Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»

                Қалалық білім бөлімінің «Сыр бөбегі» балабақшасы КМҚК

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тәрбиеші: Үркімбаева Ш.

Тобы: «Шаңырақ» ересектер тобы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»

Мақсаты: Ұн өнімдері туралы түсінік беру. Ұн өнімдеріне құрметпен қарауға, қадірлеуге, үлкендердің еңбегін бағалауға  үйрету. Балалардың ақыл ой белсенділіктерін арттыру, берілген тапсырмаларды орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, танымдық қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: слайд, текшелер, белсенді орталықтардың құрал жабдықтары

Қолданылатын технологиялар: Тәй тәй технологиясы, АКТ

Билингвизм: нан-хлеб , еңбек-труд,бидай-пшеница , диқан-агроном-                             ұн-мука

Барысы:

Балалар шеңберге тұрады. Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар біз үйде ата анамызға қалай көмектесеміз? Еңбек еткенді жақсы көреміз бе? Балалар жауап береді. Жарайсыңдар олай болса кім қандай еңбек туралы мақал біледі?  Балалар мақалдар айтады.

Ғажайып сәт

(Музыка әуенімен түлкі кіреді)  Өзінің егіншінің нанын ұрлап жеп жүргенін айтып мақтанып келеді. Нанның қайдан келетінін білмеген түлкіні балалармен бірге жұмыс жасап көру керектігін айтып, отырғызу.

Слайдпен жұмыс

Слайд көрсету арқылы нанның дастарханға қалай келетіні жайлы суреттер топтамасымен түсіндіріп өту.

Билингвизм:   нан-хлеб,еңбек-труд, бидай-пшеница,   диқан-агроном,                      ұн-мука

 

 

 

Белсенді үш орталық жұмыстарымен таныстыру. Текшелермен бөліну.

  1. Құм мен су орталығы

Балалар еңбек құралдарын пайдаланып, топыраққа бидай егіп, оны тырмалап, суару арқылы жұмыс жасайды.

Мақсаты: Балаларға топыраққа дән егіп оны баптауды үйтеру. Достасып жұмыс жасауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

  1. Өнер орталығы балалар дайын түрлі түсті қамырдан торттың бейнесін мүсіндейді.

Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыта отырып , түрлі тәсілдер арқылы тортты мүсіндеп, еңбекқорлыққа үйрету

3.Зерттеу ортылығы

Ұн өнімдерін,  ұн, тұз, су, бидай, макарон зерттеу

Мақсаты: зерттеуге, білуге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ортаға жинап қандай орталықта жұмыс жасағанын сұрау.

Түлкі: Менің жасап жүргенім дұрыс емес екен, нанның қандай еңбекпен кеклетінін енді білдім. Барып егіншіден кешірім сұрап, оған көмектесейін, деп кетіп қалады.

Сергіту сәті

(Көңілді әуен ырғағы арқылы қимылмен орындайды)

Көктемде жерді жыртамыз,

Дәндерді оған себеміз.

Жайқалып көктеп шықсын деп,

Күз болғанда орамыз,

Еңбек етсек осылай,

Нанға біздер тоямыз.

Екінші ауысымға текшесіз бөлінеді.

 

Жұмыстары сұралады. Балалар жауап береді.

Дидактикалық ойын: «Кім біледі?»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқу қызметінде алған білімдерін пысықтау,  сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

Қайталайды: Ұн өнімдерін және нан түрлерін атайды;

Түсінеді: Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, нанның қандай еңбекпен келетінін;

Қолданады: Орталықтарда жұмыс жасап, белсенді орталықтар арқылы түрлі әдістерді, орталық жабдықтарын ұтымды қолданды;

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *