“Ее” дыбысы және әрпі

Тәрбиеші: Султан Кенжегуль Алманкызы
Білім саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: « Е е» дыбысы және әрпі.
Мақсаты: 1. «Е е» дыбысы мен әрпімен таныстыру.Сөз ішінде басқа дыбыстан ажыратып,оны дұрыс дыбыстату. «Е е» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
2. Балалардың сөздік қорына мән бере отырып, ойлау қабілетін,қиялын дамыту.
3.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып,таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Емен,ескек
Билингвизм: Қар-снег-snow,Қыс-зима-winter,Ақпан-февраль-February.
Қажетті құрал-жабдықтар: « Е» дыбысының баспа түрі,кеспе әріптер, суреттер, ребус, әр баланың алдында сөз белгісі,кішкене тау тас,дыбыстық талдауға арналған қызыл,көк дөңгелектер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-
лық
қозғаушылық Балалар іс-әрекетімізді бастамас бұрын, қонақтармен амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки,бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлесетсіздер ме апайлар!
Бір-біріне қарап:
Қайырлы күн достым,
Ісің сәтке толсын.
Біздің алар асуымыз,
Кілең биікте болсын.

Сәлеметсіздерме,апайлар!
Ұйымдастыру-
шылық
ізденістік -Жарайсыңдар,балалар,отыра қойыңдар.
-Балалар,көңіл күйлерің қалай?
-Жарайсыңдар,ендеше тамаша көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?
-Қардың түсі қандай?
-Жел қалай соғады?
-Қыстың неше айы бар?
-Қане,қыс айларын атайықшы
-Қазір қандай айы?
Билингвизм:
Қар- снег- snow
Қыс-зима-winter
Ақ-белый-white
Ақпан-февраль-February
-Жарайсыңдар,балалар.ендеше бүгін аптаның 2-ші күні,яғни қазақша қалай атаймыз?
Сейсенбі-вторник- Tuesday

-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші.Өткен әріптерді пысықтау үшін мен сендерге «Балықшы»дидактикалық ойынын алып келдім.Ойнаймызба,балалар?

«Балықшы» дидактикалық ойыны (өткен әріптерді пысықтау). Балалар аквариумнен магниттік текшелерді қармақпен аулап алады да,текшеде қандай әріп болса , сол әріпке сөз құрайды.(а,ә,б,)

Бүгін бізде сауат ашу іс-әрекеті ерекше болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, іс-әрекетімізді бастайық. Бүгінгі іс-әрекетімізде жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті іс-әрекет барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.

І. Қызығушылықты ояту, ертегі тыңдату.
Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.
-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.
-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.
-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямызба?
Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?
Біліп жүріңдер !
Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді, сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды.Мына біздің отырған орындығымыз бен парталарымызда сол емен ағашынан жасалады екен.
-Балалар енді мен сендерге бінеше сұрақтар қоямын,сол сұрақтарға жауап берсеңдер емен ағашына көмектесе аласыңдар.Жауап бересіңдерме?
-Балалар,осы емен сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?
«Е»дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?
7.Дауыссыз дыбыс деп неге атаймыз?
Міне біз еменге көмектестік.Ағаштарға осылай үнемі қамқор боп жүріңдер!
Білімімізді әрі қарай жалғастырайық. Бүгінгі іс-әрекетімізді ой қозғау тапсырмасы арқылы анықтап, қандай дыбыспен танысатындарыңды білетін боласыңдар. Мына тақтаға назар аударайық! Тақтада сөздер жазылады
( етік, жер, бес, ел, ер, жел, кесе, емен, есен) осы сөздерден қандай дыбысты көп естідіңдер! Тақтадағы сөздердегі «Е» әрпінің астын сызып көрсетемін. Сонымен бүгінгі өтетін «Е» дыбысы мен әрпі.
-Дұрыс, енді «е» дыбысын айтып көрейік.(айнаға қарап,айтқызу)
-«Е»дыбысы қалай айтылып тұр?
-«Е»дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?
-Енді «Е»дыбысын қандай түспен белгілейміз?
-Жарайсыңдар,балалар,енді осы «Е»дыбысын әуенді кестеден табайық
(Әуенді кестемен,кубиктермен жұмыс ).
Сергіту жаттығуы:
(Видио роликпен)
Жұмбақ жасыру.
-Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырғым кеп тұр,қане кім тапқыр екен көрейік.
Шаңырақ – күн,
Уықтары-нұр,шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан!
-Дұрыс таптыңдар бұл жұмбақтың шешуі
-Бұл сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Хормен айтқызу.)

Елтаңба – сөзін буынға бөлдіреді. Буын санын таспен белгілету.
Елтаңба Сөзін кубиктер арқылы құрастыру.
Келесі жұмбақты тыңдаңдар
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Ешкі сөзіне дыбыстық талдау жасату. Жетелеуші сұрақтар арқылы сөздегі жалпы дыбыс санын,оның ішіндегі дауысты,дауыссыз дыбыстарды санатады.
Келесі жұмбақты тыңдаңдар
Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.

-Бұл сөзде «Е» дыбысы бар ма?
-Буынға бөлейік.Неше буын бар?
-«Е» дыбысы нешінші буында тұр?
-Неше буын бар?
-Дауысты дыбыс нешеу?
-Дауыссыз дыбыс нешеу?
-«Е» қандай дыбыс?
Қорытындылау:
«Е» әрпінің таңбасымен таныстыру,алфавиттегі алатын орнын көрсету.
Үлестірмелі құралмен жұмыс:
Әр балаға «Е»әрпінің нүктелері арқылы көрсетілген үлгісін беріп,қарындашпен бір-біріне қостыру.Суреттегі заттардың атауын ата.Нүктелерді бір-біріне қос.
-Балалар,біз бүгін «Е» дыбысымен таныстық,тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадық.Жарайсыңдар!
Балаларға қуанышты хабарлама таратылады.
-Тамаша.

-Қыс мезгілі
-Күн суық болады,қар жауады,жел соғады.
-Ақ болады
-Гу-гу-гу-гу деп соғады.
-Үш айы бар
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан
-Ақпан айы.

-Сейсенбі.

-Я я я я ойнаймыз

Балалар ойнау арқылы өткен әріптерге шолу жасайды.

-Жоооқ.

-Емен ағашы

«Е е»

-Екіге бөлінеді
-Дыбысты естиміз,айтамыз.
-Әріпті жазамыз,көреміз—-Дауысты дыбыстар еш кедергісіз айтылатын дыбыстар
-Дауыссыз дыбыстар кедергімен айтылатын дыбыстар

-Е-е-е-е-е-е-е

-Созылып,еш кедергісіз айтылып тұр.
-Дауысты дыбыс

-Қызыл түспен белгілейміз

-Елтаңба

-«Е» дыбысы

-Ел- таң- ба
Үш буын бар

-Ешкі

-Сөмке

-Я бар, «е» дыбысы сөздің соңында келіп тұр.
-Сөм-ке
-Екінші буында тұр
-Екі буын бар
-Екі дауысты дыбыс бар
-Үш дауыссыз дыбыс бар

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасады.

Рефлексиялық-
түзетушілік -Балалар,біз бүгін «Е» дыбысымен таныстық,тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадық.Жарайсыңдар!
Балаларға қуанышты хабарлама тарату
Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Е е дыбысын әріп таңбасын.
Түсінеді: Е дыбысы дауысты жіңішке дыбыс екенін.
Орындайды: Тапсырмаларды дұрыс орындайды, дәптермен ұқыпты жұмыс жасайды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *