Тәуелсіз елім-Қазақстан
МКҚК №4 «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі: Молдабаева Багила Нагашибаевна
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-Қазақстан»
Мақсаты:Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік
беру.Рәміздерді,қастерлеуге үйрету.Өз отанын сүюге,халқымыздың әдет-
ғұрып, салт-дәстүрін сақтап,әрі қарай жалғастыруға,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Құрметті балабақша қызыметкерлері және тәрбиеші ұстаздар.Сіздерді бүгінгі «Қарлығаш»тобының бүлдіршіндері өткізгелі жатқан «Тәуелсіздік елім-Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын.
Көрініс: Әжесі.Е-е-е-е тәуба! Бергеніне шүкір!
Немересі: Әже,әжетай!аспанға салют атып жатыр.Жүріңіз көрейік.
Әжесі: Е-е-е-е,жаратқан бұл қуаныш.Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой.Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіз деген еркіндік,бостандық бақытың балам.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Өткен өмірді еске алсам басым айналады.Аздап тынықсам болды.
Немересі: Әже,жап жарық күнді көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е ол сенің бақытың балам.Тәуелсіздіктің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен сүйінші сұраймын.Алақай сүінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді.
Осы кезде әуен ойналып балалар залға кіреді.
Қуан халхым!
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін
Шарықтайық,шаттанайық тынбайық.
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Тәрбиеші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін отанымның сан ұланы
Енді ағайын,көгінде қалықтасын.
Қазағымның қастерлі-ән ұраны!
Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалады.
Енді сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ажимова Айнұр Раманқұл қызына сөз береміз.
Келесі сөз кезегін балабақша әдіскері Байкубекова Перузаға сөз береміз.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешті. Мыңжылдық тарихы бар.Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16-желтоқсан қазақ жастары орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күні – Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. Ендігі кезекті балалардың әніне кезек берейік.
Хор. «Егемен ел-Қазақстан»
-Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен келген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі – Қайрат, Ләззат, Ерболдың оларға үлкен айып тағылып абақтыға жапты.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді. Зерина
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені
Тәрбиеші:Ерлігіңе қуанам да,сүйсінем
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем
Енді балаларды ортаға тақпақтарын айтуға шақырамыз
Орны ағалардың бізбен толсын Алуа
Сәбилер ағалардың жолын қусын
Аруағы ағалардың ырза болсын.
Орнымыздан тұрып 1минут үнсіздік жариялайық. (1 минут үнсіздікпен еске алайық)
Он алтыншы желтоқсан Жұлдыз
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан
Атамменен барғанмын
Он алтыншы желтоқсан Санжар
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Інжу
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Ән:Қазақстан
Орындайтын:Д.Мейіржан,Жансая,Айжан
Балалар енді мен сендерге сұрақтар қоямын сендер тындап дұрыс жауап беріңдер.
Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан.
Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар:Қазақстан тәуелсіз,егеменді мемлекет.
Еліміздің президенті кім?
Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар:Астана
Астана қандай қала?
Балалар:Астана-бас қала.
Ендігі кезекте балалардың тақпағына береміз.
Мерекеге шығады Медина
Бүкіл халық біліп қой
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік ұлық той
Отан деген Атамекен Аймереке
Отан деген туған жер
Отан-ән,Отан-пана
Қазақстан туған ел!
Әділеттің ұраны. Марлен
Ақиқаттың шырағы
Тыныштықтың нұры боп,
Зор салтанат құрады.
Он алтыншы желтоқсан Бекмұрат
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Бабамыздың арманы Нурила
Осы едіғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Балаларымыздың орындауында би.Тәуелсіздік күні.
Орындайтындар: Алмас,Жоламан,Мейржан,Ерасыл,Әли,Санжар,Жұлдыз,Зарина,Інжу.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер болды.
1.Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президент сайланды.
2.Елтаңбамызды,Туымызды белгіледі.
3.Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
4.1991 жылы қазақ жігіті Тлқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
5.1991 жылы тамызда Семей полигонын жабу туралы жарлық шықты.
6.1992 жылы 2 наурыздан бастап Біріккен ұлттар ұйымының толық құқықты мүшесі.
7.1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға түсті.
Хор:Тәуелсіз ел ұланы.
Ел басымыз жолдайды, Д.Мейіржан
Халқы оны қолдайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Тұрсада биік өр бассын Али
Қазаққа бақыт орнасын
Сексен алтыншы жылғыдай
Желтоқсан желі болмасын!
Әні:Мен елімнің гүлімін
Орындайтын:Марлен,Інжу,Зарина
Тәрбиеші:
Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран,Көк Ту,Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Көк туымды қолыма Жансая
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным
Көк аспанда туларың Жоламан
Желбіреген күн-бұл
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-Бұл
Тәуелсіздің жолында Айжан
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолыңда
Еркіндігім-Ел таңбам
Халықтың ақ тілегі Н.Мейіржан
Ізгіліктің бастауы
Ата заң бұл киелі
Еліміздің бас заңы
Құтты болсын ағайын Алишер
Тәуелсіздік мереке
Тілейміз біз сіздерге
Ырыс бақыт мереке
Би:Қызыл алма Інжу,Жұлдыз,Зарина,Алуа
Бүгін,міне,Егеменді тәуелсіз елдің ұлы мерексін тойладық.Жүзіміз жарқын болып.аспаынымыз ашық болсын деп тілейміз.Әрбір атқан таңдарың арайлы да шуақты болсын дка тәрьие сағатын аяқтаймыз.Сау болыңыздар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718