«Жайнай берсін, Астана!»


Алматы қаласы

Жетісу ауданы

КММ«№103 санаториялық

бөбекжай-балабақшасы»

Такибаева Жанар Арыновна

тәрбиеші

 

Тақырыбы: «Жайнай берсін, Астана!»

Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.

– Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой – өрісін, қимылын ұштау.

– Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ. Р – ның рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.

Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, қонақтар!

– Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!

 

Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір – бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, Астана!

Келдік саған қуана!

 

– Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.

Деніміз сау болсын!

Күніміз күлімдесін!

Еліміз аман болсын!

Ата – анамыз қасымызда болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз бақытты болайық!

Аспанымыз ашық болсын!

Әнұран орындалады.

 

– Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.

– Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.

– Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата – бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз – қазақ.

 

– Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

– Біз қай мемлекетте тұрамыз?

– Қазақстан Республикасы

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

– Қазақ тілі

– Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

– Орыс, өзбек, түрік, қытай.

– Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?

– Әнұран, ту, елтаңба.

– Ел ордамыз қай қала?

– Астана.

– Балалар, бүгін бас қаламыз – Астананың туған күні!

Тақтада ілулі тұрған суреттермен таныстыру.

Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы – Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау – Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау – Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.

 

– Астана күні мерекесіне арналған «Құлыншақ» тобының тақпақтарын тыңдайық.

Севара: Алтын заңның аясында,

Құлпырамыз бәріміз.

Отан ана аясында,

Жарқыраймыз күн болып.

 

Нурали: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам – Астанам.

 

Фатима: Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам – Астанам.

 

Жания: Отан тарих, Отан – тіл,

Жасаған елім өз халқым.

Асылым: Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.

 

Жалғас: Желбірейді шалықтап,

Қазақстан жалауы.

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

– Өте жақсы, балалар!

– Келесі кезекті «Кұлыншақ» тобының биші қыздарына береміз.

 

 

– Өте жақсы, балалар! Енді балалар орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім..

 

Ерсултан: Астана – арман қала,

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап – жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

 

Алибек: Жаса – жаса Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Ал енді сіздермен ойын ойнаиқ балалар.Қазақтын үлттық ойндары «Орамал тарту»

Өлен « Отан»     Балаларға   байтеректің суретін бояту.

– Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.

– Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *