Отбасындағы бала тәрбиесі

Отбасындағы бала тәрбиесі

Бала ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалаушылық арқылы алады. Ал дүниеге келгеннен соң оның барлық психологиялық қасиеттері отбасындағы өмір барысында, ең алдымен, ата-анасының әсерімен дамиды. Ата-ана бала санасынан нақты нормалар жүйесін енгізеді. Бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі қажеттілігіне айналады. Екіншіден, сәйкестендіру процесі арқылы бала ата-анаға ұқсауға ұмтылып, еліктеу жүреді. Бала қоршаған ортамен жасаған қарым-қатынасында отбасында көрген үлгілерін қайталайды. Үшіншіден, түсіну арқылы ата-аналар баланың ішкі әлемін біліп, оның өмірлік мәселелерін реттеп, отынды араласу арқылы оның өзіндік саласының және коммуникативті сапаларын қалыптастырады. Осы жұмыс барысында екі жақтағылар да көптеген қиындықтарға жолығады. Атап айқанда:
-әлеуметтік қиыншылықтарға кездесу (адамдардың әлеуметтік ортадағы тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік топтарға бөліну: бай, кедей және т.б.) отбасында қайғылы жағдайлардың болуы, сол кезде не істеу керек және одан шығу жолдарын табу;
– әлеуметтік психологиялық қиындықтар, отбасында зорлық-зомбылық жағдайлардың болуы, әкесі шешесіне қол жұмсап, баланы балағаттау, нәтижесінде баланың жалтақ, ашулы ызалы болуы, баланың өзгелерге және өзіне қол жұмсауы, баланың шаршауы, ауыру-сырқат зардабын шегуі, өмірден түнілуі, өмір сүргісі келмеуі т.б.
-дезориентация (өздерін еркін ұстауға, еркін сөйлеуге және қозғалуға дағдылануының төмен болуы, тіл табысуға бармауы, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы);
-казіргі баланың өмірге көзқарасы, өзімшілдігі;
-жас кезінен ақша проблемасына жолығу, темекі, наша, т.б. зиянды заттарды тұтынуға бейім болу, клептомания, ұрлық жасауға құмарлығы, баланың күнделікті жаратуға ақшасының болмауы немесе ақшасының шамадан артық болуы;
-дромомания, үйден қашып, ешқандай себепсіз қаңғыруға құмарлығының көрініс беруі;
-баланың тек өз пайдасына жақын тұруы, жақсы өмір сүруге негізсіз құмарлануы және бір күндігін ғана ойлау;
-ата-ананың өз балаларын өте жоғары бағалап, ешқандай сынға көңіл бөлмеуі де жиі кездеседі: «Менің балам бәрінен жақсы, өйткені біздің отбасымыздың тәрбиесі ерекше», «Менің балам жаман оқуы және тәртіпсіздік көрсетуі мүмкін емес», «Мен басқалардың бәрін білемін, олардың барлығы оңбағандар», «Менің баламның істегендерінің бәрі дұрыс,бәрі жөн», «Баланы еркелеуге болмайды, себебі бұзылып кетуі мүмкін, сондықтан өз баламды өте
қатал тәртіппен тәрбиелеймін», «баланың мінезі өзімен бірге туады, сондықтан оның табиғатын өзгерте алмаймын», «Бізді де солай тәрбиелеген».
Бұл аталған себептердің барлығы бала мен ата-ана өміріне өзінің теріс әсерін тигізіп отырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек баланың теріс қылықтары мен жаман әдеттерге құмартуы күннен күнге артуда. Сондықтан ата-аналар көптеген бала өміріндегі жағдайларға көңіл қоя білуі керек. Аталған жағдайлардың барлығы отбасы өміріне үлкен әсерін тигізеді. Ата-ананың бала дамуы ерекшеліктері туралы білімі мен ол білімді пайдаланудағы біліктілігі бала дамуына зор ықпал етеді. Ол баланың психофизиологиялық дамуы мен үлкендермен қарым-қатынасында байқалады.
Ата-аналардың өмірі көптеген қиыншылықтар мен уайымнан тұрады. Олар ашу, ыза, қуаныш, қызғаныш, сенімділік күйініш, өкініш ретінде көрініс береді. Мектепте мұғалімдер мен психологтарды мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Баланың қиын мінез-құлқының себебі оның отбасындағы ата-анамен қарым-қатынасына байланысты. Осы бағытта отбасындағы жайсыз психологиялық ахуалы бар отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас мектеп жасындағы балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына көпшілік жағдайда кері әсерін тигізіп отыратыны сөзсіз. Отбасындағы жағдайларды зерттеушілер ондағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың белгісі бойынша келесі 3 топқа бөліп көрсетеді:

а) жалғыз басты ана немесе әке;
ә) әлеуметтік бейімделмеген ата-ана;
б) бай немесе кедей ата-ана;

Олардың бала тәрбиесіне оң-теріс әсерлерін зерттеушілер келесі сипаттармен көрсеткен.
1. Жалғыз басты ата-аналарды А.Вардамен В.Столиннің ата-ананың балаға қатынасын «Симбиоз» шкалаласы бойынша жүретін қатынас жоғары көрсеткішке ие болатыны анықталған. Мұндай ата-аналар барлық көңілдерін балаларына бөледі және оларға өз бетімен ешнәрсе істеуге мүмкіндік бермейді. Соның нәтижесінде балаларда бағанушылық, тәуелділік, өзін кінәлі сезіну, өзіне жоғары талап қою, әлсіз, арманшыл болуы секілді тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады. Бұл балалардың интеллектісі жоғары, дегенмен ынтасыз, дербестігі төмен болып келеді.
2.Әлеуметтік бейімделмеген ата-аналарда «Қабылдамау», «баланың сәтсіздігіне қатынасы» шкалалары бойынша көрсеткіштері жоғары болады. Олар балаларын тұлға ретінде қабылдамайды, басқа балалардан кем санап, барлық мүмкіндіктерін төмен бағалайды. Олардың интеллекті орташа болып, өз мүмкіндіктерін бағалауы төмен болып қалыптасады.
3. Бай және кедей ата-аналардың қарым-қатынасында «Симбиоз» шкаласының көрсеткіші жоғары болады, балаларымен қарым-қатынасын ақшамен реттейді. Мұндай ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасы нәтижесінде олар сезімтал, эмоционалды.
Бұдан шығаратын қорытынды – отбасындағы орта қандай болса, бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата-ана не істау керек?

1. Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.
2. Танымдық қызығушылығын арттыру.
3. Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру, бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.
4. Баламен қарым-қатынас жасағанда әдептілік сақтау.
5. Баланың болашағына үлкен сеніммен қарау.

Отбасына психологиялық қызмет көрсету барысында ата-аналардың өз балаларын жете білуін қамтамасыз ету өте күрделі мәселе. Өйткені ата-аналардың балалары туралы жасаған шағымдарын шартты түрде төрт топқа бөлуге болатыны туралы айтылған. Олар:
1. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастардың тығыз болмауы: балалардың қалай өмір сүретінін, неге қызығатынын ата-аналардың түсінбеуі, балалары ата-аналарымен пікір алмаспау, нәтижесінде олар өздерінің ата-аналық парызын орындауды қажетсіз деп түсінуі.
2. Балаларының ата-аналарының сөздерін сыйламауы, сондықтан отбасында болмайтын нәрселерге бола дауласуы және шиеленіс жағдайлардың орын алуы.
3. Өмірде белгілі орын алатын мәселелерді шешкенде балалардың ата-аналардың көзқарасымен санаспаушылығы нәтижесінде орын алған байбалам.
4. Балалардың стандартқа сай келмейтін мінез-құлық көрсетуімен байланысты орын алатын проблемалар.
Бұл шағымдардың басым көпшілігі ақиқатқа сай келмейтіндігін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. Сондықтан отбасына психологиялық қызмет көрсету барысында ата-аналардың шағымдары мен олардың балаларына берген бағалары шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін анықтап алып, орын алған қиындықтың себебін анықтау және өзінің диагнозын қою қажет.
Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-ана мен балалары бір-бірімен қарым-қатынасты қалай жасайтыны, не айтатындығы жөнінде мәліметтер жинап, күдік тудырып отырған мәселенің негізі қайда жатқаны туралы арнайы сұрақтар беру керек. Жалпы тәрбие мәселесінде бірінші жауап беретін ата-ана. Себебі, баланың алғашқы көргені, алғашқы естігені ата-анасы, оның сөзі.
Сондықтан да әрбір ата-ана «бала жастан» деген аталы сөзбен «не ексең соны орасың» деген халық даналығын жадында ұстағаны дұрыс.

«Н.Бекежанов атындағы №13 жом» кмм-нің
педагог-психологі Битанова Базаркүл Дариевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *