«Әдептілік шеңбері»

Білім беру саласы: Таным Әлеуметтік.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.  Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әдептілік шеңбері» , (сандарды қайталау).

Мақсаты:

Білімділік: 10-дейін санау қабілеттерін күшейту: реттік санау дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:  Балаларды 10  дейінгі реттік сандарды ауызша тура және кері санау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Монтессори жүйесі бойынша сенсорикалық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларда адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, ұқыптылыққа , зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген

Көрнекі құралдар: 1-10 дейінгі сандар, геометриялық пішіндер, әдептілікке байланысты суреттер.

Әдіс тәсілдері: Көрнекілік әдістер: демонстрациялық үлестірмелі дидактикалық материалдар, түсіндіру, қайталату, еліктеу, жұмыс түрлері; жұптық.

Үштұғырлық::Сәлеметсізбе-здравствуйте,Hello. Бір- один- оne, екі-два, two,

 

Шаттық шеңберіне тұрғызу:

Айда біреу аспанда

Күнде біреу аспанда

Тұратұғын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек

Сенбесеңіз қараңыз

Бір ғана бас

Бір ауыз

Кім байқады?

Кім сезді.

Мықты жандар бір сөзді

Жалғап тұрған жұртыңды

Бәрімізде бір кіндік.

Өте жақсы,қараңдаршы балалар бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті қане келген қонақтармен амандасайық

 

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем беріп баршаға,

Бас иеміз біз.

Тәрбиешінің почтасына  ашық хат келеді.

Тәрбиеші балаларға оқып береді.

Тәрбиеші: – Балалар қараңдаршы мынау не?

  • Бұл хатты бізге Әли деген досымыз жіберіпті, не жазыпты оқып көрейік.

Хатта:

Сәлеметсіңдерме балалар. Менің атым Әли. Менің сендерге хат жазып отырған себебім. Жолдан сыйқырлы шеңбер тауып алдым. Сол сыйқырлы шеңбердің ішінде көптеген тапсырмалар бар екен. Мен оны жалғыз өзім орындай алмадым. Маған осы тапсырмаларды орындауңа көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: Балалар бізге Әли сыйқырлы шеңберінде салып жіберіпті. Әлидің орындай алмаған тасырмаларын орындап көрейікпе. Балалар Әлидің  жіберген  сыйқырлы шеңберінде не жасырылғанын білгілерің келе ме?

Балалар мынау жәй шеңбер емес сыйқырлы шеңбер болған. Бұл сандар сыйқырлы сандар. Ол сандардың сыйқырын білу үшін әр-түрлі тапсырмалар орындау керекпіз.

1 тапсырма:Монтессори құралы. «Пружиналары бар цилиндр»

1ден-5ке дейін тура және кері сана. Әр түрлі нұсқау бойынша санау.

Өте жақсы балалар жарайсыңдар. Бірақ балалар мына сыйқырлы сан ашылмай тұр.

1ден-10  дейін тура және кері сана. Әр түрлі нұсқау бойынша санау. Өте жақсы балалар сендер 1 санының тапсырмасын жақсы орындадыңдар, енді осы санның артында не жасырынғанын көрейікші. Нені көріп тұрсыңдар балалар?

(Ата мен бала амандасып тұрған суретті көреді)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар әдептіліктің бір белгісі ол-сәлемдесу.  Үлкендердің үнемі амандасып жүріңдер.

Балалар біз жаңа қай санның тапсырмасын орындадық?

Енді қай санның тапсырмасына келдік.

2-тапсырма: Балалар екі санның тапсырмасы жұптық жұмыс екен, қазір жұппен жұмыс істейсіңдер, жұппен жұмыс істегенде таласпай достарымызбен ақылдаса отырып істейміз.

Тапсырма: «Санға сәйкес жиын жина» сендердің алдарыңда карточкалар жатыр.

Соны алдарыңа жақындатыңдар. 1 қатарға тарақтар жиынын жинаймыз. 3 қатарға – тіс щеткасын жинаймыз. Балалардың орындаған тапсымаларын талдау.

Балалар сендер 2 санының тапсырмасында жақсы орындадыңдар енді артында не бар екенін көрейік.

Сендер қандай суретті көріп тұрсыңдар?

(Баланың апаға көмектесіп жатқанын көріп тұрмыз).

Дұрыс балалар біз үнемі үлкендерге көмектесіп жүруіміз керек.

Ал енді шеңбердің сыйқырын ашуды жалғастырайық.

3-тапсырма:

«Сергіту жаттығуы» екен балалар бір серігіп алайықпа.

1 дегенде тұрайық

2,3,4 алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Біз жжүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай орнымызды табайық.

-Жақсы балалар, 3 санының артында қандай сурет жасырылған екен.

-қарт кісіге орын беру. (Сурет бойынша сипаттап айту)

4-Тапсырма:

«Мұқият бол». Әуенге дыбысқа сәйкес байланысты жиын жина.

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Мен сендерге әр түрлі іс-қимылмен дыбыстар шығарамын, сендер соны санап мұқият тыңдап жолақшаларға сонша затты орналастырасыңдар.

3 шапалақ

4 қадам

5 ойыншықтың дыбысы.

Жақсы балалар сендер 4 санының тапсырмасында өте жақсы орындап шықтыңдар. 4 санының артында қандай сурет жасырылған екен?

Құстарға ұя жасап жатқан балалардың суреті (Сурет бойынша жұмыс)

5-тапсырма:

Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндермен, цифрларды ажырату.

5 санының артында, ағаш отырғызып жатқан балалардың суреті (Сурет бойынша жұмыс)

Балалар біз тапсырмалардың барлығын орындап біттік. Енді бұл орындаған тапсыраны Әлиге қайта жібердік.

Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?

Сонымен әдепті баланың қандай ережесі жасырылған. Сандарды қайталаумен бірге, әдептілікті үйрендік. Әдептілік шеңберін қарастырдық.

10 тен 1 ге дейін қалай санадық?

«Күн мен бұлт»

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: 1ден 5ке дейінгі сандарды тура және кері санауды, герметриялық пішіндерді ажырата білу.

Нені білді: Тура және кері санауды естеріне түсіреді. Әдептілік туралы біледі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *