Көгалда серуендеген балапандар
Тақырыбы: «Көгалда серуендеген балапандар»
Білім саласы : Шығармашылық
Білім бөлімі: Аппликация
Мақсаты: балаларды үй құстарымен таныстыруды жалғастыру; бейненің жеке бөліктерін құрау арқылы композиция жасауға үйретуді жалғастыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: үй құстарымен таныстыру, иллюстрация қарау.
Көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар, үй құстары бейнеленген видео суреттер; магнитті тақта, дайын балапан шаблоны,желім, сары түсті салфетка көк шалғын, ата мен әже және тауық т.б.
Билингвальді компонент: балапан – цыпленок
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, әңгімелету, сұрақ-жауап, шаншу, жапсыру
Мотивацмялық -қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Ән салуға барамыз
Досымызды табамыз
Сәлем досым міне мен
Доспын енді сенімен
Жұмбақ жасыру:
Қиқу салып бақырып
Айғайлауды тауыпты
Қыт-қыт дейтін шақырған
Кім біледі
(тауықты)
Балалар шеңбер жасап тұрады, қызығушылық танытады, тақпақты қайталайды.
Ұйымдастырушы-ізденіс кезеңі
Ғажайып сәт
Бүгін бізге шұбар тауық қонаққа келген екен.-балалар сендер біздерді білесіндер ме?
( назарын тауыққа аударады.)
Балалар шұбар тауықтың балапандары көгалға жайылып кеткен таба алмай жүрмін сендер тауып бересіңдер ме ?
Балалар ал ендеше іздейік
«Шиқ-шиқ» деген дыбыс шығады.
Көгалда жайылам деп адасып кеттім-рахмет сендерге балалар
-көгал дегеніміз не? Қане, кім айтады?
-шөбі бар, суы бар жайылым
тауық бізге не береді?
-жұмыртқа
Тауық қандай дыбыс шығарады?
Қыт-қыт
Тауықтың етін,жұмыртқасын жейміз бе?
-ия
-тауықтың жанында не жүреді?
-ол өзініңз көгалда жоғалтып алыпты.
Билингвальді компонент:
Балапан-цыпленок
Тауық-курица
Педагог бұлардың үй құстары екенін айтады. Олар адамның қасында тіршілік етеді.
-Балалар енді осы балапанды біз жұмсақ қағаздан шиыршықтау тәсілі арқылы жапсырып жасаймыз
Балапанның дене мүшесі туралы түсінік беру.
Жасалу жолдарын көрсетемін
Балалар дайын шаблондарға жұмсақ қағазды шиыршықтап жапсырады
Балапаның тұмсығымен аяғына қызыл түстен жапсрыамыз
Сергіту сәті
Тауық тары жимапты
Қамбасына құймапты
Қыста тауық қақылдап
Тары іздеп жүр тақылдап
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
Дайын болған балапанымызды, көгалға орналастырамыз.
Балалардың жұмыстарын әр кезеңде мадақтап, үлгі етіп көрсету
Дидактикалық ойын:
«Не қалай дыбыстайды?»
-Әтеш шақырады.
-Тауық қыт-қыттайды.
-Балапан шиқылдайды.
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Жауабы- балапан
-Бұл балапан
Балалар бәрі балапанды іздейді
Балапанның шиқылдаған дауысына қарай барып ағаштың түбінен таба
Балалар іс-қимылды қайталайды
Балалар «Көгалдағы балапандарды дұрыс жайғастырады.
Қайталайды: үй құстары.
-Ку-ка-ре-ку
-Қыт-қыт-қыт
-Ғақ-ғақ-ғақ
-Шиқ-шиқ-шиқ
Рефлексиядық – түзетушілік
Балапан (қуанып):
-Міне –менің енді достарым да табылды!
Балалар, сендерге көп рақмет!
Шаттық шеңберінде «Шөжелерім» биі
Оқу іс әрекеті сенлерге ұнады ма? Маған да ұнады сау болыңдар
Балалар балапанмен бірге қуанады.
Балалар балапандармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:ертегі желісі бойынша әңгімелеуді,сұрақтарға жауап беруді біледі
Нені игереді: үй құсы туықты және баласы балапан туралы мәліметтерді игереді
Нені меңгереді: композиция жасайды, іс-әрекет барысында алған дағдыларын қолданады