Сыйласаң сыйлы боласың

Өзiн-өзi тану сабағы

 

Мектеп_______________Мерзiм____________№_15____

Тақырып: Сыйласаң – сыйлы боласың.

Құндылық: дұрыс іс – әрекет

Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалiм:                      Сынып: 1               Оқушылар саны:

 

 Сабақтың  мақсаты: «Сыйластық» ұғымының мәнін ашу.

Міндеттері:

  – дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

  – дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;

  – достық, сыйластық, туыстық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

 

 Сабақ  барысы:

  Ұйымдастыру  кезеңi.

                              Тыныштық сәті:

 ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

Ресурстар:
  Үй тапсырмасын тексеру:

 61- беттегі сурет бойынша қайсысы сыйластықты білдіретінін әңгімелеп келу.

1.Сыйластық дегеніміз не?

2.Сен сыйласа білесің бе?

3.Сыйластық неден басталады?

 

Сабақ барысын талқылау:
  Әңгiмелеу (сұхбат):

 «Үш ұл» Түркімен ертегісі.

Екі ана құдықтан су тартып тұр екен. Бұлардың қасына тағы бір ана келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қарт кісі де дем алу үшін, таяп кеп отырыпты.

Аналардың біреуі:

– Менің ұлым батыр да, күшті. Күресе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді, – депті.

Екінші ана:

– Менің ұлым ән салғанда – бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді, – депті.

Ал үшінші ана үндемей тұра беріпті.

 – Сен өз ұлың туралы неге бірдеңе айтпайсың? – деп сұрапты екі ана.

– Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелігі жоқ, – деп жауап беріпті үшінші ана.

Аналар шелектерін суға толтырып, үйлеріне қарай беттепті. Әлгі қарт та бұлардың сңынан жүріп отырыпты.

Жолда аналар шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, біраз әңгіме айтыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келіпті. Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып келе жатады. Мұны көрген анасы қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.

Екіншісі өлең айтып, ысқырып келе жатады. Оның анасы да баласының мұнысына шаттанып көңілі өсіпті.

Үшінші бала болса жүгіріп анасының қасына барыпты да:

– Апа, әкел, мен көмектесейін, – деп шешесінің өолындағы су толы шелекті алып, жүре беріпті.

Аналар қартқа бұрылып:

– Қалай, біздің балаларымыз сізге ұнады ма, қария? – деп сұрапты.

– Қайдағы балалар? Мен тек бір – ақ баланы көріп тұрмын,- депті қария.

1.Қарияның жауабын қалай түсінуге болады?

2.Үлкенге құрмет дегенді қалай түсінеміз?

 

 
 Дәйек сөз:

  Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың.

                                                              Халық даналығы

Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды,оларды түсінуге тырысады. Себебі өзін олардың орнына қойып көреді. Ондай адамдар барлық адамдармен тіл табыса алады. Сондықтан да халықта «Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың» деген сөз тараған.

 

 
   Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ребус шешу.

Достық сыйластықтан басталады.

 

 
 Топпен ән айту.

 Болайықшы осындай

              Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова

 

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым – ай!

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

 

 

 
   Үй тапсырмасы:

 «Сыйластық» тақырыбында әңгіме жазып келу.

 

 
    Бағалау:

  Сабаққа белсене қатысқандарыңызға көп рахмет!Бәріңізді өте жақсы деп бағалаймын! Оқушыларға жүрекшелер таратылады.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *