Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Не дәмді»  ертегісі

Тәрбиеші: Көптлеуова Әлия

Тобы:ортаңғы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не дәмді»  ертегісі

Мақсаты: ертегі мазмұнымен таныстыру, кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі-сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді қалыптастыру.

Қолданылатын технология: мнемотехнология,  триз

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мнемотехнология

Қолданылатын көрнекі – құралдар: үй-жануарларының суреттері, аудио жазба, ертегі бейнежазба,  слайд, луллия шеңбері

Билингвалды компонент:

Дәмді – вкусно -delicious, сиыр-корова-Cow,  ит -собака-dog,  түйе-верблюд-Camel,  жылқы –лощадь -horse,  мысық – кошка- саt,  қой – баран –  sheep

Оқу қызметінің өтілу барысы

Кіріспе

Қонақтармен үш тілде  сәлемдесу.

Саламатсызба! Здравствуйте! Goodmorning!

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?                                                                                                             -Қазір жылдың күз  мезгілі
-Жарайсың, дұрыс айтасың. Ал, енді кім айтады күз мезгілінде неше ай бар?

– Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша.                                                                                                                                      – Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?                                                                                 -Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Айнала сап сары алтындай түске енеді, аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады, үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз.

Өткен оқу қызметімізде сезім мүшелерімен таныстық. Сезім мүшелері 5 топқа бөлінеді екен.

  1. Көру мүшесі – көз
  2. Есту мүшесі – құлақ
  3. Дәм сезу мүшесі – тіл
  4. Иіс сезу мүшесі – мұрын
  5. Сипап сезу мүшесі – тері

Негізгі бөлім:

Ғажайып сәт:

Үй жануарлардың дыбысы  шығады.

  • Балалар бұл ненің дыбысы?
  • Сиыр, қой , жылқы, түйе, мысық, ит
  • Жарайсыңдар,енді бір сөзбен айтқанда не деп атаймыз?
  • Үй жануарлары
  • Жарайсыңдар, балалар!

– Сендер үй жануарлары туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Мақал – мәтел айту

1.жылқы – малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

  1. Ит жеті қазынаның бірі.
  2. сиыр сауған шөлдемес

– Жарайсыңдар, балалар сендер көп мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Ал, сендер үй жануарлары туралы ертегі білесіңдерме?

Олай болса балалар мен сендерге үй жануарлары туралы ертегімен танысамыз. Ендеше экранға назар аударамыз.

Ертегіні тамашалау.

«Не дәмді» ертегісін экраннан тамашалайды.

Ертегі желісі бойынша сұрақ- жауап:

  • Балалар ертегі не туралы екен?
  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар екен?
  • Үй жануарлары не үшін айтысты?
  • Балалар , әр жануарлардың сүйікті асы бар екен. Ал , сендердің сүйікті астарың қандай?
  • Билингвалды компонент: аудио жазбамен жұмыс
  • Дәмді-вкусно-delicious,сиыр-корова-Cow,ит-собака-dog,түйе-верблюд-Camel,жылқы-лощадь-Horse, мысық – кошка- саt, қой – баран – sheep

 

          Тіл ұстарту  жаттығуы

  1. Ие – ие – ие ,

Маң – маң басқан  түйе.

  1. Қы – қы – қы ,

Кісінейді  жылқы.

  1. Ой – ой – ой ,

Қорада тұр қой.

  1. Иыр – иыр – иыр ,

Сүт береді сиыр.

  1. Ық – ық – ық ,

Тышқан жейді  мысық.

 

Енді балалар тыңдаған ертегіміз бойынша үш топта жұмыс жасайық.  Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек  пішіндерін таңдау арқылы топтарға бөлінеміз.

                1-топ . үшбұрыш

2-топ.  төртбұрыш

3-топ.  дөңгелек

Үшбұрышты таңдаған балалар  мнемотехнология әдісі бойынша үй жануарлары туралы  тақпақ жаттайды.

Төртбұрышты таңдаған балалар «Луллия» шеңбері ойыны арқылы  ертегі кейіпкерлерінің сүйікті асын табамыз.

Дөңгелекті таңдаған балалар үй жануарларынан алатын өнім. Құрттың жасалу жолымен танысады.

                              Қорытынды

  • Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық?
  • Ертегі кейіпкерлерінің сүйікті асы қандай?

Дидактикалық ойын:  «Сүйікті асты тап»

Оқу қызметіне жақсы белсене қатысқан балаларды жұлдызшалармен мадақтау

Балалар, сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады. Сондықтан үй жануарларына қамқор болыңдар.        Балалар орнымыздан тұрып, келген қонақтармен қоштасамыз.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі  келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз

 

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: ертегі кейіпкерлерінің атауларын үш тілде қайталай алады

Түсінеді:   ертегі мазмұнын түсінеді

Қолдана алады: ертегіні сахналайды

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *