Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Бөлім:

Бөлім 1А   Визуалды өнер

 

САБАҚ:

Мектеп:Макаров ЖОББМ
Күні: Мұғалім: Қыдырсиқов М.Н.
Сынып: 5 Қатысқандар саны: 12 келмегендер
Сабақтың тақырыбы: Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива
Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары 5.1.1.1

Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

Сабақ мақсаты Индустриалды және қала пейзажы кескіндегі жұмыстардың ассоциативті мағынасын анықтайды және түсіндіреді

Индустриалды және қала пейзажы бойынша орындалған жұмыстардың бейнелі сипатындағы: композициялық шешімін,түсін, пішінін, фактурасын, тепе-теңдігін анықтайды және түсіндіреді

Индустриалды және қала пейзажы жұмыстарында сызықтық перспектива заңдылықтарының қолдануын сипатайды

Жетістік критерийі Индустриалды және қала пейзажы кескіндегі жұмыстардың ассоциативті мағынасын ажыратады

Индустриалды және қала пейзажы бойынша орындалған жұмыстардың бейнелі сипатындағы композициялық шешімін негіздейді.

Индустриалды және қала пейзажы жұмыстарында сызықтық перспектива заңдылықтарының қолдануын түсіндері

Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология:

нүкте, ракурс, нүкте қиылысы, көру, көкжиек сызығы перспектива, сызықтық перспектива, индустриалды пейзаж, қала пейзажы

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:

Сызықтық перспективаның басты ережесі…

Пейзажды бейнелейтін суретшілердің жұмыстарын қарастырғанда…

Индустриалды және қала пейзажы арасындағы айырмашылық…

Персектива-перспектива-Perspective

 

Дағдыландыру құндылықтарды – Топпен жұмыс жасау, бір- бірін тыңдай білу арқылы  құрмет құндылығы қалыптасады;

– Оқушылар бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық құндылық қалыптасады;

Пәнаралық байланыстар Геометрия, география.
Алдыңғы білім

 

Визуалды өнері. жанрлар,пейзаждың негізгі түрлері, ау перспективасы.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *