Қазақ жеріндегі алғашқы оқу орындары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
3 бөлім: «Мәдени мұра»

Күні:
Сынып: 4
Мектеп №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп

Оналбаева А.Н
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақ жеріндегі алғашқы оқу орындары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру
Сабақ мақсаттары Оқушылар
– ХХ ғасырдың мәдениет, білім және ғылым саласындағы маңызды оқиғалары туралы біледі;
– Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабарлама құрастырады.
Бағалау критерийлері Оқушылар:
– қазақ зиялылары туралы хабарлама жасай алады;
– мәдениет, ғылым, білім саласындағы маңызды оқиғалар туралы ақпарат таба алады;
– Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы заманауи жетістіктері туралы айта алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы жетістіктерін түсіндіреді.
Терминология:
• педагогикалық институт
• этнология
• геология

Талқылауға арналған сұрақтар:
-Неге мемлекет білім беруді дамытуға көп қаражат жұмсайды?
Жазуға арналған сұрақтар:
Қаныш Сәтпаевпен ойша алынған сұхбаттың мәтінін жазу.
Құндылықтарды дарыту Өз халқының тарихы мен мәдениетіне, педагогтардың еңбегіне деген құрметті қалыптастыру, өмір бойы оқуға деген ұмтылысты дарыту.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын мен жазу дағдысын дамыту
Әдебиеттік оқу: қазақ зиялыларымен танысу;
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылардың Қазақстанның көрнекті тұлғалары, елдің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін қамтиды.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

1. Кіріспе тапсырма «Пазл жина» (топпен)
– Пазлды жинаңдар. Не пайда болды?

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша суреттерді жинап, топтарға бөлінеді. Дайын суреттер тақтаға ілінеді.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
– ХХ ғасырдың мәдениет, білім және ғылым саласындағы маңызды оқиғалары туралы білу;
– Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабарлама құрастыру. Пазл қиықтары, желім, скотч
Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз
(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақ ортасы

3. Сипатта (фронтальды жұмыс)
– Суретте кімдер бейнеленген?
– Олар немен айналысып жатыр?
– Бұл мектеп қазіргі заманғы мектептерге ұқсай ма?
– Айырмашылығы неде?
– Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

Оқушылар фотосуреттерді қарайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз жұмысын “үш шапалақ” әдісін пайдалана отырып бағалайды.

4. Кел танысайық(топпен)
– Қазақ зиялыларының бір өкілі туралы хабарлама дайындаңдар.
– Өткен материалдарды қолданыңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді, ұсынылған материалмен танысады. Содан кейін негізгі ақпаратты таңдап, қорытынды мәтінді жасайды.

Бағалау критерийлері:
-қазақ зиялыларытуралы хабарлама жасай алады;
– мәдениет, ғылым, білім саласындағы маңызды оқиғалар туралы ақпарат таба алады

5. Ойыңмен бөліс (ұжымда)
-Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
1928 жылы Алматы қаласында Қазақстанның ең алғашқы жоғарғы оқу орны – педагогикалық ин¬ститут ашылды. Онда мұғалім мамандарын дайындады. 1940 жылға қарай елімізде бірнеше жоға¬ры оқу орындары пайда болды. Осы кезеңдерде Қазақстанның ғылымы қалыптасып, дами баста¬ды. ХХ ғасырдың ортасында Қазақ ғылым акаде¬миясы құрылды. Халықтың шығу тарихын зерт¬тейтін этнология, жер қойнауының байлығын зерттейтін геология ғылымдары пайда болды. ХХ ғасырдың басында көптеген әдеби шығармалар жазыла бастады.
1926 жылы Қызылордада тұңғыш қазақ ұлттық театры ашылып, онда алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. 1938 жылы «Амангелді» атты алғашқы дыбыстық көркем фильм түсірілді.

Талқылауға арналған сұрақтар:
-Неге мемлекет үшін халқының сауатты болуы маңызды?
– Әр түрлі ғылымды неге дамыту керек?
– Ғалымдар немен айналысады? Олар нені зерттейді?
– Кім ғалым бола алады?
– Адамзатқа ғылыми зерттеулер қандай пайда әкеледі?
– Қорытынды жасаңдар: Ғалым болу үшін не қажет?

Оқушылар толық монологты жауаптар бере отырып, сұрақтарға жауап береді.

6. Өткенге саяхат(жеке)

-ХХ ғасырдың басында Қазақстанның жетістіктері туралы және сол уақытта өмір сүрген білімді тұлғалардың бірімен әңгімелесу қорытындысы бойынша хабарлама дайындаңдар.
Ақпаратты ұсыну түрін өздерің таңдаңдар.

Оқушылар алған білімдерін жинақтап, тапсырманы жеке орындайды. Ақпаратты ұсыну түрін өз бетімен таңдайды.

Бағалау критерийлері:
Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім саласындағы заманауи жетістіктері туралы айта алады.
Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз
(

Таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)
Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз

Сабақтың соңы
«Ассоциациялар» әдісі
– Суреттерге ассоциациялар жазыңдар.
Оқушылар ассоциацияларды стикерге жазады да сәйкес суретке жабыстырады. Стикерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа
қараңыз

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға ХХ ғасырдың басындағы зиялылар өкілімен елестеткен сұхбатты жазуды ұсынуға болады. Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.
“Ассоциациялар” әдісі оқушыларға сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақ ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне құрмет сезімін дарытады.
Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз.:
-ХХ ғасырдың мәдениет және ғылым саласындағы маңызды оқиғаларын атай аласың ба?
– Қазақстанның қандай ғалымдарын білесің?
– Педагогикалық институттар не үшін ашылуда? Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *