;
«Экономика» тобы:
– Өнертапқыштық;
– Жауапкершілік;
– Белсенді іздену.
5. «Дәптерге орындайық» дағдысы. Кестені толтырыңдар
№ Қызметтің түрі Жұмыс иесінің орнында болмаған жағдайдағы табысы Жауапкершілік Тәуекелдер
1 Кәсіпкерлік Жоқ Жоғары Жоғары
2 Бизнес Бар Жоғары Жоғары

Сергіту сәті (2 мин) «Жеті шырақ» жаттығуы (жақсы баяу музыкамен орындалады). Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмып, терең демалыңыз. Сізден шамамен бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырақ бар екенін елестетіп көріңіз… Мүмкіндігінше баяу, терең дем алыңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді… Сіз қайтадан баяу тыныс алып қалған шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.
6. «Қолданып көрейік» дағдысы. Кәсіпкерлердің қызмет түрлерін анықтаңыздар. Бос ұяшықтарды толтырыңдар.
№ Қызмет Қызметтің түрі
1 Әмина мемлекеттік емханада терапевт болып жұмыс істейді Жалдамалы жұмысшы
2 Әли өзінің жеке клиникасында стоматолог болып істейді Кәсіпкерлік
3 Әмірдің медициналық орталығы бар Бизнес
4 Зәуреш сауда орталығындағы өз бутигінде киім сатады Кәсіпкерлік
5 Батырбек-санаторийде аспаз Жалдамалы жұмысшы
7.«Ой бөлісейік» дағдысы. Пікір алмасу. «Шеңбер бойымен сұрақ қою» стратегиясы қолданылады /топтық жұмыс/:
Жалдамалы жұмысшының, кәсіпкердің және бизнесменнің қызмет түрлеріне үш мысалдан келтіріңіз. Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.
Жауаптар нұсқасы: жалдамалы жұмысшы: мектеп директоры, сатушы, дәрігер, кәсіпкер: жекеменшік мектеп (дүкен, дәріхана) басшылары;
бизнесмен: жекеменшік мектептер (дүкендер, дәріханалар) иесі.
Шығармашылық тапсырма. Кәсіпкердің қасиеттері туралы ойланыңыздар:
а) өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсін атаңыз (сіздің кәсіпкер болуыңызға көмектесетін және оған жетуге кедергі келтіретін қасиеттер);
б) әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыз.
Сабақтың соңы. Кері байланыс (3 минут) Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес стикерге жазып, флипчартқа жапсырады.
Үй тапсырмасы (10 мин) «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи алады. Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.
Рефлекция (5 мин) (мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?
2.Бүгін оқушылар не білді?
3.Сыныптағы ахуал қандай болды?
4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Қорытынды бағалау (2 мин) 1. Қандай екі нәрсе табысты болды?

2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?(оқытуды да, оқуда да ескеріңіз)?

3. Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *