“Сауат ашу әлеміне саяхат” (“Шегіртке мен құмырсқа” мысалының желісімен)
Тәрбиеші: Муханова Амангул Курмангазиевна
Тобы: «Болашақ» №2 Ересек
Күні: 22.11. 2019 жыл Апта: 3
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының желісі бойынша, сауат ашуды ұштастыру.
Мақсаты: Шығарма мазмұнын еске түсіріп, оны талдай білуге, сұраққа толық жауап беруге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Дыбыстарды танып ажырата білуге, буындап оқуға жетілдіру.
Жаман іс-әрекеттерден аулақ болуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу..
Керекті құралдар: Әріптер, карандаш, маркер, таратпалы қағаздар
Әдіс – тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Жүру барысы: Ұйымдастыру
Адал, жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек.
-Қайырлы таң қонақтар!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Бүгін аптаның қай күні?
Жаңа тақырып:
Жұмбақ жасыру:
- Белі қылдай бүгілген,
Өзінен де жүгі ауыр. (Құмырсқа)
Дұрыс айтасыңдар, бұл шегіртке мен құмырсқа қай шығармада кездесетін еді?
Балалар: Абай Қ. мысалында кездеседі. (экраннан шығару)
-Абай Қ деген кім? Ағартушы, аудармашы, компазитор, қайраткер, ақын.
Мысал арқылы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуға керек.
Оның шығармалары үш саладан тұрады?
- Өзі шығарған шығармалары;
- Қара сөздері;
- Өзге тілден аударған шығармалары
-Құмырсқа қандай әріптен басталып тұр?
-шегіртке қандай әріптен басталып тұр?
Буынға бөліп көрейік. Неге үш буын бар? Себебі сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады.
-Қазақ альфабитінде неше әріп бар?
– Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?
-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Дауысты дыбыстар еш кедергісіз айтылады, дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап айтылады. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Жуан және жіңішке айтылады
Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.
-Дыбыстардан не құралады? Буын
– Буыннан не құралады? Сөз құралады
-Сөзден не құралады? Сөйлем құралады?
Бірнеше сөйлемнен мәтін, әңгіме құралады.
-Бұл шығармада Құмырсқа мен шегіртке қандай сипаттама беріп көрейік?
Құмырсқа | Ортақ қасиеттері | Шегіртке |
Еңбекқор | жәндік | жалқау |
пысық | еріншек | |
ақылды | ақымақ | |
сабырлы | сауықшыл | |
Қайратты, қажырлы | Әнші |
Ендеше Құмырсқа шегірткеге бірнеше тапсырмалар беріпті.Жалқау Шегіртке оны орындай алмайды. Көмектесеміз бе?
1.тапсырма «Буындардан сөз құра және оқы»
Шарты: Балалар үш топқа бөлінеді. Берілген буындарды қатыстырып сөз құрап оқиды.
2 тапсырма: «Сурет бойынша сөздерді жаз»
Шарты: Қағаздағы суреттерге қарап аттарын жазу, әр сөздегі дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратып жазу.
3.тапсырма: «Сөзерге дыбыстық талдау жасау»
Балалар тақтаға бірнеше сөз жазып дыбыстық талдау жасайды.
4 тапсырма: Схема бойынша сөйлем құрастыр. (экраннан шығару.)
-Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.
А. Құнанбаев қандай адамдарды жек көрді?
Өсекші, өтірікші, мақтаншақ, жалқау адамдарды ұнатпады.
- Біздерге неше нәрседен қашу керек екенін ескертті?
Балалар: Үш нәрседен қашу керек деді
-надандық;
-залымдық;
-еріншектік;
Қорытынды:
Еңбек туралы мақал – мәтелдер;
1.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
2.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
3.Еңбек түбі береке,
Көптің түбі мереке
- Еңбектен қашсаң,
Дөңбекке жолығасың
- Еңбексіз рахат жоқ.
Мадақтау
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау