«Ғасырлар үндестігіндегі Абайдың рухани мұраларының қазақ әдебиетінен алатын орны»

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, қазақ мәдениетін жағартуды көздеп, артына айтулы әдеби мұра қалдырған рефоматор – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толу мерейтойына орай ауданымызда алғашқылардың бірі болып, қазақтың ержүрек, қайсар қызы – Мәншүк Мәметова есімімен аталатын №33 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылы қазан айының 16 жұлдызында «Ғасырлар үндестігіндегі Абайдың рухани мұраларының қазақ әдебиетінен алатын орны» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай қазақты әлемге танытқан ұлы тұлғаның мерейтойын атап өту біз үшін мақтаныш болды. Семинар аудан көлемінде ұйымдастырылып, Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудандағы мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері шақырылып, 70 мектептен келген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу болып табылғандықтан, семинарда ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, кітапханалық сабақ, сайыс сабақтар ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығынан әдеби кеш сахналанды.
Семинар ІІІ бөлімнен құралды. І бөлім – ұйымдастыру кезеңі, ІІ бөлім – операциялық кезең, ІІІ бөлім – қорытынды кезең.
І бөлім бойынша семинар бағдарламасына сәйкес А. Колдасова мен Н. Өмірбек келген қонақтарды қарсы алып, тіркеу жүргізді. Келген қонақтарды мектеп фойелерінде ұйымдастырылған педагогикалық және әдістемелік көрмелер таныстырылды. Семинардың ашылуы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары А. Сағындық, Ж. Бейсебаева және аға-тәлімгер Н. Аханның ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен басталды. Қосымша білім беру педагогы, үйірме жетекшісі К. Бейсенбаева мен музыка пәнінің мұғалімі О. Утегеновтың жетекшілігімен оркестр Абай Құнанбаевтың күйі «Торжорға» мен халық күйі «Тепенкөкті» орындап, «Каусар» бишілер би тобы би билеп, ұлы ақынның әндері орындалды. Концерттік бағдарламадан кейін ЖАББ-нің әдіскері – А. Қарсыбаева мен мектеп директоры – А. Есімханов семинарды ашып беріп, бағдарламамен таныстырып өтті.
ІІ бөлім операциялық кезеңнің алғашқы 40 минутында «Шын хәкім, сөзің асыл, баға жетпес» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай, ақынның баға жетпес дүниелерімен жас ұрпақты сусындау мақсатында 9 «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Б. Зулпиева қазақ әдебиеті пәнінен «Айтыс», қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж. Бейсебаева қазақ әдебиеті пәнінен 10 «Ә» сыныбына «Ескендір» поэмасы», қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Е. Мырзанов қазақ тілі пәнінен 7 «А» сыныбына «Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізсе, тарих пәнінің мұғалімі А. Турганова 8 «Ә» сыныбына «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты сайыс сабақ, бастауыш сынып мұғалімі А. Муталханова 3 «Ә» сыныбына «Абай – ұлы ақын» атты тәрбие сағаты және кітапхана меңгерушісі А. Телбаева 6 «А» сынып оқушыларымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітапханалық сабақ өткізді.
20 минуттық үлкен үзілісте бастауыш сынып мұғалімі А. Буданова бастауыш сынып оқушыларымен «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты тақырыпта поэзия минутын ұйымдастырып, келген қонақтарға «Шұбат times»-тан шұбат ұсынылды. Қонақтар шұбат ішіп, дәмнен ауыс тиіп, жас бүлдіршіндердің өлеңдерін тыңдады.
Екінші сабақта қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Б. Зулпиева қонақтармен «Абай шығармаларын өзге пәндерге кіріктіру жолдары» тақырыбында коучинг, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Е. Мырзанов пен Ж. Бейсебаева қонақтармен «Лингво – әдеби әлем» сайыс ұйымдастырса, бастауыш сынып мұғалімі А. Жуматова «Әлемнің Абайы» тақырыбында 4 «А» сынып оқушыларымен және 7 «А» сынып жетекшісі У. Ахмедова «Ұлы даланың дана ойшылы – Аbai» тақырыбында 7 «А» сынып оқушыларымен тәрбие сағаттарын өткізді.
ІІІ бөлім қорытынды кезеңде «Абайдай тұлғам барда мен бақытты» тақырыбында «Абай әлеміне саяхат» клуб мүшелерінің және мектептің жас өнерпаздарының қатысуымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешке қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Б. Зулпиева, Ж. Бейсебаева, Е. Мырзановтар жетекшілік етіп, қосымша білім беру педагогы К. Бейсенбаева мен музыка пәнінің мұғалімі О. Утегенов те өз үлесін қосты.
Семинар соңында ЖАББ-нің әдіскерлері сөз алып, өткізілген іс-шараға бағасын берді. Сабақ өткен мұғалімдердің сабақтарын талқылап, келген қонақтар өткізілген сабақтар мен тәрбие сағаттырына оң бағаларын беріп, семинардың өте әсерлі және ауқымды түрде өткендігі туралы өз пікірлерін білдірді.
Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына бүгінде біз жетіп отырмыз. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абай өлеңдері мен шығармаларын бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс. Мектебіміздің ұлы ақын – Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ұйымдастырып өткізген семинары жас ұрпаққа ғасырлар үндестігіндегі ұлы данышпанның рухани мұраларының қазақ әдебиетінде алатын орны туралы мағлұматтарды бере отырып, өз мақсатына жетті. Абай Құнанбаевтың шығармалары мен ғақлияларының мән-мазмұны жас өрендердің әрбір ісіне жалау болатын, іздегенін өзгеден емес білімнен таба алатындай жігер беретін, ақ пен қараны таразыға салып, оң мен солды, жақсы мен жаманды, адалдық пен амалдықты, байлық пен жоқшылықты, әділдік пен арсыздықты даралап, жол сілтей біледі. Сондықтан, өз мақаламды Абайдың әр туындысынан адам бойына адамгершілік, еңбекқорлық, ар-намыс ұялататын дүниелерін оқуға шақырамын, бір сөзбен айтқанда, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауыл әкімшілігі
«М. Мәмтова атындағы №33 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемкелкеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі – Бейсебаева Жанара Нурлановна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *