Геометриялық фигуралар

Пән: Математика
Бөлім: Геометрия элементтері
Күні:
Сынып:1
Ортақ тақырып: Менің мектебім

Мектеп: «Н.Бекежанов атындағы №13 ЖОМ»
Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенова С
Қатысқандар саны:20
Қатыспағандар саны: –
Сабақ тақырыбы Геометриялық фигуралар
Оқу мақсаттары 1.3.2.5 заттардың кеңістікте орналасуын (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) анықтау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Заттардың қай кеңістікте орналасқанын ажыратады.
Көптеген оқушылар: Геометриялық пішіндерді анықтайды.
Кейбір оқушылар: Кеңістікте орналасқан заттарды талдайды.
Бағалау критерийлері Заттардың қай кеңістікте орналасқанын айтады.
Заттардың пішінін ажыратады.
Пішіндерді өлшеп, ұзындығын анықтайды.
Тірек сөздер Пішін, түс, өлшем.
Құндылықтарды дарыту Мектепті құрметтей білу құндылығын дарыту.
Пәнаралық байланыстар Бейнелеу өнері.
АКТ қолдану дағдылары АКТ қолдану барысында баланың ой-өрісі, бағалауы, зерттеушілік ізденісі арта түседі.
Алдыңғы білімді игерулері Геометриялық фигураларды біледі, ажыратады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5-7 мин Шаттық шеңберін орната отырып, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Жексенбі күні оқу» әдісі арқылы орындатамын.
Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін негізге ала отырып, оқушылар ойланып жауап беру мақсатында алдын ала сұрақтар дайындаймын.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында, геометриялық фигуралардың суреттері көрсетеледі.
-Оқушылар мына суреттерде не көріп тұрмыз?
-Қоршаған ортамыздағы заттар геометриялық пішіндерге ұқсай ма? (оқушылардың пікірі, ойы тыңдалады)
Топқа бөлу
Ітоп-Шаршы
ІІтоп-Шеңбер
ІІІтоп-Үшбұрыш

1 тапсырма Топтық жұмыс «Ойлан, тап»
Оқушылар заттарды салыстыра отырып, ұқсатығы мен айырмашылығын табады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушыларда сын тұрғысынан ойлау, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады .
І-топ Заттарды салыстырыңдар.
ІІ-топ Заттардың бір-бірінен қандай ұқсастығы бар?
ІІІ-топ Заттардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Дескриптор
Заттарды белгісі бойынша салыстырады.
Заттардың ұқсастығын мен айрмашылығын табады.
Заттардың қасиеттері туралы біледі.
Қ.Б «Үш шапалақ»
2 тапсырма Жұптық жұмыс «Айырмашылығын тап»
Кеңістікте орналасқан заттардың айырмашылығын анықтайды. Сыни ойлау, сөйдік қоры , оқылым, айтылым дағдылары дамиды.
Пішіндердің қай кеңістікте орналасқанын, түстері қандай екенін, заттардың өзгерістерін тап.
Дескриптор
Пішіндердің орналасқан кеңістігін табады.
Пішіндердің түстерін ажыратады.
Пішіндерді табиғаттағы заттармен ұқсастығын және айырмашылығын салыстыра отырып айтады.
Қ.Б «Үш шапалақ»

3 тапсырма Жеке жұмыс «Орындап көр»
Тапсырмада саралаудың тапсырма тәсілін негізге ала отырып білім деңгейі әр түрлі оқушыларға бердім.
Оқушылардың бойында сын тұрғысынан, логикалық ойлау дағдылары, айтылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады.
Сыныптағы түстері бірдей заттарды анықта.
Дескриптор
Заттардың түсін, пішінін,өлшемін өзгертеді .
Сыныптағы түстері бірдей заттарды табады.
Сыныптан пішіндері және өлшемдері бірдей екі затты анықтайды.
Қ.Б «Үш шапалақ»

Оқулық 44 бет

Пішіндердің суреті

Түрлі-түсті қағаздар

Сабақтың соңы
8мин «Аукцион» әдісі
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады, көп фишка жинаған оқушы жеңімпаз болады.

Фишкалар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
2тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлан, тап» әдісі
Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы
кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі жұмыс жасайды. Сондықтанда оқушылар заттардың қай кеңістікте орналасқанын ажыратады.
3 тапсырма Жеке жұмыс «Орындап көр» әдісі
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы білім деңгейі әртүрлі оқушылар геометриялық пішіндерді әрқалай атайды. Барлық оқушылар тапсырманы орындау барысында заттардың түсін, пішінін ажыратады.
Көптеген оқушылар сыныптағы пішіндері және өлшемдері бірдей екі затты анықтайды.
Көптеген оқушылар сол пішіндердің түстерін сыныптағы түстері сай келетін заттармен салыстырады, түсініктеме береді.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Тест алу арқылы, сұрақтар қою, жабық сұрақтар беру арқылы және сабақ тақырыбына байланысты түрлі әдістерді қолдану арқылы тексеремін.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топтық жұмыс барысында оқушылардың тақтаға шыққан кезде бір-бірін соғып кету, құлату қауіпсіздігін қадағалау. Интерактивті тақтамен, ноутбукпен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіріп отырамын.

«Н.Бекежанов атындағы №13 жом» кмм-нің
бастауыш сынып пәні мұғалімі Сарсенова Салтанат

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *