“Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан” Ашық ҰОҚ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Бөлімдері: «Сөйлеуді дамыту», «Құрастыру»

Мақсаты: Туған ел, елорда Нұр-сұлтан туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, олар туралы айтып беруге, Мемлекеттік Гимніне рәсім жасауға үйрету. Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Ту, Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта, слайд, буклеттер, қуыршақ театры.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақтар мен жауаптар, қуыршақ театры, шаттық шеңбер, сергіту сәті, құрастыру.

Қостілдік компонент: Отан – Родина, Елбасы – Президент, Ту – Флаг, Әнұран – Гимн, Елтаңба – Герб, Тәуелсіздік – Независимость.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

 

Мотивациялық – қозғаушылық

 – Балалар, далада ауа-райы қандай? Адамдар неге қалың киімдерін киіп алған? Жақында аспаннан не жауды? Күн не себепті суықтап кетті?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, қыстың қай айы қазір?

 

-Балалар, сендерді ортаға шаттық шеңберге шақырамын:

Шаттық шеңбері

Армысың, қайырымды аспан ата!

Армысың, мейірімді жер ана!

Армысың, шұғылалы алтын күнім!

Армысың, тәуелсіз елім менің!

 

-Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз бүкіл әлемге танылып отырған Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне арналмақ.

-Барша Қазақстандықтар қатты құрметтейтін, қолдарын жүрегіне қойып шырқайтын әні – Әнұран.

-Қане, орнымыздан тұрып,  қолымызды кеудемізге қойып  Әнұранымызды орындайық:

«Менің Қазақстаным»

 

Балалар өз жауаптарын айтады: жақсында қар жауды, суықтап кету себебі қыс келді.

 

 

 

Балалар шеңбер құрып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар оң қолдарын жүрек тұсына қойып әнұранды орындайды.

 

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Рахмет балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

 

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

 

Тәрбиеші Қазақстан Республикасының картасын көрсетеді.

-Балалар, біз аспаны ашық, кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан біздің Отанымыз.

«Отан» сөзі орыс тілінде «Родина» деп айтылады.

-Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы кім?

Қазіргі таңда елбасы кім?

-Балалар, «Елбасы» орыс тілінде «Президент» деп айтылады.

-Елорадмыз қай қала, білесіңдер ме?

-«Елорда» сөзі орыс тілінде «Столица» деп айтылады.

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Әрине, қазақ тілі біздің ана тіліміз.

-Жарайсыңдар балалар.

 

-Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Тәуелсіздікті біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз алып берді. 1991 жылы біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды.

-«Тәуелсіз» сөзі орыс тілінде «Независимый» деп айтылады.

-Әр тәуелсіз елдің өз әнұраны, елтаңбасы, туы болады. Біздің де өз туымыз, елтаңбамыз, жаңа орындаған әнұранымыз бар. Біз оларды рәміздер деп атаймыз.

 

-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ ат бар. Ат адамның қанаты. Шаңырақ үлкен ортақ үй деген түсінік береді. «Елтаңба» орыс тілінде «Герб» деп аталады.

 

-Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі.

 

-Мынау біздің туымыз. «Ту» немесе «Байрақ» орыс тілінде «Флаг» деп аталады. Тудағы белгілер нені білдіреді екен? Сол белгілерді таныстыруға бізге қуыршақтар елінен қонақтар келіпті.

Тамашалайық.

Қуыршақ:

-Сәләматсыңдар ма, балалар!

Біз сендерді «Достығымыз жарасқан» ертегісіне шақырамыз.

Автор:

-Ертеде мата, күн, қыран бүркіт, ою-өрнек кездесіпті. Олар адамдарға тек жақсылық ойлапты. Сол жақсылықтарын дүние жүзіне танытуға ақылдасыпты.

Мата:

-Мен аспан түстес, көгілдірмін. Көгілдір түс адамдардың тыныштығын, амандығын тілейді.Аспанымыз ашық болсын депт Қазақстан елінің жалауының белгісі ретінде танылдым.

Күн:

-Мен шұғылалы Алтын күнмін. Жер бетіне өз шапағымнан тараған жылуымды жіберу арқылы жер бетіндегі тіршілік иелеріне жылылық, бейбітшілік тілеймін. Бәріңде мейірімді болыңдар!

Қыран бүркіт:

-Мен құсбегінің серігімін. Жыртқыш аңдарды аулау арқылы адамдарға пайдамды тигіземін. Достықты, еркіндікті аңсаймын. Еркіндік қыран ретінде Қазақстан туының белгісі болып танылдым.

Ою-өрнек:

-Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, теңдік, тазалық, жылылық, іскерлікке баулиды. Қазағымды жер бетіне осы ұлттық өрнегім арқылы танытамын.

Бәрі қосылып:

-Міне, біздің достығымыздың арқасында Қазақ деген тәуелсіз ел бар екенін осы туымыз арқылы таныттық.

Қуыршақ:

-Балалар, Қазақстан байрағын биікке ұстап, құрметтеңдер! Осымен ертегіміз аяқталды. Сау болыңдар!

 

Тәрбиеші: -Балалар ертегіні түсіндік пе? Ертегіде не туралы айтылған? Тудағы белгілер нені білдіреді екен?

-Енді балалар, осы Қазағымыздың Туын көкке көтеріп жүрген спортышларымыз аз емес. Қандай спорттық жарыстар болсын, олимпиадалар болсын, қай елдің азаматы жеңіске жетсе, сол елдің Туы көкке көтіріліп, сол елдің әнұраны орындалады екен. Біздің елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген азаматтарымыз яғни чемпиондарымыз бар. Қане, экранға назар аударайық!

Слайд: «Көк тудың желбірегені» әні жүріп жатады, Туды көкке көтерген споршыларды көрсету.

 

Сергіту ойын-жаттығуы:

Балалар орнынан тұрып, экранда көрсетілген қимыдарды қайталап билейді.

 

Үстел үсті суреттермен жұмыс:

Әр елдің тулары белгіленген суреттен Қазақстан Республикасының Туын тауып қоршау.

 

Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Ол үшін  алдын ала қиылып қойылған сары түсті фетр матасынан ойылып қиылған күн, қыран бүркіт, оюлар және көгілдір түсті фетрдың тіктөртбұрышты қиықтары беріледі. Туды құрастыру қажет.

 

-Балалар қанекей, көк туымыз мәңгілікке асқақтап, желбірей берсін деген  ниетпен , мына күн  сәулелерін сендерге  таратып

беремін.Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасайсыңдар.

-Қазақстан Республикасының әнұраны.

 

 

 

 

-Қазақстан Республикасы

 

 

 

 

Назарбаев Н.Ә.

 

Тоқаев Қ.К.

 

 

-Нұрсұлтан қаласы

 

 

Қазақ тілінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

Ертегі ту жайында, ондағы белгіленген белгілер жайында, ондағы белгілер татулықты, жылулықты, достықты белгілейді екен.

 

 

 

 

Ойын мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

Балалар Туды тауып қарындашпен қоршайды.

 

 

 

Балалар Туды құрастырады.

 

 

 

 

 

Балалар өз сөздерімен тілектерін айтып, күнге сәулелерін әкеліп жапсырады.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

-Ауылымыз көркейе берсін!

-Ата-аналарымыз аман болсын!

-Достарымыз көп болсын!

-Қамқор болайық!

Рефлексті-түзетушілік -Балалар, біз бүгін не жайлы айттық?

Қазақстан қандай мемлекет?

Казақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы.

 

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіне барлығыңды өте жақсы қатыстыңдар.

 

 

Балаларды өз түсінгендерін айтады

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Отан, Қазақстан туған жер туралы. Еліміздің рәміздерін құрметтеу керек екенін білді.

Түсінеді: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументінің, өз елтаңбамыз, туымыз, әнұранымыз бар екендігін.

Меңгереді: Туған жерінің табиғатын, елін, жерін, отбасын сүюдің қарапайым дағдыларын.

 

 

Атырау облыс, Исатай ауданы, Аққыстау селосы,

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі: Габдрахманова Мейрамгүл Хаттарқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *