Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «Ғ» дыбысымен танысу

Тәрбиеші: Асанова Роза Ақтілеуқызы

Тобы: ересектер

Білім беру саласы: Коммуникация,

Кіріктірілген салалар: Таным, Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Ғ» дыбысымен танысу

Мақсаты: «Ғ» дыбысымен таныстыру. Сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. «Ғ» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, өтілген әріптерді қосып оқуға үйрету. Жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде ұсақ қол моторикасын дамыту. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап, Карл Орф әдісі

Қолданылатын технология: АКТ элементтері, ойын технологиясы

Қолданылатын көкрнекіліктер: слайд, суреттер топтамасы, текшелер, кеспе әріптер, айна, дән, оқу құралдары, АКТ құралдары

Билингвалды компонент: балға-молоток-hammer , қарға-ворона-crow , ғарышкер-космонавт-cosmonaut, ағаш-дерево-tree, сағат-часы- clook

Барысы:

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:  балалар үш тілде орындайды.

Слайдпен жұмыс. АКТ құралында «Сиқырлы кітап» слайд арқылы өтілген А,Т,Н  бекіту:

А) Дыбыстарды атау

Ә)сөздерді талдау

Негізгі бөлім:

Ғажайып сәт: Мобильді телефоннан  хабарлама келеді.

Аудиожазбадан «Үкі» сөйлейді. Жұмбақ қояды.

Экранға назар аударамыз  «Сиқырлы кітаптан»  «Ғ» дыбысы шығады. Сурет бойынша Ғ дыбысы кездесетін сөздерді табу. Ғ дыбысының баспа және жазба түрлерімен таныстыру. Ғ дыбысын ауада жазып үйрету.

Тілдік жұмыс:

  • Келіңдер «Ғ» дыбысын айнаға қарап айтайық.

«Ғ» дыбысның айтылуын айнадан қарап, балалар  тақтада кескін суреттерімен танысады. Дыбысты айту кезінде тілдің ауыз қуысында кедергіге ұшырап тұрғанын байқайды.

  • Ендеше ол қандай дыбыс?
  • Дауыссыз дыбыс. Көк текешемен белгілейміз. «Ғ» дыбысымен танысып, оның неге ұқсайтынын айтады.

Дидактикалық ойын:  «Сөз ойла, тез ойла».

Шарты: берілген суреттерден «Ғ» дыбысынан келетін сөздерді  табады және «Ғ» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін  кездесетінін анықтайды..

Тіл ұстарту жаттығуы

Ға, ға , ға

Атамда бар балға.

Ғы, ғы, ғы

Әкемде бар шалғы.

Ға, ға , ға

Ұшып келді қарға,

Ғы,ғы, ғы,

Жемістердің бағы.

Сергіту сәті

Балалар шеңберге тұрып, музыка әуенімен Карл Орф әдісі арқылы ырғақты қимылдар орындайды.

Нан, аға, ата сөздерін оқыту кеспе әріптерден алып құрату. Жеке буындардан сөз құрап оқиды.

Дәптермен жұмыс. Тапсырманы орындау тәртібімен түсіндіру. Сөздерді буынға бөліп оқыту.

  1. Сөздерді текшелермен белгілеу
  2. Кеспе әріппен сөздер құрау
  3. «Ғ» әріпін жазу

Саусақ жаттығуы. Бұршақ дәндерінен «Ғ» әрпін жасайды. Жұмыс дәптерін жалғастырып аяқтайды.

Қорытынды бөлім: Сұрақ  жауап арқылы жаңа дыбысты бекіту. Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс деген не? дауыссыз дыбыс деген не? «Ғ» дыбысынан келетін сөздерді ата?

Дид.қ ойын: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: Жаңа тақырыпты бекіту, «Ғ» дыбысы бар сөздерді тауып, сөздің қай жерінде кездесетінін айту.

 

Шарты: Суреттер топтамасы ішінен  Ғ дыбысы кездесетін сөздерді тауып , буынға бөледі.

Балаларды мадақтау.  Жақсы қатысқан балаларды жұлдызша беру арқылы оқу қызметін аяқтау.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: «Ғ» дыбысының дауыссыз дыбыс және Ғ дыбысы бар сөздерді;

Түсінеді: әр дыбыстың әріппен таңбалатынын, әр әріпке сәйкес дыбыс болатынын;

Қолданады: Дыбыстарды айту кезінде тілдің қалпын анықтап айтуды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *