Әсем қала Астана

МЕҢГЕРУШІ: Ешмағанбет Тұрсынай Батырбекқызы
ТАҚЫРЫБЫ: «Әсем қала»
МАҚСАТЫ: Балаларға Астанадағы барлық ғимараттардың ерекшеліктерімен таныстыру,түсініктерін тиянақтау,ой-өрісін,танымын дамыту.Балаларды өз Отанын сүюге,елордасы Астанасын мақтаныш етуге тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: Астана суреттері,ағылшынша сөздіктер,слайд.
БИЛИНГВАЛЬДІ КОМПОНЕНТ: Қыс-зима-winter,қар-снег-snow,қаңтар-яньвар-january,ақ-белый-white.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-
лық
қозғаушы-
лық -Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Жарайсыңдар,балалар,осы тамаша көңіл-күймен шаттық шеңберін құрайық.
Шаттық шеңбері:
Бақшамызға барамыз
Досымызды табамыз
Сәлемет пе,міне мен
Доспын енді сенімен. -Сәлеметсізбе!
-Тамаша

Балалар қимылдар жасайды.
Ұйымдас-
тырушылық
ізденістік -Балалар,бір жылды неше мезгіл бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің неше айы бар?
-Қыс айларын атаңдаршы?
-Қыс айларын үш тілде атаңдаршы?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Жарайсыңдар,балалар,олай болса бүгінгі ашық іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Әсем қала».Яғни,бас қаламыз-Астана туралы болмақ.
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Елордасы қай қала?
Астана қаласы-әсем қала.
Балалар,енді біз Астана қаласына саяхат жасап жіберейік.
-Қане,кім Астана қаласына барады?
-«Қазақстанның бас қаласы-Астана қаласы-көрікті,әдемі,жаңа қала».Астанада үкімет үйі,Елбасының қызмет орны-Ақ орда,ескерткіштер,театрлар,саябақтар,жасанды мұхит-Думан океанариумы,Бәйтерек бар.
-Астанада нелер бар екен?
Рахмет,жақсы мен түсіндім.Сендер Астана туралы біледі екенсіңдер.
-Балалар,Астанамыз туралы кім тақпақ айтып береді және де Астанамыз туралы ағылшын тілінде әңгімелейік.

Шаттық:
Astana is capital of Kazakhstan

Айбек:
Our president is N.Nazarbaev.

Нұрислам
I like Astana

Бағдәулет
My flag is blue

Кәусар
Kazakhstan is my country.

Бауыржан
Astana is very beautiful.

Балалар Астана туралы ағылшынша айтып,қазақ тіліндегі аудармасын да айтып өтеді.
-Ал,балалар осы айтылған сөйлемдердің ішіндегі басты сөздерді қайталап қазақша аудармасын айтып өтейік.

Astana-Астана,President-Елбасы,
Flag-ту,Country-Отан,beautiful-әдеміl,capital-бас қала.
Сергіту сәті.
(Балалар орындарынан тұрып,қолдарын жоғары көтеріп, « Бәйтерек» жасайды).
Өздігімен жұмыс:
1-орталық:
Балаларға әріптер таратылады,сол әріптермен «Астана» сөзін жазады.
2-орталық:
Қақпақтармен Астананың әсем жерлерін бейнелейді.
-4 мезгіл бар.
-Қыс мезгілі
-3айы бар
Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыста қар жауады,күн суық болады.
-Үшінші күні

-Қазақстан Республикасы
-Астана

Балалар жауап береді.
-Бәйтерек,Думан ойын сауық орталығы,Хан шатыр,Мега ойын сауық орталығы,Елбасмыздың жұмыс орны-Ақ үй,және тағы басқа да көрікті жерлері көп екен.

Шаттық:
Ел ордам менің-Астанам
Осында жаңа бастама
Сәулетті зәулім үйлер көп
Көрікті сондай жас қала

Айбек:
Астанама қарашы
Елімнің жас қаласы
Неткен ұлы,неткен кең
Қазағымның даласы!

Нұрислам
Астанам менің мақтаным
Сенен мұнда бақ қалың
Куәгері болармыз
Ең тамаша шақтардың

Бағдәулет
Астана-арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да

Кәусар
Ару қалам,Астанам!
Бой көтерген жас қалам
Бәйтеректің биік шыңы
Ерекше ғой басқадан.

Бауыржан
Ардақталды Астанам
Мәртебелі бас қалам
Көркейе бер күн сайын
Алға қарай,бас қадам.

Рефлексия-
лық
түзетушілік Қорытынды :
Балаларға бүгінгі өткен сабақтан түсінгендерін айтқызу.Сұрақтар қою.
Жақсы қатысқан баланы мадақтап,қуанышты хабарлама тарату.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының бас қаласын,Астанада қандай көрікті жерлер барын;
Игереді: Ағылшынша Астана туралы әңгімелеуді;
Меңгереді: Өз бетінше «Астана» сөзін жазуды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *