Балалар-ХІХ ғасырдың байлығы

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы, Саудакент ауылы
Тәрбиеші
Батынова Гүлхан Құдайбергеновна

Баланы жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде балалармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез – құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағайы боп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман – жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары – ең алдымен өздерінің ата – аналары.
А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім – тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан – жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Балалардың ата – аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол – бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.
Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан – жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.
Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-бапта “Менің Отаным – Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы” деген жолдардан баста, 1995 жылы 30тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс – тұрысын, мінез – құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым – қатынасын реттейді.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей ата-ананың көрген жақсы өнегенің игілікті өсіп – жетілген балалардың өздері үй болғандығын тіршілігінен байқауға болады. Олар да ата – анасынан сыйластық, сөзге тоқтау, қамқорлық, төзімділік, жылылық сияқты қасиеттерді өз отбасында жалғастыра біледі. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енуінің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Осығын орай жаңадан шыққан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында қарастырылған отбасы стандарты, ата – аналар жұмысының міндеттерімен мазмұны айқындалған, мектепке дейінгі ұйымымен ынтымақтастығы, мектепке дейінгі мекеменің қызметіне ата- ананың кірісу көрсеткіштері көрсетілген. Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасын: мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі оқу – тәрбие үрдісін ешкім жоққа шығармақ емес.
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайды балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым – қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ сезіну, бір – біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата – аналарымен жұмысының мазмұны төмендегідей:
1. Ата – аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б.)
2. Ата – аналарды оқу – тәрбие тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата – аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық, материалдық база база жасауға көмектесу)
3. Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата – аналар комитеті, ата – аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы)
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек. Ата – аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.
Ата – аналармен қарым – қатынас стратегиялары.
Арнайы ұйымдастырылатын жұмыстар:
• Ай сайын өткізілетін ата – аналар жиналыстары.
• Ата – аналар комитетінің ата – аналар жиналыстары.
• Бағдарлама бойынша ата – аналарға арналған конференциялар.
• Белгіленген үлгі бойынша есеп беру.
• Ата – аналар портфолиясымен жұмыс. (жылжымалы папка)
• Жеке кеңестер, шағын топтық кеңес, үйге бару.
Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым қатынас орнатуына іс жүзінде дайындалады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез – құлқан реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата – ананың үгіт – насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі – өнегесі, үйдегі атмосфералық ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез – құлқы, жақсы – жаманды бағалау кезеңдері қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір – қасиет, ар – ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. адамгершілік қасиеттер жататыны, олардың өмірдегі мән – маңызы сараланады. Сонымен бірге отбасында жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудіңорны ерекше. Отбасы балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді айтуға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1. Отбасының этникалық құрама және құрылымы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл – ауқатты, ауылдық және қалалық отбасы.
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды,музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.
4. Отбасының ішкі қатынастары: отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата – аналардың және басқа мүшелерінің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.
Қорыта келе, отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата – ана борышы. Отбасы жоғарыда көрсетіліп отырған белгілердің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *