«Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»

Бөлім: «Толғауы тоқсан қызыл тіл»

Мектеп: «№45 бейімделген орта мектебі» КММ
 Мұғалімнің аты-жөні: Мадыева С.С.
Сынып: 7

Пәні: қазақ әдебиеті 
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкерлер типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтай алады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттай отырып, мысал келтіре алады;
Кейбір оқушылар орындай алады:
портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз ойын нақтылай алады;

Бағалау критерийі:
1.Кейіпкерлердің типін анықтай алады

Дескрипторлар:
үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;
кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды;
2. Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды

Сүйінбай мен Қатағанның бейнесін ашатын сөз тіркестерін, өлең жолдарын табады;
Кейіпкер туралы өзінің ойын, пікірін жырдан мысалдар келтіру арқылы білдіреді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Фольклор, айтыс, тұлғалық болмыс, поэзиялық жанр, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, реалистік образ

Құндылықтарға баулу: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс:   Қазақстан тарихы
Алдыңғы оқу.  3 мин «Жүзіп шығу» әдісі
Айтыс қай жерде, қашан өткен еді? Айтысқа кімдер шақырылды?
Жоспар:

Сабақтың  басы   

Қызығушылықты ояту
«Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» шығарманың желісінде бейнематериал көрсету.
Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру

Топқа бөлу. 1-ден 4-ке дейін санау арқылы
1.«Сүйінбай» ауылы, 2.«Жамбыл» ауылы, 3.«Біржан» ауылы, 4.«Шөже» ауылы болып 4 топқа бөлінеді   киіз үй макеттері
Сабақтың ортасы

Мағынаны тану. Оқу мақсатын талдау
1-тапсырма. (Барлық оқушылар)
Кейіпкерлерді жасалу тәсілдеріне қарай топтастырып жазыңдар.

Бағалау критерийі: Кейіпкер типін айқындай алады 1.Теориялық ақпаратты өз сөзімен түсіндіреді

Дескрипторлар:
1. Шығарма кейіпкерлерінің типін анықтайды
2. Нақты мысалдармен дәлелдейді
Кері байланыс «Өзін-өзі бағалау»
Әрбір топ өз тобындағы оқушыны бағалайды

2-тапсырма. Топтық жұмыс
1-топ.«Қазына іздеу» әдісі. Шығармадан қазына ретінде кейіпкер бейнесін ашатын түйінді сөздер, өлең тармақтарын табады. Тапқан сөздер арқылы кейіпкердің бейнесін жасалу тәсілі тұрғысынан анықтайды.
Бағалау критерийі:«Қазына іздеу» әдісі бойынша тапсырманы орындайды

Дескрипторлар:
1. Кейіпкер бейнесін ашатын деректер таба алады

2-топ. «Төрт сөйлем» тәсілі (Кейбір оқушылар орындайды)
Пікір Дәлел
Мысал Корытынды

Бағалау критерийі:Үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасап,кейіпкер образын анықтайды

Дескрипторлар:
 Үзінді мазмұны бойынша өзінің көзқарасын 1 сөйлеммен білдіреді
Ақын мінезін ерекшелеп тұрған сөздерге мысал тауып, 1 сөйлеммен дәлелдейді
Өмірмен байланыстырып, 1 сөйлеммен мысал келтіреді
Қорытынды шығарып, 1 сөйлеммен жазады

3-топ. «Т кестесі» әдісі. (көпшілігі орындайды)
Шығармадағы кейіпкерлерді іс-әрекеті арқылы образын аша отырып, Т кестесін толтырады.
________________
жағымды жағымсыз

Бағалау дескрипторы:
шығармадан мысалдар келтіре отырып, кейіпкерлердің образын ашады

4-топ. (көпшілігі орындайды)
«ВЕНН диаграммасы Сүйінбай және қазіргі кездегі ақындар
Бағалау дескрипторлары:
Сүйінбай мен қазіргі кездегі айтыс ақындарын салыстыра отырып, ұқсастықтарын анықтайды

Кері байланыс «Кері байланыс бутерброды»

Сабақтың  соңы

Рефлексия «Зерде» әдісі
Білім- тақырып бойынша алған ақпараттарым
Эмоция-сабақтағы көңіл-күйім
Баға-жетістігіме беретін бағам
Сын-өз бойымда нені дамытуым керек?
Идея- маған келген жаңа ой

Үйге тапсырма: Жырдан үзінді жаттап келу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *