Ертегілер еліне саяхат

ШҚО Аягөз білім бөліміне қарасты «№3 Ақтоғай бала бақша-бөбекжайы» КМҚК Күні:13.01.2020
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжановна
Т обы: «Еркетай»
Білім беру саласы: «Таным.», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қарапайым математика», «Сөйлеуді дамыту», «Жапсыру»
Тақырыбы:Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты:
1.Білімділік: Балалардың ақыл ойларын,сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту.
2.Дамытушылық:Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін,қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
3.Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа, адал достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдері: көрсету,түсіндіру,айту,сұрақ-жауап,қайталау,мақтау.
Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады.
Пән аралық байланыс:математика,сөйлеуді дамыту,жапсыру,қоршаған орта.
Сөздік жұмыс:Үйшік
Билингвальді компанент:Ертегі-сказка,үйшік-теремок,қоян-заяц,түлкі-лиса,қасқыр-волк,аю-медведь,бақа-лягушка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Мотивациялық қозғаушылық:
-Балалар шаттық шеңберіне тұрып,қонақтармен амандасады.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп апайды қарашы
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме апайлар!
2.Ұйымдастырушылық –ізденістік:
-Балалар біз өткен сабақта не өттік,қане есімізге түсірейікші.-Шалқан ертегісін өттік
-Ертегідегі шалқанды кім екті? -Ата
-Әжесі көмекке кімді шақырды? -Немере қызын
-Шалқанды тартуға ең соңғы көмекке не келді? -Тышқан
Дұрыс, балалар, сендер жақсы жауап бердіңдер.
-Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-«Шалқан» , «Мақта қызбен мысық», «Жеті лақ», «Шұбар тауық», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі, «Үш аю», «Етік киген мысық», «Үйшік»ертегісі.
-Жақсы балалар,сендер ертегілерді біледі екенсіңдер.Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат» деп аталады.
Таңғажайып сәт:Есік қағылып топқа хатшы хат әкеліп береді.
-Балалар бізге ертегі ханшайымынан хат келіпті,мен сендерге оқып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Мен ертегі әлемінің Ханшайымымын.Менің әлеміме жету үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек.
-Балалар сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?-Дайынбыз.
-Олай болса балалар,бәріміз сиқырлы кілемге отырып,ертегілер еліне сапарға шығайық.(Әуен орындалады).
Қуаныш пен қызықтан арылмайық,
Жүгіріп,секіруден жаңылмайық.
«Үйшік» деп аталатын ертегіде,
Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.
Ол үшін біз балалар «Үйшік» ертегісін сахналауымыз керек.
– Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен.
1.Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Диқанның тұқымын шашпай кетпейді
Қарыны тоқ,қайғысы жоқ.
Мысық қуса жеткізбейді.
-Ол не? -(тышқан) музыка әуенімен кіреді.
Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
– Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
1-тапсырма: «Қоршаған орта».
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда төрт мезгіл бар:көктем,жаз,күз,қыс.
-Қазір жылдың қай мезгілі,неше айдан тұрады?
-Қазір көктем мезгілі,үш айдан тұрады:Наурыз,сәуір,мамыр.
2. Таңдайы тақылдап,
Шулайтын кім бақылдап.
Бірін-бірімақұлдап.
Ол не? (бақа),бақылдауық бақа келеді.
-Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
-Мен тықырлауық тышқанмын,ал сен кімсің?
-Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан :Кел бірге тұрайық,дос болайық.
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
.2- тапсырмасы: «Жұмбақтар»
1.Үйін жинап ертеңмен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты.
-Бұл қай ертегі? -Мақта қызбен мысық ертегісі.
2.Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тартааламады.
-Бұлқайертегі? -Шалқан ертегісі..
3.Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
-Бұл қай ертегі? -Бауырсақ ертегісі.
Есік ашылып тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа үйшікте тұра бастайды.
3. Орғыған қорқақ,көзі қыли
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
Ол не ? (қоян).Қоян келеді.
-Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
-Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын,ал сен кімсің?
Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын
Кел бірге тұрайық,дос болайық.
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
3-тапсырмасы: «Бауырсақ» ертегісінен кім бауырсақтың өлеңін айтыпбереді.
Әжей қойма қырнаған,Екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған.Пісіріп маймен сылаған.
Суытыпта сынаған,Бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым,Әжейден де құтылдым.
Барлық аңнан құтылу,Қиын емес бұл маған.
Есік ашылып тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян тұра бастайды.
4.Орманда тұрады,өзі бір қу.
Жүргенжеріайғай мен шу.
-Ол не? (түлкі) Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
– Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын,мен қорқақ қоянмын ,ал сен кімсің?
Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай шу күлкінің
Кел бірге тұрайық,дос болайық.
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
4-тапсырма. Сөйлеуді дамыту:«Бұл қай ертегі?».
«Мен кішкентай қызбын,бәрі жақсы көретін әжеме барамын,бәліш апарамын» -бұл қай ертегі? -Қызыл телпек ертегісі.
Есік ашылып тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,сұлу түлкі тұра бастайды.
5.Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні.
Ол не? (қасқыр)
Мен көкжал қасқырмын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын,
Сайларда жортамын.
Сүп-сүйкімді ,кіп-кішкентай үйшікте кім тұрады?
Мен тықырлауық тышқан,мен бақылдауық бақа,мен қорқақ қоян,мен сұлу түлкімін,кел бірге тұрайық дос болайық.
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
5-тапсырма. «Тіл ұстарту жаттығуы»
Балалар қане менімен бірге қайталаймыз.
Қасқыр,жолбарыс,торғай,тырна,қарлығаш,жаңбыр,ұршық,торсық,қар,шар,радио.
Р-Р,ыр-ыр-ыр,ор-ор-ор,ра-ра-ра,ро-ро-ро,ре-ре-ре,ер-ер-ер,ру-ру-ру.
Есік ашылып тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,сұлу тұлкі,көкжал қасқыр тұра бастайды.
Орманнан ,жалпақ даладан,
Бал іздеп жортады.
Кіп-кішкентай арадан,
Үп-үлкен боп қорқады.
Ол не ? – (аю)
– Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
-Мен тықырлауық тышқанмын, мен бақылдауық бақамын,мен қорқақ қоянмын ,мен көкжал қасқырмын,ал сен кімсің?
Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас саламын ойланбай
Кел бірге тұрайық,дос болайық
Сол кезде үйшіктен ғажайып дауыс жауап береді:Менің тапсырмамды орындағандарға үйшік өз есігін ашады !-деген дауыс естіледі.
6-тапсырма: «« Қарапайым математика »
-Бір аптада неше күн бар? -Жеті күн
-Қай ертегіде жеті саны айтылады. –Жеті лақ ертегісінде айтылады.
-Кім жетіге дейін санап,содан соң кері санап береді.
-Кім лақ туралы тақпақ айтып береді?
Шөре-шөре лағым,тентек болма шырағым.
Секеңдемей деміңді ал,Селтеңдемей құлағың.
Аю денесінің үлкендігіне байланысты үйшіктің есігінен сыймай қояды, үйшіктің терезесінен кіруге тырысады,бәрібірде басы кірмей қояды.
Үйшіктің шатырына шығып тұруға тырысады.Шатырына шыға берген кезде үйшікті құлатып қояды.
Қапаланған аю:- Үйшіктеріңді құлатып қойдым, кешіріңдер.
Достары:- Қапаланба достым бәріміз бірге үй салайық.
Бәрі бірге:Біз балдырған баламыз,досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,достар бір – біріне,сенімді боламыз.
Билингвизм:қоян-заяц,бақа-лягушка,қасқыр-волк,түлкі-лиса,аю-медведь.
Сергіту сәті:
Топтық жұмыс:үйшікті жапсыру,
-Балалар үйшікті тұрғызуға көмектесеміз бе?
-Иә.
-Ол үшін балалар,бәріміз үйшікті жабыстырайық.
-Өзін-өзі бағалау:
-Аю:Балалар сендерге көп-көп рахмет!Бүгін сендер тапсырмаларды жақсы
орындап,үйшікті салуға көмектестіңдер.Енді мен достарыммен бірге тұрамын.
Қортынды:-Балалар сендергеертегіұнадыма?
-Орманда не бар екен?
-Үйшіккебіріншіқайаңкелді?
-Тышқаннаңкейінқандайаңкелді?
-Бақаданкейінқандайаңкелді?
-Қояннанкейінқандайаңкелді?
-Түлкіденкейінқандайаңкелді?
-Соңындаүйшіккеқандайаңкелді?
-Аңдараюғаренжіді ме?
-Иә, балалараюөтеүлкенболғандықтанүйшіктібұзыпқойды, бірақаңдараюғаренжігенжоқ.Бізде бір-бірімізге ренжімеуіміз керек,бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек.
-Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, олай болса бізге ғажайып ертегілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін және тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін сыйлық береді.
Ханшайым: Балалар жарайсыңдар, тапсырмаларды тамаша орындап шықтыңдар.
-Ал, енді балалар сиқырлы кілемшеге отырып,балабақшаға оралайық.
Үйге тапсырма:Аңдар туралы тақпақ жаттап келу.

Күтілетін нәтиже.
Біледі: Ертегі кейіпкерлерін тани біледі..
Игереді: Сахналау арқылы мазмұнын игереді.
Меңгереді: Ертегіні зейін қойып тыңдап, кейіпкерлердің көңіл күйін меңгерді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *