Қатынас ыдыстар

Ұзaқ мeрзiмдi жоспaрдың  тaрaуы:

Қысым

Мeктeп:  Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп – интернаты КММ
Күнi: Мұғaлiмнiң aты-жөнi: Б.С Жаркинбекова
Сынып: 7 а Қaтысқaндaр: Қaтыспaғaндaр:
Сaбaқтың тaқырыбы Қатынас ыдыстар
Осы сaбaқтa қолжeткiзiлeтiноқумaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa  сiлтeмe)  7.3.1.6 қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
Сaбaқтың  мaқсaты Бaрлық оқушылaр iстeй aлaды:   Қатынас ыдыстардың қандай ыдыстар екенін білу және мысалдар келтіре алу.

Көптeгeн оқушылaр iстeй aлaды:  Қатынас ыдыстардың формуласын білу,сұйықтың тығыздығымен деңгейін есептей алу. 

Кeйбiр оқушылaр iстeй aлaды:Пішіні әр түрліқатынас ыдыстардағы сұйықтардың деңгейлерін ажыратып айтып бере алу,  өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру.

Бaғaлaу критeрийi 1.      Қатынас ыдыстардың түрлерін біледі

2.       Қатынас ыдыстардағы сұйықтардың деңгейін анықтай алады, есептейді.

3.      Ауырлық күшінің  әсерінен сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйықтың тығыздығы мен баған биіктігіне тәуелді болатындығы жайында біледі.

Тiлдiк мaқсaттaр

 

Оқыту барысында тілдің айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыру.

Пәнге  тән терминдер:

Шәугім-Биіктік-

·         Шайнек-                        

·         Қысым-

·         Құмған-

·         Тығыздық-

Қатынас ыдыстарды практикамен байланыстырады, өз ойларын айта алады, диалогке түседі.

Құндылықтaрғa бaулу

 

 

Физикалық  заңдылықтарды зерттеу барысында индустриаландыру арқылы экономикалық өсуіне жол ашу, бір- бірін құрметтеуге және ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Пәнaрaлық бaйлaныс Математиканың  амалдарын пайдаланып есептер шығарады.
Aлдыңғы білім:  Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы.

 

Жоспaрлaн ғaн уaқыт: Жоспaрлaнғaн жaттығулaр Рeсурстaр
Сaбaқтың бaсы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мини тест

әдісі

Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар дөңгелене орналасып бір- біріне жылы лебіздері мен тілектерін білдіреді.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Топқа біріктіру.Оқушыларға кеспелер таратылады,кеспелердің келесі бетінде құралдардың атауы жазылған.Құралдардың атаулары арқылы 4 топқа бірігеді.

Үй тaпсырмaсын сұрау.(Кім жылдам?әдісі )

1.Зат құрылымының молекулалық теориясының  үш қағидасы қалай тұжырымдалады?

2. Заттың үш агрегаттық күйі қалай аталады және олардың бір – бірінен айырмашылығы қалай түсіндіріледі?

3. Диффузия деп қандай құбылысты айтады?

4. Қысым дегеніміз не?

5. Қысымның өлшем бірлігін ата?

6. Паскаль заңы дегеніміз не?

7. Сұйықтар мен газдардың қабаттарының түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді?

 

Оқушылардан жеке жұмыс алу (тест алу)

1.    «Қысым» ұғымның қандай түріне жатады?

2.    Көлемі өзгермейтін ыдыс ішіндегі газды қыздырады, сонда газ қысымы температурага тәуелді қалай өзгереді?

3.    Сұйықтың белгілі бір деңгейіндегі қысымды түрлі бағытта өлшеген. Қайсы бағытта қысым көп болады?

4.    Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қайсы шамаға тәуелді емес?

5.    Қысымның өлшем бірлігі.

 

Дескриптор:

1Қысымды оның формуласымен өлшем бірліктерін біледі.

2  Сұйықтар мен газдарда болатын қысымды біледі, түсінеді.

 

 

Оқу құрaлдaры,

кеспелер

 

 

 

 

 

 

 

 

AКТ,  тақта.

 

 

 

 

 

Сaбaқтың ортaсы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабаққа түсініктеме жүргізу:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға  тақтадан әртүрлі пішіндегі және үй тұрмысында қолданылып жүрген  қатынас ыдыстардың суреттерін көрсетіп, ойларын білу сабақтың тақырыбын ашу.

а-суреті.

Осы суреттерден не көріп тұрмыз?

не себепті бұл ыдыстардағы сұйықтың деңгейі барлық бөліктерінде бірдей?

Оқушылар: Үй тұрмысындағы ыдыстар.Өйткені қысым барлық ауданға бірдей  түседі т. б.

Дескриптор:

1Қатынас ыдыстары үй тұрмысындағы ыдыстар екенін айтады.

2Сұйықтарда қысым барлық тарапқа бірдей берілетіндігін біледі.

Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

3. Мұғалім: Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады.

а- суретін қарасаңдар ондағы шшайнектің шүмегі оның бетінің деңгейімен бірдей екенін, ә- суретінде оның шүмегі оның ортан белінен ақ келетінін және б- суретінде оның шүмегі оның деңгейінен аса ұзын болса қалай болар еді?- деп сұрақ тудырып оқушылардың ойын тыңдап сабаққа түсініктеме беру.

Ә,б- суреттеріндегі қатынас ыдыстар дұрыс жасалмағанын ажаратып айту, ал в- суретіндегі шайнек дұрыс жасалғанын, одан құйылған су төгілмей дұрыс құйылатынын көруге болады.

Қатынас ыдыстардың жұмыс принципін қарапайым тәжірибемен көрсетуге болады.

б- суреті

Резеңкемен жалғанған екі шыны түтікше алайық.

Осы шыныларды сумен  толтырып, оларды бір- бірімен жоғары- төмен қозғалтып салыстырғанда түтіктегі судың деңгейі өзгермегенін көреміз. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты. Тәжірибеден екі ыдыстағы сұйықтың бағанының бірдей екені көрінді, олай болса олардың қысымдарыда бірдей в- сурет

Б- суретіндегі шыны түтіктің біреуін әр түрлі пішінді түтікпен алмастырып, тәжірибені қайталаймыз. Тәжірибе көрсеткендей  шынының пішіні әртүрлі болсада қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейлері бірдей болатынын көреміз.

Бұдан біз мынадай ережені тұжырымдай аламыз: кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады.

с-суреті

Егер қатынас ыдыстардың әр тармағына әр түрлі сұйық құйсақ онда олардың деңгейлері бірдей болмайды, демек ол сұйықтардың тығыздықтарына байланысты болады қорыта айтқанда: Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

 

4.Есептей білгеннің есебі түгел әдісі

 Тақырыпқа байланысты алған білімдерін бағалау үшін топпен есептер шығарту.

4 топқа төрт түрлі заттар ( кітап, өшіргіш, сіріңке, ағаш білеуше) беріледі. Оқушылар осы заттардың парта бетіне түсіретін қысымын анықтайды(тәжірибе жүргізу арқылы).

Дескриптор:

1.      Есептің берілгенін анықтап жаза алады.

2.      Белгісіз шаманы табады.

3.      Формуланы біледі, қорытып, есептеулер жүргізеді.

 

Смайликтің түстерімен бағалау.

 

 

AКТ,  тақта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

Кері байланыс

«Білім қоржыны» әдісі бойынша керіс байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма: §25оқу.

Сабақта алған

әсерлерін стикерге жазып,қоржын-

дарға  жабыстырады.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *